Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет13/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.


7. Дәріс тақырыбы: Отбасылық дағдарыс процесін зерттеу әдістері
Дәріс жоспары:
1.Отбасы құрылымын диагностикалау.
2.Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы.
3.«Отбасындағы эмоционалдық қатынасты анықтау» тесті.
Дәрістің мазмұны:
1. Отбасы құрылымын диагностикалау
Отбасылық дағдарыс процесін үйлесімді зерттеу үшін күрделі мақсат-міндеттерді, болжамдарды тәжірибеде байқап қолдану топтамасын іріктеу негізге алынды. Ата- ана мен бала қарым-қатьнасына, отбасы ішкі ахуалын білуге телімелі әдістер - арт терапияның техникаларын алуды жөн көрдік Э.Г. Эйдемиллер (2003) ұсьнған термин «отбасы диагнозы» деп аталған. Отбасы диагнозы — отбасы өмірлік циклінен өтуде қалыпты бөгетке, қиындыққа кіруі мен сақталу жағдайы, отбасы мүшесінің қалыптан тыс дағдарыс бұзылысына уайымдауы жайлы мағлұмат береді.
Отбасы диагнозы отбасы қызметінін бұзылуын анықтай отырып, отбасына психологиялық көмекті жоспарлы бағыттауға мүмкіндік туғызады. Біздің жұмысымыздың құндылығы - отбасы мүшелерінің (диада, триада) келісімімен жүргізілген зерттеу жұмысы тәжірибеде белгілі көрсеткіштерге жетті. Отбасын біріктіру жұмысында аталмыш отбасы тұлғаралың қарым-қатынасқа ерлі-зайыптылар мен бала, ата-ана қатынасын жатқызуға болады
2.Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы
Авторлары: Олсон, Портнер, Лави.
Сауалнама 20 сұрақтан тұрады, екі нұсқа берілген.
Бұл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы мүшелерінің бәріне жүргізуге болады. Сауалнама отбасы мінез- құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы түрінде «дөңгелек модель» етіп қарастырады.
Топтасуы: отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл күйде бір-бірімен байланысуы, оған мынадай көрсеткіштер кіреді: эмоционалды байланыс, отбасылың шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы.
Бейімделуі: отбасы мүшелері стрестік жағдайға қаншалықты икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімді. Оның көрсеткіш белгілері: отбасының көшбасшысы, бақылаушысы, тәртібі, ережесі мен рөлдері.
«Дөңгелек моделі» отбасылың топтасуды төрт деңгейде қарастырады: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу.
Сауалнама жауабын 5 ұпайды шкалада бекіту: ешқашан, сирек, оқтын-оқтын, жиі, барлық уақытта. Бұл әдістеме екі рет қолданылады: біріншіде сіз «шынайы» өміріңізде отбасы мүшелерін қалай бағалайсыз, екіншіде қандай болса деп өзгеруін армандайсыз «идеалы» деңгейінде сауалнама қою.
Бұл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы мүшелерінің бәріне жүргізуге болады. Сауалнама жауабын бекіту 5 ұпайды шкаладан тұрады:
-ешқашан;
-сирек;
-оқтын-оқтын;
-жиі;
-барлық уақытта.
«А» нұсқасы шынайы өмірді бағалап жазу;
«В» нұсқасы идеалды өмірді жазу.
3. «Отбасындағы эмоционалды қатынасты анықтау» тесті
Авторлары: Е. Бене және Д. Антони (1999).
Әдістемелік тест отбасындағы баланың эмоционалды қатынасы мен көзқарасын анықтауға арналады. Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген баланың сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік бар. Баланың қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін білуге болады .
Әдістеменің екі түрі бар:
-4-6 (8) жастағы кіші балалар үшін;
-6-8 (10) жастағы және жеткіншектер үшін.
Кішкентай балалар үшін қатынас келесі мазмұнды
береді:
-баладағы жақсы сезім өзгеден алынатын жағымды сезім ретінде;
-балада жағымсыз сезімнің пайда болуы, өзгеден шығатын күйзелісті қайталау түрінде.
-өзгеге тәуелді;
Үлкен балаларға арналған нұсқасы қатынасты зерттеуге арналады:
-екі түрлі жағымды ңатынастан тұрады: әлсіз және күшті. Әлсіз сезім достықты мақұлдау және қабылдаумен байланысады, ал күшті сезім жыныстың күйзелістен, ол жекелік жыныстың байланыс пен айла-амалдан тұрады;
-екі түрлі жағымсыз қатынас: әлсіз және күшті. Әлсіздігі достыңты қабылдамау мен мақұлдамаудан тұрады, күштілігі кектену мен қастасудан тұрады.
Балаларға 20 фигура беріледі. Онда барлық жастағы адамдардың түрі, мөлшері, көлемі бейнеленген. Тестің әрбір сүрағы бөлек жеке жолаққа жазылған. Балаға осы сөздер кімге арналады соны байңап, сәйкес фигурамен бірге жәшікке салу керектігі тапсырылады.
Кішкентай балаларға арналған түрі.
(баланың аты жазылатын орын)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет