Дәріс кешені модуль. Азаматтық құқықтық міндеттемелер



Pdf көрінісі
бет15/28
Дата19.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#455563
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
дәріс АҚ ерекше бөлім

Әдебиеттер
Арнайы: 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.өзгертулер мен 
толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
1. 1994-ші жылғы 27 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексі. (Жалпы 
бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база 
«ЮРИСТ»,2020ж.. 
2. 1999 –ші жылғы 1-ші шілдедегі Қазақстан республикасының Азаматтық кодексі 
(Ерекше бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
Қосымша: 
Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Гражданское право.,- Алматы 2011. 


15 Тақырып: Мұрагерлік құқық 
Түйінді сөздер: шартміндеттеме, борышқор, несие беруші, үшінші жақтар, легат, 
өсиет т.б. 
Дәрістің мақсаты: Азаматтық құқықтағы мұрагерлік құқықтың ұғымы мен 
кезеңдерін және ерекшеліктерін анықтау, мұрагерлікті қабылдау ережелерін саралау, 
мұрагерлік істі шешудің жалпы тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру. 
Негізгі сұрақтар: 
Азаматтардың меншігіне деген мұрагерліктің түсінігі мен мазмұны. Мұрагерлік 
құқықтың негізгі ұғымдары. Мұрагерліктің түсінігі, мазмұны және түрлері. Мұраға ие 
бола адмайтын азаматтар. Мұрагерлік құқық иемденушіліктің объектілері (мұра құрамы). 
Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет - бір тарапты мәміле, оның жасалу нысаны. Өсиетті 
жою. Легат. Өсиетті орындау. Заң бойынша мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлер. Заң 
бойынша мұрагерліктің тәртібі. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік. Мұрадағы міндетті 
үлес. Мұрагерлікті қорғау. Мұраны алудың тәртібі мен құқықтық салдары. Мұра 
қалдырушының міндеттемелері бойынша несие берушілердің мұрагерлерге қоятын талабы. 
Тезис: 
Мұрагерлiкке байланысты қаншама жылдар бойы ғылыми еңбектер мен зерттеулер 
жүргiзiлсе де, аталған тақырып өз өзектiлiгiн жойған жоқ. Себебi меншiк объектiлерiнiң 
қатарының өсуi және соған қатысты туындайтын сұрақтар бiр орында қалып қойып отырған 
жоқ. 
Азаматтық заңнамада мұрагерлік құқық нормалары деңгейінде әрқайсымызға тиісті 
нормаларды табу қиын. Барлығымыз ерте ме кеш пе мұрагер рөлінде, өкінішке орай, мұраға 
беруші ретінде боламыз. Осыған байланысты мұрагерліктің құқықтық механизмін талқылау 
қызықты болып көрінеді. 
Мұрагерлік – дәстүрлі түрдегі барлық құқықтық жүйелердің ең консервативті және 
тұрақты институты, жеке тұлға құқығын иеленудің маңызды тәсілі болып табылады.Жеке 
меншіктің пайда болуы мұрагерліктің пайда болуына негіз болды. Мұрагерлік 
институтының даму тарихы ғасырлармен өлшенеді – адамда мұраға беруге «бір нәрсе» 
пайда болғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін... Әдебиеттерде мұрагерлік туралы сұрақтарға 
әр түрлі оқулар, мектептер, концепциялар бар. Олардың кейбірін ескере кеткіміз келіп отыр. 
Гуго Гроций – танымал голланд заңгері, халықаралық құқықтың негізін салушылардың бірі 
мұрагерлік туралы құқықтық нормалар табиғат заңдарына, яғни табиғи құқыққа сай болуы 
керек деген қорытынды шығарған. Шарль Монтескье табиғи құқықтың мұрагерлік туралы 
құқыққа ешқандай қатысы жоқ, мұрагерлік туралы құқық нормалары қоғам арқылы өз 
мемлекетіңнің саяси және азаматтық заңдарымен орнатылады деген болатын. Утилитарлық 
мектеп (К. Гельвеций, И. Бентам, Д.Милль және т.б.) құқық нормаларынан адамның еркін 
ұстанымын аңғарды. Сонымен қоса, бұл мектептің оқуларына сәйкес, мұрагерлік туралы 
барлық заңи заңдар жалпы адам қоғамына пайда әкелуі тиіс деген ұстанымнан шығуы 
керек. Неміс философы, идеалист Г. Лейбниц өз мүлкіңді өсиеттау құқығын мәңгілік 
өлместікпен негіздеді. Г. Гегель мұрагерлік құқық негізіне жанұя мүддесінен шығатын 
өнегелі бастау қажет деп санады. Мұрагерлік мүлікті ол барлық жанұя мүшелерінің ортақ 
мүлкі деп қарады. Жанұя басшысы азаматтық айналымда тек жанұя өкілі болып қана 
табылады. Мұрагерлік жанұя шеңберінен шықпайтын заң бойынша мұрагерлік қана дұрыс 

Мұрагерлік құқық қандай болуы керек деген сұраққа идеологтар әр түрлі көзқарас 
айтты. Бірақ та, ең бастысы, оларда ауытқушылық болған жоқ. Бірақ та, ең бастысы, оларда 
ауытқушылық болған жоқ. Олардың барлығы жеке меншіктің атадан-балаға берілуін 
жақтады және олардың ешқайсысы мұрагерліктің қоғамдық мәнін қозғаған жоқ. 


Мұрагерлік құқық қоғам өмірінің экономикалық, саяси және өзге де жағдайларына 
тәуелді дамыды. Мұрагерлік құқықтың бастауы - өндіріс затына жеке меншіктің туындауы. 
Алғашқы құрылыс – адам тарихындағы бірінші қоғамдық – экономикалық формация. 
Ол уақыт өте келе дамуға дейін жеткен матриархатқаауысты. Туыстық бірліктің 
экономикалық негізін күшейту мақсатында дәстүр өлген адам мүлкінің туыстық шеңберден 
шығуына жол бермеді. Өлген адамға тиісті болған мүлік ағайындар арасында бөлінді және, 
көбінесе, ана жағынан туысқандарға көп үлес тиді.Жеке қолдануға арналған біршама бағалы 
заттар оның иесімен бірге көмілді. Егер әйел өлсе, оның мүлкі балалары мен сіңлілеріне 
тиді . 
Құқық ескерткіштерінің алғашқыларының бірі болып – Вавилон заңдары табылды. 
Бұл Хамурапидің тақ құрған кезеңі (б.з.б.1792 – 1750 жж.). Онда өсиет бойынша 
мұрагерлікке тікелей бағыт жоқ, бірақ 165-бапқа сәйкес, әке беру арқылы басқа ұлдарының 
үлесін кеміту тәсілімен ұлының үлесін арттыруға құқылы болды. Оған негіздер жеткілікті 
болған жағдайда әкесі ұлын «кері қайтара» алды, яғни оны мұрагерліктен толық айыра алды 
(168-169- баптар). Хамурапи заңдары ата-аналарының өлімінен кейін мұрагерлікке олардың 
ұлдарының міндетті болуы жағдайын да қарастырды. Мұрагерлік мүлік олардың арасында 
теңдей бөлінді. Бұл жағдайда мұрагерлер күйеуге шығу кезінде берілген қарындастарын 
қамтамасыз етуге міндетті болды. Ұлдары жоқ болған кезде мұрагерлік өлген адамның 
қызына берілді. Өлген адамның әйелі ұлдарымен бірге мұрагерлікті жүзеге асырды. 
Мұрагерлік мүліктен басқа ол өз иелігіне де ие болды. Өлген кісінің немерелері егер әкелері 
мұраның ашылуына дейін жетпегендігі жағдайында ғана мұрагерлікке тартылды. 
Афиныда өсиет бойынша мұрагерлік туралы ең бірінші Солон (б.з.д. VI ғ.). 
заңнамаларында айтылды. Өсиет етуші құқығы мұнда біршама шектелген. Өсиетты тек ұлы 
жоқ еркек қана жүзеге асыра алды. Еркек жынысты ұлы бар әкелер, асырандылар, сонымен 
қатар, әйелдер өсиетты жүзеге асыра алмады. 
Құл иеленушілік кезеңнің мұрагерлік қатынастарын толық реттеу рим құқығында 
көрініс тапқан. Рим құқығы өз дамуында мемлекет кезеңін, империя кезеңін және кейінгі 
империя кезеңін бастан кешірді. Ежелгі гректік мұрагерлік құқықтың салыстырмалы 
реттелгендігі Юстиниан дигестасының XII кестесінде (527-565 жж.), Ульпиниан 
заңнамасында және өзге де қайнар көздерде анық көрінеді. Ежелгі Рим уақытына әр адам 
барлық биологиялық түр сияқты өледі деген шындық тиесілі. Ежелгі гректік мақал momento 
more (өлімді ойла) осының айғағы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет