Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет31/34
Дата28.09.2023
өлшемі167.11 Kb.
#479081
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер

  1. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту.- Алматы 2006.

  2. Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.А., Рахметова Р.С. қазақ тілі. Оқу бағдарламалары. Қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептердің 1-4, 5-9, 10-11 сыныптарына арналған қарапайым және бастапқы деңгей, негізгі деңгей, орта деңгей, ортадан жоғары деңгей.

  3. Нұрғали С. Жоғары оқу орындарына қазақ тілі үстеулерін айтылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесі. – Алматы 2003 – 145б.

Интернет көздері:

  1. Kollegi.kz

  2. http://collegy.ucoz.ru

  3. www.kitaphana.kz

  4. www.kaznpu.kz

  5. www.nachalka.Seminfo.ru

  6. http://nachalka.semonfo.ru



13- тақырып. Тілдесім әрекетін қалыптастырудың әдістемесі
Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Тілдесім бойынша адамдармен толыққанды тілдік қарым-қатынас жасауға, топ алдында сөйлеуге, өз пікірін дәлелдеуге, білім, білік, дағдысын түрлі жағдаяттарда дұрыс қолдануға және т.б. дағдыланады. Диалогтік сөйлеуде білім алушы баяншының ақпаратының мазмұнын түсіну, өткен тақырыптар бойынша пікір алысу, сөйлеушінің репликасына жауап қайтару, диалогті аяқтай білу, өзінің ойын айта білу және т.б. осы тәрізді бірлескен әрекеттерді, жұмыстарды атқарады.
Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні (қысқаша):
Тілдесім – сөйлесім әрекетінің барлық түрін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады. Тілдесім тіл үйренушілерді рухани қарым-қатынасқа жетелейді, тілдесу арқылы олар бір-бірімен ой бөліседі, жөн сұрасудың алғашқы баспалдағын аттайды. Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады. Осы тұрғыдан келгенде, оларды мынадай деп жіктеуге болады: ресми тілдесім, бейресми тілдесім, қалыптасқан тілдесім, кәсіби тілдесім, әлеуметтік тілдесім, дербестік тілдесім
Ресми тілдесім - тіл үйренушілерге ресми қарым-қатынастың элементтерін үйрету, ондағы сөз қолданыстарды, ситуацияларды, ресми материалдарға қатысты меңгерту.
Бейресми тілдесім - окушыларды ресми емес, күңделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, адаммен қарапайым қарым-қатынастың элементтерін білуге үйрету. Бұл - өмірде болатын кез-келген жағдайда таныс болсын, бейтаныс болсын ұшырасқан адаммен тілдесе білу, сөйлесе білу деген сөз.
Қалыптасқан /формальный/ тілдесім - әр адамның өмірдегі өз орына сай бір-бірімен тілдесуі, түсінісуі. Адамдар жастың өсуіне қарай - бала, әке, ана, туыс т.б. тәрізді табиғи кезеңдерден өтеді. Олардың әрқайсысының қалыптасқан өзіндік ролі бар. Адамдардың осындай қарым-қатынасына негізделген сөйлесуді қалыптасқан тілдесім деп атауға болады. Өсе келе әр бала әке не ана болады, аға не әпке болады, бұл - күнделікті адамдық қарым-қатынастың ең негізгі және ең жиі кездесетін үлгілері, адамдар осы тұрғыдан да бір-бірімен тілдесіп, түсінісе білуі занды.
Кәсіби тілдесім - тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Окушылар арасындағы тілдік қатынасты әр түрлі мамандық иелерімен қалай сөйлесіп, тіл табысуға болады, соған қарай құруға тура келеді. Адамның қоғамдағы орнын, беделін, қызметін ескере отырып құрылатын тілдік қарым-қатынас - әлеуметтік тілдесім болып табылады. Мұнда сөйлесуші адамдар бір-бірінің қоғамдағы әлеуметтік роліне, атқарып отырған қызметіне, жасына, жолына қарап тілдеседі. Қазақ тілін үйренушілерге мұны да білудің өмірлік кажеттігі бар.
Дербестік тілдесім - адамның қызметіне, беделіне, әлеуметтік орнына қарамай, жеке басының қасиеттеріне қарай, өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, тілдесу, сөйлесу. Бұл - кісінің жеке адамшылығын, білгірлігін, ақылдылығын танып, оны үйрене білумен қатар жүреді. Дербестік тілдесім -оқытушы мен оқушының тең дәрежеде, бірін-бірі құрметтей, бірінің кісілігін бірі танып тілдесуге мүмкіндік жасайды, тілдік қатынасты арттырады, адамдардың өзара достасуына, түсінісуіне жол ашады. Сондықтан мұңдай тілдесімді меңгерген бүгінгі шәкірт ертең жақсы ұстаз болатындығына сенуге болады.
Тілдесімнің атқаратын функциялары мынадай: әлеуметтік қызмет, танымдық қызмет, мағлұматтық қызмет, қоғамдық не қауымдық қызмет, эмоционалдық қызмет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет