Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет28/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

3. Сыртқы тәуекелдер

Коммерциялық сыртқы тәуекелдер еларалық, валюталық және кездейсоқ апаттар тәуекелдері болуы мүмкін (форс-мажорлық жағдаяттар).


Еларалық (страновые) тәуекелдер банктер мен мекемелер (бірлескен банктер - БББ) қызметін интернационалдандырумен, ғаламдық тәуекелдердің болуымен тікелей байланысты және клиент-елдердің немесе контрагент-елдердің, импорттаушылар мен экспорттаушылардың саяси-экономикалық тұрақтылықтарына қатысты болады. Олар шетел капиталының қатысуымен (бірлескен банктердің – БББ) құрылған барлық банктер мен негізгі лицензиясы бар банк мекемелері үшін маңызды саналады. Банк басшылығының жіберетін негізгі қателіктері шетел контрагентінің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты болады. Тұрақты түрде жариялап отыратын БЕРИ индексі еларалық тәуекел деңгейін талдаудың ұсынылатын тәсілдерінің бірі саналады. Оның көмегімен еларалық тәуекел деңгейі күні бұрын анықталады.
Еларалық тәуекел белгілі ел валютасының өзге бір ел валютасына еркін аударылу тәуекеліне, трансферт тәуекеліне немесе төлем мораториі тәуекелдеріне негізделіп құрылымданады.
Еларалық тәуекел деңгейін талдаудың бірегей әдістемесін Швейцарияның банк корпорациясы қолданады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ еларалық тәуекел дәрежесін анықтаумен айналысуға өкілеттік алған банктер мен банк мекемелерінің қызметі қызметтік тұрғыдан алдыңғы шептік және штабтық болып бөлінеді. Алдыңғы шептегілер ең маңызды бағалар беруді жинаумен айналыса отырып, сонымен бір мезгілде штабтық банк мекемелері сияқты нақты мемлекет немесе аймақтың экономикалық-саяси тәуекел жағдайларына тәуелсіз ғылыми болжамдар жасады. Одан кейінгі уақыттарда бұл зерттеулер тұрақты сипатқа ие болып, стандарттық үлгілер бойынша ресімделе бастады.
Шамамен 1980 жылы Швейцарияның банк корпорациясының экономикалық банк бөлімі еларалық тәуекел деңгейін анықтаудың жаңа, жүйеленген және дәл де айқын мөлшерленген қағидаларын жасады. Бұл қағидалар постулатқа негізделді, оның есебін әрбір ел үшін банк несиелерінің жоғары көлемінің деңгейі мен құрылымына қатысты шешім қабылдайтын банктердің жоғары басшыларының қарауына берілетін материалдары пайдалы және жеңіл талданатындай етіп жасауға тиіс болды. Жоғарыда айтылғандардан келесідей негізгі қағидалар шығарылды: еларалық тәуекелді болжау мемлекеттік құрылыстың құрылымдық және сапалық сипаттамаларын талдауға, сондай-ақ сандық деректер мен арасалмақты зерттеуге негізделген көрсеткіштерге сүйенуі тиіс; жағдайдың жоғары тәуекелділігі туралы қорытындылардың себептері толық түсінікті болуға тиісті. Талдаудың екі үлгісінің (типінің) үйлесуі (сандық және сапалық) дәл және нақты болуы қажет: талдауды жеңілдету және оның тиімділігін арттыру үшін барлық кестелер мен салыстырулар қысқартулардың мағынасын ашып көрсетуі тиіс.
Валюталық тәуекел немесе бағамдық (курстық) шығындар тәуекелі банк операцияларының нарығын интернационалдандырумен, трансұлттық (бірлескен) кәсіпорындар мен банк мекемелерін құрумен және олардың қызметін ұлғайтумен байланысты болады және валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде ақша шығындарының болуы мүмкін екендігін білдіреді.
Валюта тәуекелін басқаруға алғашқы талпыныс өзгермелі бағамдар енгізілген 70-ші жылдардың басынан бастап жүзеге асырыла бастады.
Өзінің тарапынан, валюталық тәуекелдер мынадай түрде құрылымданады:
а) коммерциялық, яғни оның алдында борыштының (кепілдің) өз міндеттемесі бойынша есептесуді қаламайтындығымен немесе мүмкін еместігімен байланысты тәуекелдер;
б) конверсиялық, яғни нақты операциялар бойынша валюталық шығындар тәуекелі. Бұл тәуекелдер нақты мәселелер тәуекеліне негізделіп құрылымданады. Конверсиялық тәуекелдерді азайтудың ең көп таралған әдістері болып мыналар саналады:

  • хеджирлеу, яғни әрбір тәуекел мәмілелер үшін орын толтырған валюталық айқындамалар (позициялар) жасау. Басқалай айтқанда, бір валюталық тәуекел – пайдалар немесе шығындардың – тиісті өзге тәуекелдермен орнын толтыруы болады;

  • екі түрге ие валюталық своп. Біріншісі әртүрлі екі елдегі екі тарап әртүрлі валюталарда көрсетілген, қайтарудың бірдей мерзімдері және тәсілдерімен бір-біріне теңестірілген несиелер береді. Екінші нұсқа – екі банкі арасындағы «спот» ставкасы бойынша валютаны сатып алу немесе сату жәй келісімін білдіреді. Своптың параллель (қатар) несиелерден өзгешелігі өзіне төлем пайыздарын енгізбейді;

  • «Мэтчинг» әдісі деп аталатын актив және пассив бойынша тәуекелдермен өзара есеп айырысу, мұнда валюталардың түсімін оның сыртқа шығу (кету) көлемінен шегеру жолымен банк басшылығы оның мөлшеріне әсер ету мүмкіндігіне ие болады.

Өзге трансұлттық (бірлескен) банктер «кеттинг» әдісін қолданады, ол валюталық мәмілелер санын аса жоғары көлемде қысқартудан көрінеді. Осы мақсатта банк мекемелерінің бүкіл бөлімшелерінің қызметін үйлестіру жоғары деңгейде болуы тиіс.
в) трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелдер баланстардың және шетелдегі филиалдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет