5. Дәріс тақырыбы: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас
Дәріс жоспары:
1.Отбасындағы қарым-қатынастың бала психологиясына әсері.
2.Жеткіншек жас кезеңіне ену фактісін қабылдаудағы дағдарыс.
Дәрістің мазмұны:
1.Отбасындағы қарым-қатынастың бала психологиясына әсері.
Д.Горборино отбасын « адамзаттық тәжірібенің негізгі бірлігі » ретінде сипаттады. Зерттеулерде ата-ана қатынасы индивид үшін эталон болып табылады. Жеке қасиеттердің тума пайда болуы сияқты, ата-аналардың серіктес таңдауы мен қасиеттіліктері мәселелерін де бала қайталайтын болды.
Ата-ана қатынасы туралы тарихи дамуда олардың балаға деген қатынасын алты түрлі стилге бөліп қарастырған; инфантицидті-баланы өлтіру ( ежелден IV ғасырға дейін б.э.д ); қалдырып кету – баланы бағып-ғағу үшін басқа отбасына береді немесе ширкеуге өткізетін болған ( IV- XVII ғ.ғ ) ; амбивалентті- бала отбасының толық құқылы азаматы болып саналмайды, оның өз қалауынша еркін, дара өсуіне мүмкіндік бермейді, оларды « бейне және соған ұқсас » нәрсеге «жасайды», егер оған көнбесе қатал жаза қолданатын болған (XIV-XVIIғ.ғ); жабысқақ бала ата-анаға жақындау болып өседі оның мінез- құлқы толық шектетіліп, ішкі әлемі бақылауда болады.(XVIIIғ.); cоциализациялау- ата- ана бар күшін баланы дербес өмірге дайындауға және міне- құлқын қалыптастыруға бағыттайды; бала олар үшін тәрбие мен оқыту объектісі болып табылады (XIX-XXғғ.); көмектесуші- ата- ана эмоционалды байланысты балада дұрыс жолға қоя отырып, оның дара ерекшеліктерімен қабілетіне қарай жеке дамуына жағдай туғызады (XXғ. Ортасынан қазіргі уақытқа дейін).
Балаға жас кезінде ата- ана арасындағы қатынас моделі қатты соққы берсе, кейін соны өзі қайталайтынын ж оғарыда айтқан едік. Ғалымдардың зерттеуінше, некеде басқару позициясындағы күрес, талпыныс, қарама- қарсылық көрсету осының нәтижесі болмақ. Бұл дұрыс құбылыс , себебі жеке мағыналық қорда тек өзіне тән тәжрибесі мен ғана жаңа отбасын құруға болады.
Пайда болу – ата-ана махаббатының бір жағдайдан екінші жағдайға көше отырып дамуы мен пісіп жетілуі. Бұл – мүмкін шамамен іске асатын бірлік.
Қалыптасу- ата-ана махаббатының жетілуі мен жаңа түрі әрі жабдықталуы.
Қайта құрылу- ата-ана махаббатында басты бағыт өзгеріп, өзіндік дамуға келеді.Ата-ана махаббатын феноменін ретінде қарастыра отырып, белгілімән беруде оны екі басты сипатқа бөліп қараған.
Отбасының өзара қатнас психологиясы жеке тұлға дамуына тұлға аралық қатнас заңдылығы, ішкі отбасылық қатнастық әсер (тұрақтылығы мен орнықтылығы ). Заңдылық туралы білім отбасымен тәжірибелік жұмыстары жұргізуге мүмкіндік береді. Тұлға аралақ қатнастағы басты шама белгісі рөлдік-беделдік ерекшелігі, психологиялық алшақтығы қатнасты тұрақтылығы, өзгеріске дайындыңы болып табылады .
Отбасы бұл кезеңде екі дағдарысты бастан өткізеді, баланы әлеуметтік орта құрылымына енгізу (мектепке дейінгі мекеме және мектеп), ата-ана бірінші мірте баласының тек өз меншігі емес , оған әсер ететін кең әлуметтік жүйеге тиесілі екенін аңғарады . кейде бала балабақшаға бармайды, ол кезде күтуші сі бала дамуына, әлеуметтенуіне жауапкршілік алады.
Бала үш жасқа келгенде әлеуметтік байланыстың кең болғанын қалайды, сондықтан оны балабақшаға берген дұрыс.(Тайсон Р., Тайсон Ф., 1998) анасынан бөлек «Мен өзім істегім келеді » деп ынталанатын болады. Ал ананың балаға деген қарқындығы жақындығы төмендеп , күйеуіне қайта жақындайды немесе кәсіби жаққа бет бұра бастайды , осы өзгерістерге сай отбасы жауапкершілігі мен қызметін қайта құру қажет. Отбасы мүшелерінің екеуі де кәсіби жұмыста не қолы бос болмаса жаңа келісімге келеді: баланы балабақшаға алып бару; шаруашылық-тұрмыстық деңгей , ерлі –зайыптылардың бұрынғы жағдайы (азық-түлікке бару, тамақ мәзірі, үй тазалығы ) қайта қарауы; демалу өрісі; бос уақыттарын бірге өткізетін жерлер, араласатын достар, көңіл көтеру жақтарын да қарастыру тиіс .
Осы дағдарыстан жағымды өту – ата-ана дайындығынан, баламен кең түрде байланысқа түсе алуынан; даму процесіне қолдау көрсетуінен; отбасы жүйесінің икемділігінен; өзгеріске қарай отбасының қабілеттілігінен, коммуникативті іскерлігінен, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімінен тұрады.
Баланың сыртқы әлеуметтік ортаға бейімделуі қабілеті, отбасы ішілік қатынасқа байланысты болып келеді. Баланың алты жеті жаста мектепке баруы заңды құбылыс. Осы кезде отбасы жүйесінде мәселе туындайды, оның себебі бала үйден гөрі сыртқа бағыныңқы, көп уақыт тыста өтеді (Хейли Дж., 1995). Балада қысым күшейеді, ол ата-ана тәрбиесінің мәнін түсіне бастады.
Ата –ана міндеті- баланың әлеуметтік ортаға бейімделуін, жаңа қоғамдық жағдайдағы қиындықтарға төтеп беруін қадағалау.
Осы жаста анықталатын алғашқы мәселе – баладағы мектеп фобиясы. Егер мектепте ешқандай мәселе туындамаса, онда отбасы жүйесінің симптомы болуы мүмкін. Ата-ана баланың мектепке барып , әлеуметтік ортаға үйренуіне барынша күш салып, тепе-теңдік алуына талпынуы тиіс. Біздің қазақ отбасында көбіне бұл қызметті анасы өз мойнына алатыны белгілі. Егер бала үйде өз талап тілегін тек «қыңырлықпен» орындататын болса, мектепте де өзін дәл солай ұстайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |