Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет26/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Бақылау сұрақтары:

  1. Лизинг мәміленің мәні

  2. Факторинг операциясы негізгі элементтері

  3. Форфейтинг мәмілесінің мәні



Әдебиеттер: Н:1-5 .Қ: 1-6


Тақырып 10. Банк тәуекелдері
Мақсаты: «Банк тәуекелдері» түсінігін зерделеу, банк ісіндегі тәуекелдің пайда болуына әсер ететін тәуекелдер мен факторлардың күрделі сипатын ашып көрсету аталмыш тараудың басты мақсаты болып саналады.
Жоспар:
1. Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктеуі
2. Банк тәуекелдерінің түрлері
3. Сыртқы тәуекелдер
4. Ішкі тәуекелдер
5. Банк тәуекелдерін басқару және оларды азайту тәсілдері

1.Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктеуі


Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.


Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.
Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.
Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларының өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысыраптар қауіпі қаржы тәуекелдерін білдіреді.
Тәуекел – бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жағдайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.
Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пайда болуы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстық операциялардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты қажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Сондықтан, біріншіден, кез келген өндіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады және бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменін таңдайды, екіншіден, іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.
Егер:
проблемалар күтпеген жерден туындайтын болса;
банктің бұрынғы тәжірибесіне сәйкес келмейтін (коммерциялық банктер институты жаңа ғана даму ала бастаған біздің жағдайымызда әсіресе өзекті) алдыға жаңа міндеттер қойылған болса;
басшылық қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін (қажетті және қосымша пайда алу мүмкіндіктерін нашарлататын) қажетті және жедел шаралар қабылдау жағдайында емес болғанда;
банк қызметінің тәртібі немесе заңдардың жетілдірілмегендігі нақты жағдайлар үшін кейбір оңтайлы шешімдер қабылдауға кедергі келтіретін болса, тәуекел деңгейі арта түседі.
Банк операцияларының түгеліне жуық түрлері тәуекел жағдайында болады. Өткен кезеңдегі Қазақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:

  1. көптеген ұйымдардың өндірістік құлдырауы және қаржылық тұрақсыздығымен, бірсыпыра шаруашылық байланыстарының жойылуымен байланысты экономиканың дағдарысты жағдайы;

  2. Банк жүйелерін құрудың аяқталмаушылығы;

  3. кейбір негізгі заң актілерінің жоқтығы немесе жетілдірілмегендігі, база мен нақты ахуал арасындағы сәйкессіздік;

  4. инфляция.

Бұл жағдайлар туындайтын банк тәуекелдері мен оларды зерттеу әдістеріне түбегейлі өзгерістер енгізеді. Дегенмен, аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауы мен олардың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проблемалардың болуын жоққа шығармайды.
Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі ауытқушылықтардан пайда болады. Бұл ауытқулар оң және теріс болуы мүмкін.
Тәуекел – бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:
Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.
Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.
Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қателік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше түсіндіріледі.
Теорияға сәйкес, тәуекелге мыналар тән болып саналады:

  • белгісіздік;

  • баламалықты таңдаудың қажеттілігі;

  • баламалықты жүзеге асырудың ықтималдылығын бағалау мүмкіндігі.

Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел ету жағдайында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды. Соған сәйкес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.
Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік сияқты белгілермен сипатталады.
Қарамақайшылық мынадай жағдайларда көрінеді. Біріншіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеушілікке әкеледі.
Баламалылық екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау нұсқасын таңдауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.
Белгісіздік – бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.
Тәуекелдің – субъективті және объективті екі тұжырымдамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы немесе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъективті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен болуы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұсқаларын таңдауына негізделетін тұжырымда болып саналады.
Сонымен, шығындардың (тәуекелдердің) болу мүмкіндігі күні бұрын қаралғанда (ара салмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайда алуға болады. Сондықтан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономикалық тәуекел проблемаларына маңызды түрде назар аударылуы тиіс. Солардың ішіндегі негізгілеріне банк тәуекелдерінің жіктеуі, банктердің, жекелеген қарыз алушылардың, кәсіпорындар топтарының, салалардың экономикалық, саяси және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі баға берулері жатады.
Банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қаланған неғұрлым маңызды элементтерге мыналар жатады:

  1. коммерциялық банктің үлгісі (типі) немесе түрі;

  2. клиенттердің құрамы;

  3. банк тәуекелдерінің пайда болуы немесе әсер ету аясы;

  4. тәуекелдерді есептеу әдісі;

  5. банк тәуекелінің дәрежесі;

  6. тәуекелдерді уақыттар бойынша бөлу;

  7. тәуекел есебінің сипаты;

  8. банк тәуекелдерін басқару мүмкіндігі.

Тәуекелдер уақыт бойынша ретроспективті ағымдағы және болашақтағы болып бөлінеді.
Ретроспективті тәуекелдердің сипатына және оларды төмендету тәсілдеріне талдау жасау ағымдағы және болашақтағы тәуекелдерді неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді.
Банк тәуекелдерін дәрежесі (деңгейі) бойынша төменгі, баяу және толыққа бөлуге болады.
Банктер өз қызметтерін жүргізу процесінде пайда болған жерлері, олардың деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығы бойынша бірінен-бірі өзгешеленетін тәуекелдердің әртүрлі жиынтығымен бетпе-бет келеді. Сондай-ақ тәуекелдердің барлық түрлері өзарабайланысты және банктердің қызметіне өзіндік әсерін тигізеді. Тәуекелдің бір түрінің өзгеруі қалған барлық түрлерінің түгелге жуығының өзгеруін туғызады. Осылардың барлығы табиғи түрде нақты тәуекел деңгейін талдау әдістерін таңдау мен оны оңтайландыру бойынша шешім қабылдауды қиындатады, көптеген өзге тәуекел факторларына тереңдете талдау жасауға әкеледі. Сондықтан да олардың деңгейін талдаудың нақты әдістерін таңдау мен оңтайлы факторларды іріктеп алу өте маңызды болып саналады.
Банк тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген жіктеу элементтері аса маңызды және өзіндік сипаты бар болып саналады. Енді әрбір элементті қысқаша жеке-жеке қарастырып көрсек.
1. Банк тәуекелінің үлгісі (типі) немесе түрі. Мамандандырылған, салалық, әмбебап коммерциялық банктер тәуекелдердің әртүрлі жиынына ие, осыған орай, егер бұл инновациялық банк болатын болса, онда тәуекелдің жоғарылығы жаңа технологияларға несие берумен байланысты болады. Салалық банк – нақты салалардағы тәуекелдерге ие кәсіпорындар, ал холдингтік банктер бағалы қағаздармен операциялар жасауда тәуекелдерге кездеседі. Әмбебап коммерциялық банктер сан алуан операциялар жүргізу арқылы кез келген тәуекелге барады, дегенмен бір операциялардан пайда болған өзінің шығындарын келесі бір операциялардың кірістерімен жабуға аталмыш банктердің үлкен мүмкіндіктері бар.
2. Клиенттердің құрамы және тәуекелдердің туындауы. Қарыз алушыларға бөлек-бөлек берілген шағын және ірі несиелер банк тәуекелдеріне әртүрліше әсер етеді. Ұсақ қарыз алушылар экономикадағы кездейсоқтыққа көбірек тәуелді немесе бір саланың, аймақтың, елдің бір немесе қарыз алушылар тобына берілетін ірі несиелері өтімдікке, несиелерді банкке қайтаруға, қарыз алушыларды таңдауға күшті әсер етуі мүмкін. Олардың несие қабілеттілігін анықтау, өз клиенттерінің қаржылық тұрақтылығын бақылау банктер менеджментінің маңызды қызметі болып саналады. Бір қарыз алушының (топтың) берешек көрсеткіші банк үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген пруденциалды нормативке жатады.
3. Банк тәуекелдерінің туындау аясы мен оның әсері. Тәуекелдердің туындау аясы үш топ арқылы берілген: ел (елдердің) тәуекелі; банктің өзінің қаржылық сенімділік тәуекелі (капиталдың жетіспеушілігі, өтімдік тепе-теңдігінің сақталмауы, міндетті резервтердің жеткіліксіздігі); операциялардың жекелеген түрлерінің тәуекелі – бұл уақытында төлемеу, қайтармау тәуекелі, банк кепілдіктерінің тәуекелі.
4. Банк тәуекелдерін есептеу әдісі бойынша. Нарықтық экономика жағдайында елдің Орталық банкі (Ұлттық банкі) коммерциялық банктер үшін өтімдік нормативтерін әзірлейді және белгілейді. Тәуекелдерді есептеу әдістері кешенді (банк тәуекелдерінің мөлшерін бағалау және болжау, өтімдіктің бүкіл нормативтерін сақтау кезінде), тәуекел банк операцияларының жекелеген немесе топтары бойынша тәуекел коэффициенттерінің шкалаларын құруға негізделетін жеке тәуекел болады.
5. Тәуекелді салмақтау (өлшеп көру) дәрежесі. Банк тәуекелінің дәрежесі банктің аталмыш операциялар бойынша қаржы шығындарына әкелетін ықтималдылығымен сипатталады және пайыздармен немесе нақты коэффициенттермен көрсетіледі. Активтердің әрбір тобына тәуекел дәрежесін төмендететін түзету коэффициенттері беріледі. Кепілдік беру мүмкіндіктеріне қатысты сол, бір тәуекелдің өзі тәуекелді салмақтаудың (өлшеудің) әртүрлі дәрежесіне ие болуы мүмкін.
6. Операциялар мен тәуекелдерді есепке алу сипаты. Бұл баланстық және балансқа кірмейтін операциялар бойынша тәуекел.
7. Банк тәуекелдерін басқару мүмкіндіктері. Бұл жерде тәуекелдер реттеуге мүлде жатпайтын ашық тәуекелдер мен реттелетін, ол бойынша шектеулер енгізілетін жабық тәуекелдерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет