Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет25/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

5. Валюталық операциялар
«Валюталық операциялар» түсінігінің маңызы мен мазмұнын ашып көрсету үшін аталмыш тақырыптың негізгі, басты терминдеріне анықтама беру қажет. Ең алдымен, бұл шетел валютасы болып табылады. Шетел валютасы өзіне, айналымдағы және тиісті мемлекеттегі заңды төлем құралы болып саналатын банкнот, қазынашылық билеттер, металдар түріндегі ақша белгілерін; шет мемлекеттердің ақша бірліктеріндегі және халықаралық немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаржыларды енгізеді.
Валюталық операциялар түрінде меншік құнының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуімен байланысты операцияларды оның ішінде төлем құралы түрінде шетел валюталары мен шет ел төлем құжаттарын пайдаланумен; халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты операцияларды түсіну көзделеді.
Валюталық операциялар процесінде арақатынасы банктің валюталық позициясын айқындайтын шетел валютасына банктердің белгілі бір талаптары мен міндеттемелері пайда болады.
Егер талаптар мен міндеттемелер сәйкес келетін болса, онда валюталық позиция жабық болып саналады, егер талаптар мен міндеттемелердің теңсіздігі өмір сүретін болса, онда банкте ашық позиция пайда болады.
Егер валюта сату бойынша талап міндеттемеден артып кетсе ашық валюта позициясы ұзақ (ұзын) болып саналады және егер, міндеттеме талаптан артып кететін болса, онда қысқа болады. Ашық валюта позициясы валюта тәуекелімен байланысты және банктерге немесе фирмаларға қосымша пайда әкелумен қатар шығынға да батыруы мүмкін.
Қолма қол валюта операциялары, негізінен, «спот» жағдайында жүзеге асырылады. Бұл – келісім жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күніне жүзеге асырылатын есеп айырысуларға валюталарды тез арада жеткізу операциясы. Тез жеткізілетін («спот») валюта операциялары барлық валюталық келісімдердің шамамен 90%-ын құрайды. «Спот» жағдайындағы операцияларды жүргізу кезінде банк клиенттерінің шетел валютасына қажеттіліктерін қамтамасыз ету, капиталдың бір валютадан екінші валютаға құйылуы, пайда алу мақсатында арбитраждық (төрелік) келісімдер мен операцияларды жүргізу оның негізгі мақсаттары болып саналады.
Келісім жасаған күнгі бағам бойынша болашақта жеткізу және есеп айырысу арқылы валюталарды сатып алу-сату жедел (шұғыл) келісімдер деп аталады. Әдетте, олар бағамдардың (курстардың) өзгеруінен сақтандыру үшін немесе алыпсатарлықпен алынған пайданы болдырмау үшін қолданылады. Валюталық операциялардың келесі түрлері «форвард», «фъючерстік операциялар», «опцион», «своп», «арбитраж» жедел операцияларға жатады.
Жедел банкаралық келісімдер «форвард» атауын алған. Келісім жасау мезетінде валютаның бағамы, мерзімі және сомасы белгіленеді, сонымен бірге мерзімі келгенге дейін (әдетте – 1-6 ай) шоттар бойынша ешқандай сома өткізілмейді. Негізінен, банктердің көпшілігі олардың шоттарында әріптестерінің белгілі сомаларының болғандығын (ақшамен қамтамасыз ету талап етілмесе де және келісім (мәміле) кез келген көлемде болуы мүмкін болса да) артық көреді.
Жедел келісімдердің (мәмілелердің) ерекшеліктеріне мәміле жасау күні мен мәміле орындау арасындағы уақыт интервалының өмір сүретіндігін жатқызуға болады және осыған орай валюта бағамы келісім жасау күніне анықталады.
Жедел мәмілелерді (келісімдерді) – конверсиялық, сақтандыру және алыпсатарлыққа бөліп қарау қабылданған, сонымен бірге мұндай бөлу жеткілікті шекте шартты болып саналады. Бұл мәмілелердің әрбірінде дерлік алыпсатарлықтың элементтері бар деуге болады.
Контракт жасау кезінде ұлттық және шетел валюта бағамдарының, төлем валюталарының өзгеру мүмкіндіктері ескеріледі.
«Форвардтық» мәмілелер алыпсатарлық операцияларды жүргізу үшін ыңғайлы құрал болып саналады, өйткені мұндай операциялар үшін қандай да бір өтімді құралдарға ие болу міндетті болып саналмайды.
Жедел алыпсатарлық мәмілелер үлкен пайда да әкелуі мүмкін, сол сияқты үлкен шығынға да батыруы мүмкін, тіпті бірқатар жағдайларда банктерді немесе фирмаларды банкроттық жағдайларға да ұшыратады.
Валюталық фъючерстер қазіргі уақытта келесідей биржаларда: Сингапур Халықаралық ақша биржасында (SIME), Лондон Халықаралық қаржы фъючерстерінің биржасында (LIFFE) және Чикагодағы Халықаралық ақша рыногында (IMM) жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет