Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет39/44
Дата04.03.2023
өлшемі163.97 Kb.
#470371
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Лекция топтамасы- гыл-2023 (4)

Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі. Алматы.., 2013. 55-60 бет.



13-лекция. БІЛІМ БЕРУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ САПАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адамдардың қатысуымен жүргізілетін білім беру зерттеулері құзыретті органның рұқсатын алуды талап етеді, ол зерттеуге қатысушыларды іріктеу кезінде жүзеге асырылуы қажет. Құзыретті орган ретінде институционалдық зерттеу әдебі комитеті (егер ол ұйымда болса), білікті әріптестер тобы немесе басқару органының өкілі және т.б. жұмыс істей алады. Институционалдық зерттеу әдебі комитеті орын алуы мүмкін тәуекелдерді, әлеуетті қатысушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға қажетті мәселелерді бағалайды. Аталған жайт «Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп кодексіне»31 (2020) сәйкес ұйымның әдеп принциптері мен нормаларына негізделіп, зерттеушіні зерттеу жұмысын алаңсыз жүргізуге даярлауда қолдау көрсетуді мақсат етеді. Ол комитетке зерттеудің қалай жүргізілетінін толыққанды сипаттайтын өтініш беруді ұйымдастырады. Әдетте өтініштерді қарастыру ұзақ уақытты талап етпейді, дей тұрғанмен кәмелетке толмағандар, аяғы ауыр әйелдер, білімі жеткіліксіз, психикалық және физикалық денсаулығында проблемасы бар адамдар, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар
Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы. (2020). Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп кодексі. https://gse.nu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/06/KERA_kaz_Adep-Kodeksi.pdf Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі 185 және т.б. (толық тізім «Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп кодексінде» берілген, 2020) халықтың қауқарсыз топтары қатысатын зерттеулер, сондай-ақ қауіптілігі жоғары зерттеулер (Creswell, 2013) мұқият тексеруді талап етеді.
Комитетке ұсынылатын өтінімде немесе зерттеу жүргізілетін ұйымға жолданатын хатта, сондай-ақ ақпаратты келісімде қатысушыларға зерттеуге қатысудан келетін ықтимал пайданы көрсету қажет. Зерттеуге қатысудан келетін пайда тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Зерттеудің көпшілігі пайданы жанама түрде ұсынады, себебі олар қоғамға азды-көпті ұзақ мерзімді тиімділік әкеледі. Тікелей пайда азырақ кездеседі, ол зерттеуге қатысушылар ұйымдастырушылардан/ғылыми қызметкерлерден тікелей пайда көргенде: мысалы, оқыту, басқа да тегін қызметтер немесе зерттеуге қатысу үшін номиналды төлем түрінде кездесуі мүмкін. Зерттеуші қатысушыларға келуі мүмкін пайданы ойластырғанда қатысушыларды зерттеуге тарту мен олардың деректерді ұсынудағы ашықтығының арасындағы тепе-теңдікті сақтауы керек. Зерттеуде пайдамен қатар ықтимал тәуекелдер де орын алады: зерттеуге қатысу кезінде қатысушыға физикалық, психологиялық тұрғыдан зиян келуі мүмкін немесе оның мүлкіне, беделіне және басқа да зиян келтіру ықтималдығы кездеседі. Зиян қатысушыға ғана емес, зерттеушінің өзіне де тиюі мүмкін. Мәселен, зерттеуге қатысушылар тұратын алыс, шалғай жерлерге барып сұхбат жүргізу кезінде зерттеушіге қауіп тууы мүмкін («Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп кодексі», 2020).
Бұның алдында атап өткеніміздей («Білім беру зерттеулеріндегі әдеп мәселелері» тақырыбындағы 7-тарауда), ақпаратты келісім әдеп зерттеулерінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ол – жай ғана құжат емес, қатысушыларға құрметпен қарауды көздейтін және олардың зерттеу жұмысына ерікті, саналы түрде қатысуына кепілдік беруге негіз болатын құжат. Егер қатысушы зерттеудің негізгі элементтерінен толық хабардар болмаса және зерттеуші қатысушының өзінен немесе оның заңды өкілінен зерттеуге қатысуға келісімін алмаса, онда ешқандай да зерттеу жүргізілмейді. Бұл келісім құжатталады және ол зерттеуші мен зерттеуге қатысушы арасындағы екі жақты келісім ретінде қызмет етеді (8.1-кестені қараңыз). Әлеуеті, жасы немесе қауқарсыз етіп көрсе- 186
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер тетін өзге де жағдайлар зерттеу туралы түсінігін немесе зерттеуге өз еркімен қатысу мүмкіндігін шектейтін қатысушыны зерттеуге тарту қажет болса, зерттеуші оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімін алуына қолдау көрсетіп, оны мәжбүрлі түрде қатыстыруға жол бермеу амалдарын қарастыруы қажет («Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп кодексі», 2020). Кез келген зерттеудің мақсаты – жаңа білім алу. Оның нәтижелі болуы қатысушылардың зерттеушіге өз еркімен беретін ақпаратына байланысты болмақ. Бұл ақпарат олардың кәсіби және/немесе жеке өміріне, сеніміне, құндылықтарына және әрекетіне қатысты болуы мүмкін. Зерттеу сұрақтары қатысушылардың қорқынышын, алаңдаушылығын, тіпті ұялу сезімін тудыруы мүмкін.
Сондықтан егер қатысушылар өздерінің құпиялылығына сенімді болса, шынайы, ашық жауап алу ықтималдығы жоғары болады. Зерттеушілер осы жайттарды ескере отырып, зерттеу барысында да, оның нәтижелерін таратқаннан кейін де құпиялылықты, яғни ақпараттың құпиялылығын және қатысушылармен сенімді қарым-қатынастарын сақтауы тиіс («Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп кодексі», 2020). Әдеп зерттеулерін жүргізудің қағидаттары мен нормалары жайындағы толыққанды ақпаратпен «Қазақстан білім беру зерттеушілерінің әдеп кодексінде» танысуға болады.

8.1-кесте Ақпаратты келісім үлгісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет