Әдебиеттер:
1.Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер. Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова, Гүлмира Қанай, Айнұр Әлмұхамбетова – Нұр-Сұлтан: Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі, 2022 – 232 б.
15 ДӘРІС. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ МЕН ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ЖҰМЫСЫН ЖАЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жоспар
1. Дипломдық жұмыстың кезеңдері
2. Диплом жұмысының құрылымы
3. Дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар
Зерттеу жұмыстары, оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды үйымдастыру, эксперимент жүргізу, студенттерді дайындау, эксперимент жоспарын қүра білу, балалармен зерттеу жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, эксперимент қорытындысын өңдеу сияқты зерттеу жұмыстарының өзіндік критерийлік мәселелерін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде зерттеді (И.Д.Андресв, Ю.К. Бабанский, В. И. Журавлев, Н.А. Сорокин, Н. Е.Соколова, В.И. Смирнов, А.Д.Оришин, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский, М.Н.Скаткип, Я.С.Турбовской, В.В.Ншмов, Н.И.Болдырев, З.А.Исаева, С.Н.Лактионова, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин, Г.М.Храмов, С.Т.Каргин, Л.Н.Маркина, В.К.Омарова, Д.М.Джусубалиева, және т.б.)-
Аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып эксперименттік жүмыстар, оның жүргізілу шарты, мақсат-міндеттерін анықтау мәселелеріне тоқтала келе, курстық және дипломдық жүмыстарды орындау процесінің бірнеше мәселелерді шешумен байланысты екенін анықталды.
Дипломдық жұмыстарды орындау бірнеше кезендерге бөлінеді. Әр кезеңнен аттап өтуге болмайды. Әр кезеңнің мазмұны жүмыстың жоспарын белгілейді.
Дипломдық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді: Зерттеу тақырыбын таңдау, оның өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, зерттеу нысанасын белгілеу, нысана туралы білімдерді игеру, мәселені көтеру, зерттеу пәнін анықтау, болжам жасау, зерттеу әдістерін анықтау, белгіленген жоспарды жүзеге асыру, болжамды тексеру, зерттелетін нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау, табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болу керек,ал міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту жолын көрсетеді. Міндеттер әдетте 3-4 немесе 5-6 пунктен тұрады.
Зерттеу объектісі – педагогикалық құбылыс шеңберіндегі зерттелінетін мәселе. Бұл жерде негізгі сұрақ «кім?» және «не?» зерттелінетіні туралы болуы керек. Зерттеу нысанасының қызметі зерттелінетін құбылыс шеңберінде болады.
Құбылыстың немесе әрекеттің неге бағытталатынын анықтау үшін эксперимент мәнін анықтау керек. Эксперимент аспектісі негізінде жаңа теория, жаңа білім алынады. Зерттеу пәні, оны анықтау мәселелері, эксперимент жүргізу, мәселені анықтаумен тікелей байланысты.Жоғарыда аталып келтірілген ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе зерттеу пәнін анықтауда зерттеушіге, яғни студентке немесе мұғалімге жауапты іс жүктеледі.
Мәселені көтеру. Курстық және дипломдық жүмыстарды орындау барысында бір немесе бірнеше мәселе болуы мүмкін. Негізгі мәселені көтеріп, жан-жақты ашып беру зерттеу жұмысының құндылығы болып табылады.
Болжам жасау. Зерттеу пәнін алдын-ала белгілеп, «мынадай жұмыстарды жүргізгенде, осындай нәтижеге қол жеткізуге болады», - деп, алдын-ала болжам жасап айту.
Педагогикалық әдебиеттерде гипотезаға әр түрлі анықтамалар берілген: Гипотеза- (грек, һуроіезік-негіздеу, болжау) деген мағына береді. Ғылым дамуының формасы, құбылыстың себебін зандылыққа сәйкес сипаттау. Болжам (версия)- болған істің ақиқатын анықтау үшін жазылған бір немесе бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше мағлұмат. Яғни болжам жасау дегенімізден шығатын қорытынды бір айқындалмаған істі немесе қүбылысты, жалпы мәселені шсшу үшін фактілерге сүйене отырып, алдын – ала жорамал жасау.
Зерттеу жоспарын құру барысында мақсат-міндеттер негізінде тақырыпқа байланысты педагогикалық эксперимент ұйымдастырылып, экспериментті жүзеге асыру жоспары құрылады.
Зерттеу әдістерін анықтау. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дүрыс тандап және оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өндеуден өткізу, талдау жасау, жұмысты қорытындылау қажет.
Белгіленген жоспарды жүзеге асыру. Зерттеу тақырыбының, міндеттерінің негізінде зерттеу насынасына алдын ала жоспарланған ғылыми болжамда көрсетілген пункттерді практика нәтижесінде көру.
Болжамды тексеру. Жоспар бойынша эксперимент жүмысының нәтижесінен кейін бақылау эксперименті негізінде алдын-ала жасалынған ғылыми болжамның дәлдігі, айқындығы анықталады. Болжамның дұрыстығын зерттеу жұмысында мақсатқа жету деп түсіндіріледі.
Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу нәтижесі бойынша белгілі бір шешімге келу және сол шешімнің дүрыстығына, ақиқаттылығына, дәлілдігіне көз жеткізу отырып, нәтиженің практикалық маңыздылығын анықтау. Оны басқа да зертгеушілер өз іс-тәжірибесінде қолдануына жағдай жаса , әдістеме ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |