Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
8. Дәріс тақырыбы: Отбасылық кеңес беру - дағдарыстан шығарудың қайнар көзі
Дәріс жоспары:
1.Отбасылық кеңес берудің мақсат-міндеттері.
2.Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері.
Дәрістің мазмұны:
1.Отбасылық кеңес берудің мақсат-міндеттері.
Кеңес беру - бұл бәрінен бұрын жоспарды талқылауға және адамның ниетіне арналған сөйлеу практикасы.
Психологиялық кеңес беру - қазіргі психологияның қолданбалы бөлімі. 1951 жылы АҚШ-та болған ғылыми конференцияда «кеңес беру» термині енгізілді (Ю.В. Меновщиков). Мұның себебі, психологиялық кеңес беруді соматикалық науқас және ауыр психикалық ауруларға көмек көрсету мәселелерімен айналысатын клиникалық психологиядан бөліп алу қажет болды.
«Кеңес беру» сезі латын тілінен аударғанда соnsultare-ақылдасу, қамқор болу, кеңес беру мағынасын білдіреді. Нақтырақ айтқанда, «кеңес беру» кез келген адамның мазалайтын мәселесіне кеңес ұсыну.
Психологиялық кеңес беру - тұлғааралық қатынастағы қиындыққа байланысты психологиялық мәселені шешуге бағытталған адамдармен жүргізілетін тікелей жұмыс. Кеңес берушімен әңгімелесу клиентке мәсе-лесін шешуге және айналадағы адамдармен қатынасын реттеуге көмектеседі (Ю.Е. Алешина).
Психологиялық кеңес беру - психологиялық диагностиканың әдістерін қолдану арқылы пациенттің немесе клиенттің психологиялық күйіне талдау жасау және осы арқылы психологиялық мәселесін шешудің тиімді жолын табуға жол көрсету, жекелік өсуіне, психологиялық мәдениетінің жоғарылауына түрткі болу (В.Д. Менделевич).
Психологиялық кеңес беру - клиенттің мәселелі жағдайын шешуге, ізденісіне кәсіби көмек көрсету (В.Д. Карвасарский).
Психологиялық көмек керсету - клиенттің тиімді өмір сүруіне жағдай тудыратын сезімнің, ойының, әрекетінің өзгеруіне көңіл бөлетін психологиялық процесс.
Психологиялық кеңес беру - клиенттің өзін және айналасындағылармен өзара қатынасын мазалайтын мәселені алдын ала зерттеу негізінде кеңес және нұсқау түрінде тәжірибелік психологиялық көмек көрсету (С.Ю. Головин).
Психологиялық кеңес беру - арнайы ұйымдастырылған әңгіме барысында клиентке мәселенің мәнін түсінуге және оны шешуге бағытталған психологиялық көмек (Г.И. Колесников).
Кеңес берушінің өсуі, оған тапсырыстың молаюы психологиялық қызмет көрсетуде, психологиялық даярлықтан, кәсіби көзқарастан туындайды. Кеңес беру процесс ретінде жоспарлауды, ұйымдастыруды (Дж. Каплан, 1970) қажет етеді.
Дж. Каплан «мәселені шешуде» жаңа ықпал ұсынады, ол психикалық дағды тапшылығы, эмоционалды жетіспеушілік немесе бұрылу дей келе, оның стратегиясы мен әдістемелік негізін зерттеді.
Галлессич кеңес берудің дамуын әлеуметтік тарихи қонтексте қарастырды. Индустрализация мен автоматизациялық жағдай күнделікті өмірді ыңғайлы, жеңіл етті, бірақ қызық парадокс - одан отбасы мен қоғамдық парасаттылық бұзылды дейді. Осыдан барып, 1963 жылдан бастап қоғамдық орталықтар, психикалық саулық туралы зандар қабылдады.
Кеңес берудің дамуына ықпал еткендер психоаналитик 3. Фрейд, француз невропотологі Жанно-Мартен Шарко, австриялық дәрігер физиолог Йозеф Брейер болды. Көп тұжрымдарда (Бардон, 1985; Галлессич, 1991) кеңес беру түрлі мәселелерді шешуде, өмірдегі кездей-соқ жағдайларга дайын болуда шығармашылын технологияларды таңдауға жетелейді делінген.
Кеңес берудің өлшемі - диалогтік қарым-қатынас болып табылады. Диалогтік процесс кеңес алушыға еркіндік қатынас жағдайын туғыза отырып, мәселе күрделілігін түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Диалогті қатынас (М.М. Бахтин, 1975) гуманитарлы ғылымның фундаментальді ұғымы ретінде қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |