айырмашылықтары да бар. Деликтік жауапкершілік азаматтық құқықтың өз алдына бөлек
институты болып табылады. Оның өзіндік ерекшеліктері бар,
олар ең алдымен оның
құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – заңды жауапкершіліктің бір түрі. Оған да заңдық
жауапкершіліктің белгілері тән:
- Мемлекеттік мәжбүрлеумен тығыз байланыста;
- Мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен байланысты;
- Іс жүзіндегі негіздеме – құқық бұзушылық болып табылады;
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіне тән ішкі белгілерге ие. Ол қылмыстық
құқықтық, әкімшілік құықтық, тәртіптік жауапкершілікпен қатар жеке өзіне арналған
мақсаттарға ие. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліік субъектілері іс-әрекеттері белгілі бір
азаматтық-құқықтық салдарға әкеліп соғады. Зиян келтіргені үшін (шарттан тыс, деликтік)
жауапкершілік аясында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өндіріп алу танылады.
Азаматтық –құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни, оның қолданылуы құқықтары
мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің не жәбірленушінің атынан талап арыз жазуға
құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандар мүдделеріне зиян
келтірілсе, егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, талап арыз бала тәрбиелеу
мекемелерімен, қамқоршы/қорғаншыларымен, тікелей қорғаншылық
және қамқоршылық
органдарымен не прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын
тұлғаларға
зиян
келтірілген
жағдайларда
азаматтық-құқықтық
жауапкершілік
мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге саырылуы тиіс. Ол үшін қажет жағдайлар заңнамамен
орнығуы керек. Мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын
мемлекеттің құзыретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерге сәйкес, міндетті субъект басқа
субъектінің пайдасына зат (тауар) беруге тиіс екендігін жоққа шығарады,
бірақ бұл
бұзылған құқықтарды қалпына келтіру қажеттілігімен жетеленеді. Міндетті субъектімен
жұмыстар орындау, қызмет көрсету тәжірибеде қолданылмайды және жоққа да
шығарылмайды. Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме осындай мазмұнға барлық
жағдайда емес, тек зиян мүлікке келтірілген жағдайда ие болады. Зиян келтіруден
туындайтын міндеттеме басым жағдайларда субъектілердің абсолюттік құқықтарын
қорғауға бағытталған. Бұл оны тұлғалардың кез келген құқықтарын оларға кез келген
құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау мақсаттарында пайдалануға мүмкіндік береді.
Кейбір
жағдайларда, деликтік міндеттеме құрылымын пайдалана оытрып, тұлға өзінің
нақты бір субъектіге қатысы бар, қатысты құқықтарын да қорғай алады. Бұл, м/ы:
тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жетіспеушілігімен келтірілген зиянды
өндіріп алу кезінде орын алады.
ҚР АК-нің 917-б. сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік не мүліктік емес
игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-ірекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік
және (немесе) мүліктік емес зиянды оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс. Сондай-
ақ заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға
жүктеледі, сонымен қатар өтеудің неғұрлым жоғарғы мөлшері белгіленуі мүмкін екені
ескертіледі. Аталған бап негізінен, зиян келтіруден туындайтын жауапкершіліктің жалпы
негіздерін белгілеу үшін арналғанымен, ол сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын
міндеттеме түсінігінің өзін де анықтау үшін қолданылады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме – бұл зиян келтірушінің не заңнамада аталған
өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке не заңды
тұлғалардың (мемлекеттің не әкімшілік аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын
құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздіктермен) мүліктік
не мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама
нұсқауларынан туындайтын
міндеттеме.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-
құқықтық жауапкершілік және сонымен қатар оның
функциялары да жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялық, айыппұлдық,
тәрбиелік, алдын алушылық деп анықтаймыз. Компенсациялық функция мақсаты ретінде
бұзылған құқықтар мен мүдделерді олрадың бұзылуына тепе-тең түрде қалпына келтіруді
көздейді. Оларға азаматтық-құқықтық жауапкершілік санкцияларын қолдану салдарынан
және сот процестеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатысқандықтан, құқық бұзушылар
белгілі бір тәрбиелік ықпал сезінеді. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір
шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан ұстап қала
алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады. Болашақта зиян келтiру қаупi мұндай
қауiптi тудыратын iс-әрекеттерге тыйым салу туралы талап қоюға негiз бола алады. Егер
келтiрiлген зиян оны келтiрудi жалғастыратын немесе жаңадан зиян келтiру қаупiн
туғызатын кәсiпорынды, ғимаратты пайдаланудың не өзге де
өндiрiстiк қызметтiң
салдарынан болса, сот зиянды өтеуден басқа, жауапкерге тиiстi қызметiн тоқтатуды
мiндеттеуге құқылы. Тиiстi қызметтiң тоқтатылуы қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, сот
оны тоқтату туралы талаптан бас тарта алады. Мұндай қызметтi тоқтатудан бас тарту
жәбiрленушiлердi осы қызметтен келтiрiлген зиянды өтеттiру құқығынан айырмайды (ҚР
АК 918-б. ).
Достарыңызбен бөлісу: