Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет33/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасында ақша аударымдары мен қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру операциялары қашан енгізілді?

  2. Банк шоты дегеніміз не?

  3. Ағымдағы шот дегеніміз не?

  4. Жинақ шотыдегеніміз не?



Әдебиеттер: Н:1-5 .Қ: 1-6
Тақырып 12: Өтімділікті басқару және коммерциялық банктің төлем қабілеттілігі
Сабақтың мақсаты: Коммерциялық банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігін талдау, отандық банктердің активтері мен пассивтерін басқару проблемаларын талдау.
Негізгі сұрақтары:
1. Коммерциялық банктің өтімділігі және оны анықтаушы факторлар.
2. Өтімділікті басқару әдістері

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі. Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігі.


Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

  • банк капиталының базасы;

  • банк активтерінің сапасы;

  • депозиттердің сапасы;

  • сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелділігі;

  • мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;

  • сауатты менеджмент;

  • банктің жоғары дәрежелі беделі.

Банк өтімділігінің сыртқы факторларына мыналар жатады:

  • елдегі жалпы саяси жағдай;

  • бағалы қағаздар нарығының дамуы;

  • банкаралық несие нарығының дамуы;

  • қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;

  • орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігі.

Банктегі қаржы менеджментінің теорияларының біріне өтімділікті басқару теориясы жатады. Өтімділікті басқару теориясы іс-жүзінде коммерциялық банктерді пайда болуымен және дамуымен бірге пайда болған. Бастапқыда банк өтімділігіне қатысты екі көзқарас қалыптасады. Бірінші көзқарас бойынша активтердің құрылымы өздерінің мерзімдеріне қарай пассивтердің құрылымына сәйкес келу қажет болды. Сонымен қатар бұл өз кезегінде банктердің өтімділік үшін белсенді саясат жүргізуге тиістігін талап етті. Осы бір теориялық тұжырым негізінде банктің қаржылық талаптарының мерзімдері мен шамасы бойынша, оның міндеттемелерінің мерзімдері мен өлшемдеріне сәйкес болуы қажет деген «банктің алтын ережесі» қалыптасты.Екінші көзқарас бұл банктің балансының активтері мен пассивтерінің шынымен сәйкес келмейтіндігін тұжырымдады. Бұл көзқарас бойынша кез келген ірі коммерциялық банк қаржы-несие құбылыстарының салдарынан сақтандырылмаған, нақтырақ айтқанда экономикалық дағдарыстардан, банкроттықтан, ссудалар бойынша төлемсіздіктен, несие нарығындағы сұраныс пен ұсыныс конъюнктураларынан және өзге де теңгерімсіз нарықтық қатынастардан. Қазіргі кезде банк активтерін басқару үш әдістемелік бағытқа негізделген.
Біріншісі – коммерциялық банк өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері қысқа мерзімге орналастырылып, сондай-ақ олар уақтылы қайтарылатын болса.
Екіншісі – коммерциялық банк өтімді болуы мүмкін, егер ол өзінің активтерін қолма-қол ақшаларға өзге кредиторлар мен инвесторларға сата алса.
Үшінші – коммерциялық банктің өтімділігін жоспарлауға болады, егер де несиені қайтару кестесін қарыз алушының болашақтағы табысы негізінде құраса.
Осы үш әдістемелік бағытқа активтерді басқарудың үш теориясы сәйкес келеді: коммерциялық ссудалар, ауысымдылық және күтілетін табыс теориялары.
Бастапқы үш теория банктің активін басқарумен тікелей байланысты. Коммерциялық ссудалар теориясының түбірі XVIII ғасырдағы ағылшынның банктік тәжірибесімен байланысты болды. Коммерциялық ссудалар теориясы негізінде банктердің өтімділігін басқару туралы көзқарасты А.Смиттің еңбегінде былай деп береді: «Банк вексель үшін төлемді қарыз алушының қарыз берушіге берген векселін есепке алу кезінде төлейді, кейіннен вексельдегі мерзімнің өтуіне қарай қарыз алушы банкке пайдаланған сомасы мен оған есептелетін пайызын қайтаруға тиіс».
Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше коммерциялық банк өзінің өтімділігін сақтауы үшін ол өзінің активтерін өз уақытында қайтарылатын қысқа мерзімді ссудаларға орналастыруға тиісті. Басқаша айтқанда, банктер тауарлардың өндірушіден тұтынушығы дейінгі қозғалысын қаржыландыруға тиіс деп түсінген. Бұл көзқарас бүгінгі күнгі банктердің тауарлар қорларын немесе айналым қаражаттарын толықтыруға беретін қысқа мерзімдік несиелерін сипаттайды. Аталған теорияның жақтаушылары банктердің сол уақыттардағы даму тарихында, олардың бағалы қағаздарға қаражат салуына, жылжымайтын мүлікті немесе тұтыну тауарларын несиелеуге, ауыл шаруашылығына ұзақ мерзімді несие беруге болмайтындығын айтады.
Коммерциялық ссудалар теориясы АҚШ-та 30 жылдардың аяғына дейін жетекші орын алды. Аталған теорияның негізгі қағидаттары АҚШ-тың ертедегі банктік заңдылықтарында жазылып, олар ФРЖ-нің мүше банктердің вексельдерді қайта есепке алуға қатысты көрініс тапты. Бұл жерде есепке алынатын коммерциялық және ауыл шаруашылық вексельдер, біріншіден, стандартты ауыл шаруашылық немесе өзге де тауарлармен, материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуге тиіс, екіншіден, олардың мерзімдері 90 күннен аспауы тиіс.
Бірақ та коммерциялық ссудалар теориясы, өзінің кемшіліктеріне қарамай бүгінгі күні де өз мағынасын жоғалтқан жоқ. Оның себебі, негізгі құралы коммерциялық вексель болып келетін өтімділікті басқару теориясы бүгінгі күні ауысымдылық теориясымен байланыс табуда.
Ауысымдылық теориясының жақтастарының пікірлері бойынша банк өтімді бола алады, егер оның активін басқа кредиторларға немесе инвесторларға сатса. Егер несиелер мерзімінде қайтарылмаса, онда ссудаларды қамтамасыз етуге берілген тауарлы-материалды құндылықтар нарықта қолма-қол ақшаларға сатылуы мүмкін, сондай-ақ қаражат қажет болған жағдайда Орталық банк қайта есепке алу арқылы банктерді қайта қаржыландыруы мүмкін. Демек жекелеген коммерциялық банк өзінің өтімді қаржаттарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуі үшін үнемі сатып жіберетін активтерін ұстауы тиіс. Сонымен бірге банк жүйесі өтімді болуы үшін, орталық банк банктердің қайта есепке алуға ұсынатын активтерін сатып алуы тиіс.
Ауысымдылық теорияның мәні банк өзінің қысқа мерзімді ресурстары мен талап етілетін міндеттемелері есебінен ұзақ мерзімді активтік операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Мұндай активтік операциялар банкке коммерциялық вексельдерді немесе қазынашылық вексельдерді, облигацияларды және өзге де бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік жасайды. Қысқаша айтқанда аталған теория банктің активтік операцияларында жоғары сапалы бағалы қағаздардың болуын және сол бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет етуін талап етеді.
Күтілетін табыстар теориясына сәйкес банктің өтімділігін қарыз алушылардың болашақтағы табыстарынан түсетін несиені қайтару кестесіне негіздей отырып жоспарлауға болады. Бұл жерде банк өтімділігін басқаруда несиені қамтамасыз ету құралына сенгеннен гөрі, қарыз алушылардың несиені қайтаруынан түсетін табыстың пайдасы жоғары. Сонымен қатар банктер әр түрлі өтелім мерзімі бар бағалы қағаздарды таңдап ала отырып, олардан түсетін табысты да болжай алады. Аталған теория банктің өтімділігіне несиелер мен инвестициялардың өтелу мерзімдері бойынша құрылымын өзгерту арқылы ықпал етуге болатындығын куәландырады. Бұл негізінен қысқа мерзімді ссудалардың ұзақ мерзімді ссудаларға қарағанда, немесе тұтыну несиелердің ипотекалық несиелерге қарағанда біршама өтімді екендігін көрсетеді.
Бұл теория қазіргі кездегі несиенің жекелеген түрлерінің, соның ішінде фирмаларға берілетін қысқа мерзімді несиелердің, тұтыну несиелерінің, жылжымайтын мүлікті кепілге алып берілетін несиелердің дамып отырғандығы мойындайды. Мұндай несиелердің ортақ қасиеті, олар банктің өтімділігін арттырады. Себебі, әр ай сайын негізгі қарыз бен оған есептелетін пайыз ретінде қайтарылатын төлемдерге ие банктің несиелік қоржыны біршама өтімді және олардан түсетін қолма-қол ақшалардың түсімін оңай жоспарлауға болады. Түскен ақшалай қаражаттарды пайдалануға немесе банк өтімділігін қолдау мақсатында әрі қарай инвестициялауға болады.
Бұл теорияның да өзіндік кемшілігі бар, яғни банк өзінің активтерін мерзіміне өзгертетін болса, кейде оның пайыздық табыстары бойынша болжамы тура болмай шығып, ондай жағдайда банк зиян шегуі мүмкін.
Пассивтерді басқару теориясы 60 жылдары АҚШ-та пайда болды. Оның жақтаушыларының көзқарастарынша банктер өтімділік мәселелерін нарықтан қосымша қаражаттар тарту арқылы шешуге болатындағын айтады. Осы теорияны әуелде ірі қаржы орталықтарының жетекші банктері қолдаса қазіргі кезде, оны пайдалануы банктер саны артып отыр. Олардың қатарында біздің отандық банктерімізде баршылық /23, /.
Пассивті басқару теориясы негізінен банктердің салымшылардын және өзге кредиторлардан қосымша қаражаттарды тарту арқылы өздерінің өтімділіктерін сақтау операцияларын сипаттайды. Нақтырақ айтсақ, пассивтерді басқару бұл тартылған қаражаттар құрылымын өзгерту жолымен өтімді қаражаттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру шараларын білдіреді.
Жеке және заңды тұлғалар банктерге өздерінің қаражаттарын сақтауға тырысады, себебі банктер олардың сақталуын, табыстылығын және кез келген уақытта қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Сырттан қаражаттарды тартуда банктер белгілі бір тәуекелге барады. Сол тәуекелді банктің пассивін басқаруда ескеруі қажет. Сонымен қатар пассивтерді басқаруда тартылған ресурстарға жұмсалатын шығыстар мен оларды орналастырудан түсетін табыстардың ара қатынасын ескеруге тиіс.
Банктер пассивтерін басқару арқылы өтімділігін сақтауда займдарға көбірек көңіл бөлуде. Соның ішінде отандық банктер бүгінгі күні шетелден қарыз тартумен әуестенуде. Көбіне олар шетелдік нарықтарға өздерінің бағалы қағаздарын орналастыруды және несие алуды кәсіпке айналдырған.
Сонымен қатар банктер Орталық банктерден немесе банк-корреспонденттерден несие алу арқылы өздерін өтімділігін қолдай алады. Әрине соңғылары банктер үшін қымбат қаражат көздерін сипаттайды. Сондай-ақ ондай қаражаттарды алуға барлық банктердің шамалары келмейді. Ұсақ банктер көбіне ірі банктерден қаражаттарды қарызға алады.
Банктердің пассивтерін басқаруда депозитік қоржынды басқарудың маңызы жоғары. Депозиттік қоржынның тұрақты салымдардан қалыптасуы банктің өтімділігін арттыра түседі. Мұндағы тұрақты салымдарға мерзімді салымдар жатады. Олар мерзімдеріне қарай қысқа, орта және ұзақ болып бөлінеді.
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару теориясы мынадай екі қағидатқа негізделеді:

Мұндай шаралар батыс елдерінде қолданылып келсе, бүгінгі күні біздің ірі банктеріміз де өздерінің акцияларын және өзге де бағалы қағаздарын шетелдің қор нарығына шығару арқылы қаражат тартып, өтімділігіне байланысты мәселелерді шешуге тырысуда.
- коммерциялық банктер Орталық банктерден және өзінің банк-корреспонденттерінен займдар алу арқылы да өтімділігін қамтамасыз ете алады.
Жоғарыда аталған теориялардың арқасында активтерді басқару әдістері, пассивтерді басқару әдістері пайда болып, оларды қазіргі отандық және шетелдік банктер тәжірибесінде қолдана бастады.
Банк активтері мен пассивтерін басқару бұл банктің қаржылық менеджментінің жүйесіндегі маңызды бағыттардың біріне жатады. Банктік қаржылық менеджменті бұл банктегі ақшалай ресурстарды қалыптастыру және орналастыру және ондағы кез болатын тәуекелдерді басқарумен байланысты шараларды білдіреді.
Қаржы менеджментінің прициптерін ғылыми негіздеуде банктің тұрақтылық теориясының маңызы ерекше. Ол теорияның көмегімен банктің тұрақтылығын бағалау және басқару әдістері негізделеді.
Жалпы банктегі қаржы менеджменті мынадай бағыттарды қамтиды:

  • Стратегиялық және ағымдағы жоспарлау;

  • Банктің саясатын қалыптастыру;

  • Банк активін басқару;

  • Пассивтерді басқару;

  • Өтімділікті басқару;

  • Табыстылықты басқару;

  • Активтер мен пассивтерді басқару;

  • Меншікті капиталды басқару;

  • Несиелік портфелді басқару;

  • Инвестциялық портфелді басқару;

  • Тәуекелдерді басқару.

Банктік менеджменттің маңызды бағыттарының біріне банк қызметкерлерін басқару жатады.
Банк қызметкерлерін басқару мыналарды қамтиды:

  • Еңбекті мотивациялау;

  • Банктің ұйымдастырылу құрылымы;

  • Кадрлардарды таңдау;

  • Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі;

  • Еңбек ақы төлеу механизмі және ынталандыру;

  • Ішкі бақылау және аудитті ұйымдастыру;

  • Қызметті өсіру жүйесі;

  • Ұжымдағы қарым-қатынас прициптері.

Банктің менеджментінің мақсаты екі түрлі болады: экономикалық және әлеуметтік. Банктің экономикалық мақсаты – банктің қызметінде жоғары пайда алуды қамтамасыз етуді көздейді. Әрине банктік жоғары деңгейде табыс алуы тек қана банк қызметкерлері үшін емес сондай-ақ клиенттер үшін де пайадалы, яғни ол банктің тұрақтылығын және сенімділігін көрсетеді.
Банктік менеджменттің әлеуметтік мақсаты – банк банктің көрсететін қызметтері мен өнімдерінің клиенттердің қажеттілігін толық қанағаттандыруын қамтамасыз ету. Ол үшін банкті басқару жүйесіне маркетинг қызметі жақсы дамуға тиісті. Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру арқылы банк клиенттердің сұранысына ие банк өнімдерін жасап, олардың бағасын анықтай алады.
Банктік менеджменттік экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына жетуде банктік менеджменттік алдында мынадай міндеттер белгінеді:

  • активтерінің шекті тәуекел деңгейінде банктің пайдалығын басқару;

  • пайданың көлемін оңтайландыру арқылы банктің өтімділігін басқару;

  • банктің тәуекелін басқару әдістемесін жасау арқылы тәуекелдерді басқару;

  • банк қызметкерлерінің барлық потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалану үшін қызметкерлерді басқару.

Банктегі қаржылық менджмент тұрғысынан басқару мынадай құралдарды қамтиды:

  • банк қызметін жоспарлау;

  • банк қызметін талдау;

  • банк қызметін реттеу

  • банк қызметін бақылау;

Банк қызметін жоспарлау банктің болашағын көруге, оның қызметінің ауқымын, саласын және мүмкін болатын нәтижелерін болжауға мүмкіндік береді. Банк қызметіндегі жосарлау процесі екі түрге: стратегиялық және ағымдағы жоспарлауға бөлінеді.
Жоспарлау мынадай сұрақтарды қамтиды:

  • банктің статегиялық мақсаттары мен міндеттерінң мазмұны;

  • банктік және жалпы экономикалық жағдайларға талдау жасау;

  • банк стратегиясын жасау;

  • банк ресурстарын бөлу механимі;

  • жоспарлы көрскеткіштердің орындалуына бақылау жасау нысандары.

Банк менеджментін талдау - банк қызметін қол жеткізген нақты нәтижелерін болжанғандарымен, сондай-ақ өткен мерзімдердегі көрсеткіштермен салыстыру негізінде бағалауды білдіреді. Талдау қорытындылары банктің дамуының оң және теріс жақтарын, шығындарын, пайдаланбаған резервтерін, жоспарлаудағы кемшіліктер мен шешім қабылдаудағы сәтсіздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Банк қызметін талдау банктің балансын талдауға негізделеді. Талдаудың басты бағыттарына мыналар жатады:

  • банк қызметінің көлемдік даму көрсеткіштерін бағалау, соның ішінде: банк активтерін, депозиттерін, меншікті капиталын, несиелерін және пайдасын бағалау. Бағалауды басқа банктердің осындай көрсеткіштерімен салыстыру арқылы банктің банк жүйесіндегі орнын немесе рейтингін анықтауға болады. Бұл талдаудың нәтижелері банктің даму стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.

  • ресурстық базаны бағалау: банктің ресурстарының көлемін, құрылымын және негізгі даму ағымдарын, депозиттердің тұрақты және тұрақсыз бөліктерін анықтайды;

  • банк активтерінің сапасын бағалау: банк активтерінің көлемін, құрылымын, және даму ағымын бағалау арқылы табыс әкелетін және әкелмейтін, тәуекелді және тәуекелсіз, өтімді және өтімсіз активтер құрамын анықтау. Мұндай талдау нәтижесінда банктің несиелік, ивнестициялық, активтерді және пассивтерді басқару саясаты жасалады.

  • қаржылық коэффициенттерді, олардың нормативтік мәндерімен салыстыру арқылы, көрсеткіштердің өзгерісіне ықпал етуші факторларды айқындау, аквтивтер мен пассивтердің мерзімдері мен сомалары бойынша сәйкестік дәрежесін анықтау негізінде банктің өтімділігін бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банктің өтімділігін басқару саласында стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкіндік жасайды.

  • банктің табыстылығы мен пайдалылығын, активтердің тиімділігін, банк табыстары мен шығыстарының құрылымын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді есептеу көмегімен банктің балансының мәліметтері және пайдасы мен зияны туралы есебінің негізінде банктің табыстылығын бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банк табыстылығын басқару саласында саясатын жасауға негіз болып табылады.

  • серіктес-банктердің қызметін талдау және бағалау. Бұл талдаудың нәтижелері банк үшін несиелеу лимиттерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар банктер өз қызметінің өзге де бағыттары бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді, соның ішінде несиелік портфелді, инвестициялық портфелді, клиенттердің несиелік қабілетін, меншікті капитал жеткіліктігін, пайыздық маржаны, жекелеген операциялар мен бөлімшелердің пайдалылығын, өтімділік көрсетіштерін талдайды.
Банк қызметін реттеу және бақылау ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің қоятын талаптары мен нормативтерін орындауға бағытталады.
Банк қызметін реттеу және бақылау екі түрге бөлінеді: сыртқы және ішкі. Сыртқы реттеу және бақылауды ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі жүргізсе, ішкі бақылауды банктегі ішкі аудит қызметін жүзеге асырушылар: Банк кеңесі, тиісті лауазымы бар менеджмерлер, банктің ішкі бақылау қызметі іске асырады.
Ішкі бақылау және реттеудің басты мақсаты – банктік заңдарды, ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің қоятын талаптары мен нормативтерін және ішкі банктің ережелері мен нұсқаулықтарын орындаудағы ауытқуларды, банк қызметіндегі теріс кемшіліктерді анықтап оларды қалпына келтіру шешімдерін қабылдау, инвесторлардың, банктің және оның клиенттерінің мүдделерін қорғау.
Демек, банктік менеджмент бұл банктің тұрақтылығына, ресурстардың табыстылығына және клиенттердің тұрақтылығына қол жеткізу мақсатында тиісті ұйымдастырушылық құрылымдардың банк ресурстарының үздіксіз және уақтылы қозғалысын қаматамасыз етуде қолданылатын басқару шешімдердің жүйесі.
Банктік менеджмент құрылымы банктің сипатына және ұйымдастырылу құрылымына қарай ерекшелінеді. Банктік менеджмент қызметін жүзеге асытын ұйымдастырушылық қызметтерге мыналар жатады:

  • жалпы акционерлер жиналысы;

  • директорлар кеңесі;

  • банк төрағасы;

  • төрағаның орынбасарлары;

  • департамент директорлары;

  • департамент директорының орынбасары;

  • басқарма бастығы;

  • басқарма бастығының орынбасары;

  • бөлім бастығы;

  • Несиелік комитет төрағасы;

  • Активтерді және пассивтерді басқару комитетінің төрағасы;

  • Кадр бөлімін басшысы;

  • Өзге де қызметтер басшылары.



2. Сапалы да тиімді банктік менеджмент тек қана теріс ішкі және сыртқы факторларға қарсы тұрып қоймай, өз кезегінде оларды бейтараптандыру мақсатын жүзеге асыра алады. Сондықтан осындай менеджменттің банкте дұрыс ұйымдастырылуы оның тұрақтылығын нығайта түсіп, қызметінің тиімділігін арттырады. Осыған байланысты банктегі менеджмент қызметін бағалау мәселесі немесе қазіргі қолданылып жүрген банк қызметін бағалау көрсеткіштердің сәйкестігіне қатысты мәселесі туындайды. Ең бастысы банктік менеджменттің кейбір рейтингтік жүйелерде, соның ішінде САМЕL рейтингтік жүйесінде АҚШ-та банктердің жағдайын бағалауда пайдаланатыны белгілі.
Банк менеджменті бағаланатын көрсеткіштерді мынадай санаттарға бөлуге болады:

  • сандық және сапалық (соның ішінде әлеуметтік);

  • объективті және субъективті;

  • формалдық және формалды емес.

Банктік менеджменттің сандық көрсеткіштері банктің мөлшерін, жүргізетін саясатын және мамандануын бағалауда ғана пайдаланады. Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:

  • банк капиталының мөлшері;

  • құрылтайшыларының саны;

  • активтік және пассивтік операциялар көлемі;

  • клиенттерді саны;

  • экономика аясы мен жұмыс саласының саны;

  • жұмыстың жағрафиясы;

  • филиалдық торабының саны;

  • корреспонденттік қатынастар жасайтын банктердің саны;

  • банктік өнімдердің саны және т.б.

Банктік менеджменттің сапалық көрсеткіштерін мынадай топтарға бөлуге болады:

  1. Несиелік мекемеге қатысты қойылатын кәсіби талаптар тұрғысынан банктік менеджменті бағалауға мүмкіндік беретін банктің жағдайы мен қызметін сипаттайтын көрсеткіштер:

  • банк капиталының жеткіліктігі;

  • банк активтерінің сапасы;

  • банктің пайдалылығы;

  • банк өтімділігі;

  • банк операцияларын жүргізу және құжаттарды өңдеу жылдамдығы;

  • ұсынатын банк өнімдерінің кешенділігі;

  • ұсынатын банктік өнімдердің түрлері, сипаты, көлемі және сапасы жағынан клиенттердің сұранысын қанағаттандыру дәрежесі;

  • тәуекелдерді басқару дәрежесі;

  1. Кез келген кәсіпкерлік құрылымға нарық экономикасының тарапына қойылатын нормативтік талаптарға банк қызметкерлерінің сәйкес келуін бағалауға мүмкіндік беретін банктік менеджменттің көрсеткіштері:

  • банк әкімшілігінің құрамы мен біліктілігі (тағайындалған лауазымды қызметі бойынша банк жүйесіндегі тәжірибесінің болуы, бірінің орын бірі алмастыруы, кадрлар резервінің болуы, басқару құрылымының жоғарыдан төменге дейін қадағалау немесе бақылаудың болуы және оның сапалығы және т.б.);

  • банктің ішкі саясаты, соның ішінде кадр саясатына, ішкі бақылау және аудит ережелеріне сәйкес еңбек тәртібінің сақталуы;

  • банк қызметіне байланысты реттеушілік нормалардың орыналуы, заңдардың, нұсқаулықтардың және заңдық күші бар кез келген актілердің сақталуы (банк жүйесінің әр түрлі деңгейіне арналған нормативтердің, шектеулердің және ұсыныстардың сақталуы, өткен уақыттарда банк тарапынан заң бұзушылық пен қаржылық қылмыстардың болмауы, ақпараттың ашықтылығы және т.б.)

  • банк әкімшілігі мен қызметкерлерінің нарық коньюнктурасындағы алдағы уақыттарда мүмкін болар өзгерістерін көре білу және оған уақтылы дұрыс шаралармен жауап беру қабілеті (банктің қызметіне ықпал ететін инфляция, құлдырау, депрессия және т.с.с факторларға қарсы шара қолдануы)

  1. Әлеуметтік көрсеткіштер, соның ішінде:

  • қызметкерлердің еңбекке қатынасы;

  • қызметкерлердің біліктілігі, жауапкершілігі мен еңбегіне сыйлық ақы төлеудың шекті қатынасы;

  • директораттың әлеуметтік адекваттылығы (кәсіби дайындығы, шыншылдығы, міндеттемелерге менімділігі, контрактілерге дайындығы);

  • әлеуметтік мәселелерді шешу дәрежесі.

Қай уақытта банктік менеджмент сапасыз болып табылса, оның арты банктік дағдарысқа ұласып, банктің зиян шегуіне, клиенттердің кетуіне әкеліп соғады. Мұндай менеджментті «мисменеджмент» немесе «нашар менеджмент» деп атайды. Мисменеджмент бұл кемшіліктері көп және заң бұзатын қызметкерлері бар және оларға бақылаудың болмауымен сипатталатын менеджменттің түрі. Мисменеджмент көп жағдайларда банктік менеджменттің бірқатар мектептерінің өкілдерінің басты көңіл аударатын объектісі ретінде қызмет етеді. Экономикадағы қаржы дағдарысы жағдайында мисменеджмент банктің дағдарысын одан әрі өршітіп, банктің құлдырауына тікелей сепебкер болады.
Мисменеджменттің мынадай түрлері болады:

  • техникалық мисменеджмент;

  • косметикалық менеджмент;

  • дағдарыстық (авантюралық) менеджмент;

Техникалық мисменеджмент мынадай жағдайлардан байқалады;

  • банк жаңадан құрылған, яғни енді ғана ұйымдастырлыған және агрессивтік саясат жүргізуі мүмкін, сонымен қатар оның жетекшісінің тәжірибесі жеткіліксіз;

  • банк иелері және жетекшілері ауысады және ол оның саясатының өзгерісіне әкеледі;

  • бұрынан банк жақсы басқарылып келгенмен, кейбір себептерге байланысты банктің жетекшілері нарықтағы мүмкін болатын коньюнктуралық өзгерістерді алдын ала көре білмейді.

Техникалық мисменеджмент бұл банктің дұрыс саясат жүргізбеуімен, ішкі бақылау және аудиттің жеткіліксіздігімен, жоспарлаудың әлсіздігмен және қызметкерлердің біліксіздігімен сипатталады. Техникалық мисменеджменттің теріс салдары болғанымен ол заңға сәйкес жүзеге асырыла береді, бірақ ондай менеджмент банк үшін қауіпті немесе тәуекелді болуы мүмкін.
Косметикалық менеджментте клиенттер тарапынан сенімді жоғалтпау және қолайсыз жағдайдан шығару жолын іздестіру және уақыт ұту мақсатында банк өзінің қызметіне байланысты орын алған өткен және ағымдағы зияндарын жасырады. Кометикалық мисменеджментің мақсаты – есептік құжаттарды банк қызметінің бірқатар көрсеткіштерін өзгеріссіз беру арқылы банкте қалыпты жағдайдың барлығын көрсету. Мұндай жасыруларды күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы резервтерді азайту, активерді қайта бағалау мақсатында банк активтерінің жіктелімі бойынша есеп берулерде пайдаланады. Косметикалық мисменеджмент бұл өзінше тәуекелді күшейтпейді, бірақ онымен күресу шарларын азайтады. Ол сонымен қатар банк клиенттері мен серіктестері үшін өте қауіпті жағдай туғызады.
Дағдарыстық менеджмент – бұл косметикалық мисменеджменттің банктің негізгі көрсеткіштерін жасыра алмай қалу жағдайына байланысты туындайтын менеджмент түрі. Мұндай менеджменттің мақсаты банктің қысқа мерзім ішінде өзінің жағдайын түзетуді көздейді. Мисменеджмент клиенттермен келісім бойынша нарықтық мөлшерлерммден жоғары пайызбен депозит тартып, келісімшарт бұзған қарыз алушылардан жоғары пайыз алу, салым иелеріне қаражаттарын қайтаруды кейінге қалдыру, валюта, бағалы қағаз, жер немесе жылжымайтын мүліктермен байлынысты алып сатарлық операцияларды бірден өсіру сияқты шараларды қамтиды.
Шын мәнісінде техникалық, косметикалық және дағдарыстық мисменеджмент қоғам үшін қауіпті, серіктестер мен клиенттерге, салымшыларға зиян әкелуі мүмкін болғанымен олардың көздеген мақсаттары бір болып келеді.
3. Банк қызметкерлерін басқару ерекшелігі банк ісінің өзіндік ерекшелігімен және ең бастысы банктік қызметкерлердің банктің әр түрлі қызметтерін жүзеге асыруға қажетті кәсіби білімдері мен тәжірибиелерінің болуымен сипатталады. Банктің ұйымдастырылу құрылымына қарай банк қызметкерлерінің қызметі анықталады. Мысалы, бухгалтер-кассир, бухгалтер, шот-менеджері, несиелік эксперт, тәуелсіз бағалаушы, тәуекел-менеджері , заңгер-кеңесші және т.б.
Орындайтын міндерттеріне қарай банк қызметкерлерін жетекшілер және орындаушылар немесе қызмет көрсетушілер деп екіге бөледі.
Жетекшілердің құрамына қойылатын талаптарға мыналар жатады:

  • ұйымдастырушылық қабілетінің болуы;

  • адамдарды басқару тәжіриебесінің болуы;

  • банктің даму болашағын көре білуі;

  • шешім қабылдай білу қабілеті.

Банк клиенттерге қызмет көрсететін мекеме болғандықтан банк қызметкерлерін технологиялық процеске қатысуына қарай екі топқа бөледі:

  • банк клиенттеріне тікелей қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мамандар (Фронт-кеңсе қызметкерлері);

  • банктің барлық құрылымдарында және жалпы өзінде қалыпты жұмыстың жүруін қамтамасыз ететін мамандар (Бэк-кеңсесінің қызметкерлері).

Банктің клиенттерімен жұмыс жасайтын қызметкерлер тек қана кәсіби біліммен ғана емес, қызмет көрсету мәдениетін, банк клиенттерінің психологиясын білуі қажет.
Банкте қызметкерлерді басқару үшін кадр қызметі құрылады. Оның міндеттері мынадай:

  • қызметкерлерді басқарумен байланысты мәселелерді шешу, соының ішінде кадрларды алу, оқуды ұйымдастыру, еңбекке қатысты даулар мен қақтығыстарды шешу, ұжымда қолайлы жағдайды жасау және т.б.;

  • банктің стратегиялық даму жоспарына сәйкес банк қызметкерлерінің даму бағдарламасын және кадр саясатын жасау.

Банк қызметкерлерін басқаруға байланысты кадр қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • болашақтағы және ағымдағы қызметкерлерге деген қажеттілікті жоспарлау;

  • кадрларды таңдау және алу;

  • кадрлар резервтерін қалыптастыру;

  • қызметкерлерді бағалау;

  • қызметкерлерді ынталандыру жүйесін жасау;

  • қызметкерлердің дамуын басқару.

Болашақтағы және ағымдағы қызметкерлерге деген қажеттілікті жоспарлау жалпы қызметкерлер санын жоспарлау және белгілі бір білім деңгейі бар білікті мамандарға деген қажеттілікті жоспарлаудан тұрады.
Қызметкерлердің жалпы санын жоспарлау банктің жұмыс орындарының санына және қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Белгілі бір білім деңгейі бар білікті мамандарға деген қажеттілікті жоспарлау банктің өзінде бар кадрлардың білімін бағалау негізінде банктің міндеттері мен қызметтеріне сай туындайтын қажетті мамандарды жоспарлауды сипаттайды.
Банк қызметкерлеріне қойылатын талаптарға мыналар жатады:

  • банк қызметкерінің біліктілік деңгейі (білімі, мамандығы, біліктілігін арттыру нысаны);

  • білім деңгейі – кәсіби және аралас білімдерді игеруі, яғни банк ісі, шет тілі, бағдарламалау және т.б. мамандықтарының иесі болуы;

  • іскерілік қатынасы, адамдарды басқаруы, талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарында, клиенттермен жұмыс жасауға байлансты тәжірибесінің болуы,

  • аталған мамандығы, аралас мамандықтар бойынша, банк жүйесінде жұмыс тәжірибесінің болуы;

  • тұлғалық-психологиялық сапасы (зияткерлік дейгейі, жұмысқа қабілеттігі, жан-жақтылығы және т.с.с.)

Қызметкерлерді жоспарлау банктің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерінен түсетін өтініштер негізінде жүзеге асады.
Қызметкердерді таңдау және жұмысқа қабылдау құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен бірлесіп жүргізіледі. Кадрларды таңдау екі кезеңнен тұрады: бірінше кезеңде бос орындарға тиісті кандидаттарды іздестіру; екінші кезеңде сәйкес келетін кандидатураны таңдау.
Кадрларды жұмысқа қабылдау мыналардың есебінен жүзеге асады:

  • жоғарғы және орта оқу орындарды сәйкесінше мамандықтар бойынша бітірушілер;

  • өзге банктерде немесе банктік емес ұйымдарда қызмет ететін мамандарды шақыру;

  • өз қызметкерлердің ішінен өзін көрсет білген өсуге және басқа қызметтке лайықты мамандар;

  • еңбек нарығындағы ұйымдардың немесе еңбек биржасының ұсынатын мамандары.

Кандидаттарды бос қызмет орындарына таңдау мынадай кезеңдерді қамтиды:

  • кандидаттармен нотариалды түрде куәландырылған құжаттары (білімі туралы дипломы, еңбек кітапшасы және т.б.) бойынша, өмірбаяны бойынша сырттай танысу. Бұл жерде кандидаттық жұмысты өзгертуіне, алғашқы 5-7 жылдық еңбек стажына және өзгелерге аса мән беріледі;

  • жұмысқа қыбылдау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін толық ақпартты беруші кандидатпен алдын-ала сұқбаттасу. Сұқбаттасу уақтында кандидаттың сұрақтаға тікелей жауап бермеу жағына, кәсіби біліктілігінің жеткіліксіздігін куәландыратын жіберілген кемшіліктеріне көңіл аударылады;

  • кандидаттың жалпы интелектуалдық, кәсіби, басқарушылық және тұлғалық-психологиялық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін кез келген формада тестілеу;

  • ақырғы сұқбаттасу, яғни соның нәтижесінде қосымша туындайтын сұрақтар нақтыланады. Мұндай шара негізінде банк жетекшілерінің қатысумен өткізіледі.

  • жұмысқа алу және жеке еңбек келісімшартын рәсімдеу. Бұл кезең жұмысқа қабылдаудың ақырғы кезеңі және бұл кезеңде жұмысқа қабылданушының жеке ісі рәсімделеді.

Банк қызметкерлерін бағалау кадрлық менеджменттің маңызды бағыттарының біріне жатады. Бағалау технологиясы мынадай бағалау түрлерін қамтиды:

  • қызметкердің кәсіби біліктілігін бағалау, яғни конкурстық негізде жұмысқа қабылдау барысында жүргізіледі;

  • еңбек тәртібін орындауы, яғни ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын банк қызметкерлерінің лауазымдылық нұсқаулықтарын орындауына бақылау үшін пайдаланылады;

  • тұлғалық-психологиялық сапасын бағалау, бұл да жұмысқа қабылдау барысында өткізіледі.

  • оқытудың тиімділігін бағалау, яғни банктің арнай курстарға жіберген қызметкерлерінің оқуын аяқтауына қарай жүзеге асады;

  • қызметкерді кешенді аттестациялау негізінде бағалау, бұл негізінен банк жетекшілерінің шешімдері бойынша банк қызметкерлерінің жұмыс орнына сәйкестік дәрежесін анықтау және банк құрылымының сапасын әрі қарай жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Қызметкерді кешенді аттестациялау төменгі буынның қызметкелер үшін жылына 1 рет, ал жетекшілер мен мамандар үшін 3-5 жылда 1 рет өткізіледі.

Еңбекті ынталандыру банктің қызметінің нәтижесіне ықпал ететін банк қызметкерлерінің еңбектерінің тиімділігі мен сапасын арттыруда маңызды рол атқарады. Еңбек үшін сыйақының негізгі формасы – жалақы болып табылады. Жалақының екі формасы негізгі және қосымша жалақы болып бөлінеді. Негізгі жалақы банктерді кепілденген және кепілденбеген болып бөлінеді. Кепілденетін айлық бұл банк қызметінің нәтижесіне тәуелсіз болып келеді. Кепілденбейтін айлық білгілі бір себептерге байланысты азаяды немесе көбеюі мүмкін. Бұл айлық банктің жетекшілеріне қолданылмайды.
Қосымша жалақы бір мезеттік және тұрақты болуы мүмкін. Банк қызметкерлеріне төлейтін қосымша жалақының негізгі формаларына мыналар жатады:

  • тоқсан сайынғы сыйақылар, банк жетекшілеріне басқаларына төленеді;

  • жетекшілерге арналған арнайы бонус;

  • банктің барлық қызметкерлеріне берілетін жыл қорытындысы бойынша сыйақы;

  • банкке қосымша табыс алуына себеп болған жеклеген банк қызметкерлеріне арналған бір мезеттік сыйақы.

Қосымша жалақының барлық түрлері тек қана материалдық емес, моралдық марапаттау түрінде де болады. Моралдық марапаттау ауызша немес жазбаша формада, қызметін өсіру, біліктілігін арттыру сияқты жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Қызметкерлердің еңбегін ынталандыру мақсатында оларға қосымша демелыс беру қарастырылады. Қосымша демалыс қызметкердің оқуына, іссапарға баруына және т.с.с. беріледі. Сонымен қатар қызметкердің еңбегінің тиімділігін марапаттауға арналған әлеуметтік бағдарламалары болады. Оларға дәргерлік қызметіне, емделуіне, жолдамаға, тамақтануға жұмсалатын шығындарға, көлік шығыстарына, бала-бақшада балаларын ұстау, оларды оқыту және демалу шығыстарына төлеу, банк есебінен сақтандыру және т.с.с. жатады.

  1. «Қаражаттардың ортақ қоры» әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан, активтердің әртүрлі деңгейіне бөлу жатыр.

  2. Өтімділікті басқарудың келесі әдісі – «банктегі банк» әдісі. Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды.

  3. Активтерді басқарудың «ғылыми басқару» әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әртүрлі баптар арасындағы күрделі байланыстарды талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен өте күрделі модельдерді пайланауды ұйғарады.

Шетел тәжірибесінде өтімділікті мынадай екі әдіспен есептейді:

    • Баланстың өтімділігін көрсететін және баланстар бойынша есептелетін қаржылық коэффициенттер негізінде;

    • Сәйкес кезеңдердегі банк балансының активері мен пассивтері бойынша айнымалылардың талдауын ескере отырып, өтімді қаражаттарға потенциалды қажеттілігін анықтау негізінде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет