Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті


Зерттеу жетекшісінің байланыс тетіктері



бет41/44
Дата04.03.2023
өлшемі163.97 Kb.
#470371
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Лекция топтамасы- гыл-2023 (4)

Зерттеу жетекшісінің байланыс тетіктері
Жобаға қатысты қандай да бір сұрағыңыз немесе ескертуіңіз болса, ғылыми жетекшінің, доктор ___________________(Т.А.Ә.-ның), телефон нөміріне, электрондық поштасына хабарласуыңызға болады. Өзге де кез келген сұрақты немесе мәселелерді Институционалдық зерттеу әдебі комитетіне _____________________ (университет атауы), электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Келісім жөніндегі өтінім
Мен, _________________________________________________________________ (зерттеуге қатысушының аты-жөні) осы аталған зерттеу жұмысына өз еркіммен қатысуға келісім беремін. Зерттеушілер өзімді зерттеу туралы негізгі ақпаратпен таныстырды, зерттеудегі міндетімді нақты түсіндірді. Мен өзімнің ерікті түрде қатысатынымды түсінемін. Мен өз келісімімнен кез келген уақытта және ешқандай себепсіз зерттеу жұмысынан бас тарта аламын және оның маған ешқандай да кері әсері тимейді. Мен осы зерттеу арқылы жиналған ақпарат құпия түрде пайдаланылатынын түсінемін.
Қолы: _____________________________ Күні: ______________________
Зерттеуші: _________________________________________________________ (аты-жөні)
Қолы: _____________________________ Күні: ______________________



САПАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ
Сапалық деректерді жинау зерттеуші жұмыс істейтін ұйымдағы институционалдық зерттеу әдебі комитетінің немесе басқа құзыретті органның рұқсатын алуды, сапалық іріктеу стратегиясын пайдалануды, ақпаратты цифрлық және қағаз түрінде әзірлеуді, деректерді сақтауды және ықтимал әдеп мәселелерін болжауды қамтиды. 8.1-кесте (жалғасы) Ақпаратты келісім үлгісі Зерттеудің еріктілік сипаты Бұл зерттеуге әркім өз еркімен қатыса алады, егер сіз оған қатысуға келісіміңізді берген болсаңыз да, ешқандай себепсіз кез келген уақытта келісіміңізді кері қайтарып ала аласыз.
Зерттеу жетекшісінің байланыс тетіктері Жобаға қатысты қандай да бір сұрағыңыз немесе ескертуіңіз болса, ғылыми жетекшінің, доктор ___________________(Т.А.Ә.-ның), телефон нөміріне, электрондық поштасына хабарласуыңызға болады.
Өзге де кез келген сұрақты немесе мәселелерді Институционалдық зерттеу әдебі комитетіне _____________________ (университет атауы), электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
Келісім жөніндегі өтінім
Мен, _________________________________________________________________ (зерттеуге қатысушының аты-жөні) осы аталған зерттеу жұмысына өз еркіммен қатысуға келісім беремін. Зерттеушілер өзімді зерттеу туралы негізгі ақпаратпен таныстырды, зерттеудегі міндетімді нақты түсіндірді. Мен өзімнің ерікті түрде қатысатынымды түсінемін. Мен өз келісімімнен кез келген уақытта және ешқандай себепсіз зерттеу жұмысынан бас тарта аламын және оның маған ешқандай да кері әсері тимейді. Мен осы зерттеу арқылы жиналған ақпарат құпия түрде пайдаланылатынын түсінемін.
Қолы: _____________________________ Күні: ______________________
Зерттеуші: _________________________________________________________ (аты-жөні) Қолы: _____________________________ Күні: ______________________
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Зерттеу жүргізілетін орынға қолжетімділікті қамтамасыз ету және қатысушылармен байланыс орнату Сапалық зерттеу зерттеу орнын зерделеуді талап етеді. Осы орынды зерделеу үшін рұқсатты деректерді жинауды жеңілдететіндей етіп алу керек. Зерттеушіге университеттің немесе институттың институционалдық әдеп комитетінің, сондай-ақ зерттеу орнындағы жеке тұлғалардың рұқсатын алумен қатар, зерттеу орнына кіруді қамтамасыз ететін және дерек жинауды жеңілдететін адам қажет. Зерттеу қатысушыларына қолжетімділік әдетте «үйлестірушіден» басталады, алғашқы байланысты зерттеуші осы адаммен орнатады және ол зерттеушіні басқа қатысушылармен байланыстырып отырады (Creswell, 2013; Cohen et al., 2011). Кресуэлл (Creswell, 2013) бейтаныс мәдениетті зерттейтін зерттеушілерге осы «үйлестіруші» мен мәдени жүйеге бірте-бірте жақындауға кеңес береді, себебі зерттеушінің жалықтыратын қылығы әлеуетті қатысушыларды шошытып алуы мүмкін. Зерттеушінің мақсаты – зерттеуге қатысушылардың сеніміне кіріп, олардың жүрегін сұрақтарға дұрыс, шынайы жауап беретіндей етіп жаулап алу. Әдетте «үйлестіруші» зерттеу туралы ақпаратты талап етеді, оған көбінесе зерттеушілер жауап беретін мынадай сұрақтар кіреді (Creswell, 2013, 153-б.): • Неліктен бұл зерттеу орны таңдалып алынды? • Зерттеу барысында ол жерде не болады? Зерттеушілер зерттеу орнында қанша уақыт болады? • Зерттеушілердің болуы кедергі келтірілуі мүмкін бе? • Зерттеу нәтижелері қалай ұсынылады? Адамдарды зерттеуге қатысуға көндіру, олардың сеніміне ие болу, сол арқылы олардың сұрақтарға шынайы жауап беруіне қол жеткізу маңызды мәселе болып табылады. Зерттеу орнына байланысты факторларды да ескеру қажет. Мәселен, зерттеуші өзінің жеке қызығушылығы бар орынды таңдауы мүмкін (мысалы, ол сол ұйымда жұмыс істейді, басшылықты немесе оның қарамағындағыларды зерттейді), бұл көзқарастардың әртүрлілігін дамытуды шектеуі мүмкін. Крессуэл атап көрсеткендей, зерттеу жұмысын өз ұйымында жүргізу ыңғайлы әрі дерек жинау кезіндегі көптеген кедергілердің жолын ашып берсе де, зерттеуші өзінің жұмысына
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер кедергі келтіріп алуы мүмкін. Мәселен, егер ол жағымсыз деректер туралы ақпарат айтса не болмаса қатысушылар ұйымға не жұмыс орнына кері әсерін тигізетіндей жекелеген ақпаратты ашып қойса, зерттеушінің жұмысына қауіп төнуі мүмкін.
Сапалық зерттеулердің барлығына тән ерекшелік – барлық көзқарасты толыққанды қамтитын есептің даярлануы (Creswell, 2013, 151-б.). Қатысушыларды іріктеу стратегиясы Сапалық зерттеулерде мақсатты іріктеу тұжырымы пайдаланылады, яғни зерттеуші зерттеу мәселесіне түсінік бере алатын адамдар мен орындарды таңдайды. Кімді және нені таңдау керектігі, іріктеу қалай жүргізілетіні және қанша адам, қанша орын таңдалатыны жөнінде шешім қабылдануы тиіс. Сапалық іріктеу жүргізудің бірнеше қолжетімді стратегиясы бар (Cohen et al., 2011; Creswell, 2013; Onwuegbuzie & Collins, 2007) (8.2-кестені қараңыз). Сонымен қатар, зерттеуші бір зерттеуде бір немесе бірнеше стратегияны пайдалана алады.
8.2-кестеде максималды нұсқалы іріктеу бірінші ұсынылады, себебі ол – сапалық зерттеудегі ең танымал тәсіл. Ол құбылысты жан-жақты қарастыра отырып, жақсы тануға көмектеседі.
Қатысушылар мінездеме, мінез-құлық, тәжірибе, сапа, басынан өткен жағдай және тағы басқа сипаттамалардың кең ауқымын көрсете алады. Зерттеушілер аталмыш тәсілді жиі таңдайды, себебі ол айырмашылықтарды және/немесе түрлі көзқарастарды көрсететін нәтижелерді алу ықтималдығын арттырады, оны сапалық зерттеулер үшін өте қолайлы деуге болады. Бұдан басқа жиі қолданылатын іріктеу стратегиясы деп сыни кейсті атауға болады, ол белгілі бір мәселе жөнінде нақты ақпаратты ұсына алады. Сондай-ақ ыңғайлы кейс те жиі қолданылады. Ол зерттеушінің зерттеу орнын тез тауып, деректерді оңай жинауына мүмкіндік беретін ыңғайлы стратегия болып табылады (Creswell, 2013).



8.2-кесте (жалғасы) Қатысушыларды іріктеу стратегиялары (Creswell, 2013; Onwuegbuzie & Collins, 2007, 285-286 бб.)

Іріктеу стратегиясының атауы

Іріктеу стратегиясы түрлерінің сипаттамасы

Қар кесегі немесе шынжыр (snowball, chain)

Зерттеуге қатысушылардан зерттеуге қатысу үшін адамдарды тарту сұралады. Мысалы, белгілі бір бағдарламаны зерттеу үшін зерттеуші бағдарлама жөнінде жақсы білетін аздаған қатысушымен сұхбат бастайды. Содан кейін ол қатысушылардан бағдарлама туралы білетін басқа қатысушыларды ұсынуды сұрайды. Осылайша, қатысушылардың аз ғана шоғыры қар кесегі секілді толыға түседі (Mertens, 2010).

Төтенше немесе девиантты кейс (extreme or deviant case)

Төтенше немесе девиантты кейс (extreme or deviant case) Нақты бір жағдайды таңдау және салыстырмалы талдау жүргізу. Мысалы, зерттеуші өте сәтті бағдарламаларды қарастырып, оларды сәтсіз болған бағдарламалармен салыстыра алады. Төтенше кейстерді зерттеу күнделікті жағдайды жақсарту үшін ұтымды ақпарат бере алады (Mertens, 2010).

Қарапайым кейс (typical case)

Қарапайым кейс (typical case) Қарапайым немесе қалыпты жағдайларды таңдап, талдау. Мысалы, егер зерттеуші белгілі бір білім беру бағдарламасы мектептегі орташа оқитын оқушыға қалай әсер ететінін зерттегісі келсе, онда ол қарапайым оқушыларға назар аударғанды жөн көреді.

Зерттелетін құбылыстың қарқындылығына негізделген іріктеу стратегиясы (intensity)

Зерттелетін құбылыстың қарқындылығына негізделген іріктеу стратегиясы (intensity) Зерттеу орнын, топтарын және/немесе жеке тұлғаларды олардың қызығатын құбылыстарына қатысты тәжірибесі мықты, бірақ экстремалды емес деп есептелуіне қарай таңдау. Мысалы, оқу дағдыларын зерттеу үшін оқу үлгерімі жақсы белгілі бір сыныптағы/мектептегі оқушылар таңдап алынады. Олар үздік оқымайтын, алайда тестілеу кезінде үнемі жақсы нәтиже көрсететін оқушылар тобы деп саналады (Mertens, 2010).

Саяси маңызды кейс (politically important case)

Зерттеу орнын, топтарын және/немесе жеке тұлғаларды олардың қызығатын құбылыстарымен саяси байланысы жағынан таңдау. Елге жаппай таралған бағдарламалардың тиімділігін талдау үшін зерттеуші заң шығарушы органның ықпалы күшті аймақты таңдауы мүмкін, сол арқылы алынған нәтижелерге баса назар аударылып, олар танымал болуы мүмкін (Mertens, 2010).




8.2-кесте (жалғасы) Қатысушыларды іріктеу стратегиялары (Creswell, 2013; Onwuegbuzie & Collins, 2007, 285-286 бб.)

Іріктеу стратегиясының атауы

Іріктеу стратегиясы түрлерінің сипаттамасы

Кездейсоқ мақсатты кейс (random purposeful)

Кездейсоқ мақсатты кейс (random purposeful) Қатысушылар зерттеу орнындағы әрбір адамның зерттеуге таңдалып алынуы бірдей болатындай және белгілі бір қатысушының іріктеліп алынуы басқа бір қатысушының іріктелуіне әсер етпейтіндей етіп таңдалады. Мысалы, зерттеуші бейберекет аймақта орналасқан мектептегі қорқыту, кемсіту мәселесін зерттеу үшін сұхбат алуға білім алушыларды аяқ астынан таңдайды. Бұл репрезентативті іріктеу емес, бірақ қатысушылар мектеп әкімшілігінің ұсынысы бойынша таңдалмайды, себебі әкімшілік мектепті жақсы жағынан көрсететін оқушылар тобын таңдауы мүмкін (Mertens, 2010).

Стратификацияланған мақсатты кейс (stratified purposeful)

Стратификацияланған мақсатты кейс (stratified purposeful) Зерттеудің әлеуетті қатысушылары әр шағын топтың мүшелері бір-бірімен салыстырмалы түрде бір немесе бірнеше сипаты бойынша ұқсас болған жағдайда және өзге шағын топтармен салыстырғанда осы сипаттарына қарай ұқсамайтындай болған жағдайда шағын топтарға жіктеледі. Мәселен, мектеп оқушыларының пәндік олимпиадаларға қатысу тәжірибесі зерттелуде делік. Ол үшін оқушылар өте үздік мектептерден, орташа нәтиже көрсеткен мектептерден және ең төмен нәтиже көрсеткен мектептерден таңдалады.

Өлшемдік (criterion)

Өлшемдік (criterion) Зерттеу орнын, топтарын және/немесе жеке тұлғаларды алдын ала анықталған өлшемдер негізінде таңдау. Мысалы, зерттеуші тұрмысы нашар отбасы балаларының оқу үлгерімінің нашар болу себебін зерттеу үшін тұрмысы нашар отбасының оқу үлгерімі нашар балаларын таңдайды.

Құрама немесе аралас кейс (combination or mixed)

Құрама немесе аралас кейс (combination or mixed) Бірнеше стратегияны таңдау және екі іріктеуден алынған нәтижелерді салыстыру. Мысалы, сыни кейс табылғанша, қарлы кесек стратегиясын пайдалануға болады.

Удобный кейс (convenience)

Удобный кейс (convenience) Қолжетімді және зерттеуге қатысуға дайын орындарды, топтарды және/немесе жеке тұлғаларды таңдау. Мысалы, зерттеуші студенттер арасындағы академиялық жазылым тәжірибесін зерттеу үшін өзі оқытатын студенттерді таңдайды. Бұл – сапалық зерттеудегі стратегияның ең аз таңдалатын түрі, себебі зерттеуге тек оң тәжірибесі бар адамдар ғана қатыса алуы мүмкін деген күдік бар (Mertens, 2010).

Сапалық зерттеулердегі дерек жинаудың әдістері


Зерттеушілер сапалық зерттеулердің көбінде уақыттарын табиғи ортада өткізіп, деректерді түрлі әдістер арқылы жинайды. Сапалық зерттеуде мәліметтерді жинаудың негізгі әдіс-тәсілдеріне бақылау, сұхбат, құжаттарды жинау, аудиовизуалды материалдарды жинау жатады (Creswell, 2013).
Бақылау – сапалық зерттеулерде қолданылатын ең көне әрі ең іргелі тәсілдердің бірі. Ол адамдар мен оқиғаларды бақылауды немесе олардың табиғи ортасындағы адамдардың физикалық ерекшеліктерін түсіру жолымен мәлімет жинауды көздейді. Субъектілер жағдайдың бақыланып жатқанын білетін болса, бақылау тәсілі ашық жүргізіледі, сонымен қатар жасырын да болуы мүмкін (McKechnie, 2008).
Бақылаушылар сапалық зерттеуде әртүрлі рөл атқарады, соның ішінде толық қатысушы ретінде де қатыса алады. Әдетте бақылау ашық болады, себебі зерттеуші қатысушыларға өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік беретін жалпылама сұрақтар қояды (Creswell, 2009). Сұхбатты сапалық деректерді жинау әдісі ретінде пайдалану жолдары 6-тарауда жан-жақты баяндалған. Зерттеуші мәселені қарастыру барысында көпшілікке жария етілген (мысалы, газеттер, кездесу хаттамалары, ресми есептер) немесе жеке (мысалы, жеке журналдар мен күнделіктер, хаттар, электрондық хаттар) құжаттарды жинай алады. Аудиовизуалды материалдарды жинау да сапалық деректерді жинаудың әдісі болып саналады, ол фотосурет, өнерге қатысты заттар, бейнежазбалар, веб-сайттың басты беттері, электрондық пошталар, мәтіндік хабарламалар, әлеуметтік медиамәтіндер немесе аудиоматериалдар сияқты бөліктерді қамтиды (Creswell, 2009). Деректерді жинау әдісі түрлерінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар (8.3-кестені қараңыз).

Сапалық деректерді жинау әдістерінің түрлері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері (Creswell-ден бейімделіп алынды, 2009)

Әдіс түрі

Артықшылығы

Кемшілігі

Бақылау



• зерттеушінің қатысушымен тікелей байланыс жасау тәжірибесі бар;
• зерттеуші ақпаратты қолжетімді болған кезде жазып ала алады;
• бақылау кезінде әдеттен тыс қырларын байқауға болады;
• қатысушыларға ыңғайсыз тақырыптар зерттеуде пайдалы бола алады.



• қатысушыларға ыңғайсыз тақырыптар зерттеуде пайдалы бола алады. • зерттеуші беймаза болып көрінуі мүмкін • зерттеуші өзі аша алмайтын дербес ақпараттарды бақылауы мүмкін; • зерттеушіде қатысу және бақылау дағдылары болмауы мүмкін; • белгілі бір қатысушылармен (мысалы кішкентай балалармен) байланыс орнату қиын болуы мүмкін.

Сұхбат

• қатысушыларды тікелей бақылау мүмкін болмаған жағдайда пайдалы болады;
• қатысушылар тарихи мазмұнды ақпараттар беруі мүмкін;
• зерттеушіге сұрақтардың барысын бақылап отыруға мүмкіндік береді.

• сұхбат берушілердің пікірлері арқылы сүзгіленген жанама ақпаратты ұсынады;
• қатысушылар ақпаратты табиғи ортада емес, белгіленген жерде береді;
• зерттеушінің қатысуы жауаптардың бұрмалануына әкелуі мүмкін;
• адамдардың бәрі бірдей ақпаратты қабылдап, өз ойларын нақты жеткізе алмауы мүмкін.

Құжаттарды жинау

• зерттеушіге ыңғайлы уақытта берілетін көзге түспейтін ақпарат көзі болып табылады;
• қатысушылар мұқият назар аударатын деректер ұсынады;
• олар жазбаша дәлелдеме болумен қатар зерттеушінің уақыты мен транскрипцияға (аудиожазбаны мәтінге көшіру) кеткен шығынын үнемдейді.

• жалпыға ортақ немесе жеке пайдалануға қол жете бермейтін қорғалған ақпараттарды қамтуы мүмкін;
• зерттеушіден ақпарат алу қиындыққа соғатын жерлерден ақпарат іздеу талап етіледі;
• компьютерлік мәтінді жасау үшін транскрипцияны немесе оптикалық сканерлеуді талап етеді;
• материалдар толық аяқталмаған болуы мүмкін;
• құжаттар түпнұсқада ұсынылмауы мүмкін немесе жалған ақпаратты қамтуы мүмкін.

Аудиовизуалды материалдарды жинау

• деректерді көзге көрінбейтіндей жинау әдісі болуы мүмкін;
• қатысушылардың өз шындығымен тікелей бөлісулеріне мүмкіндіктері болады;
• визуалды түрде назар аудара алады.

• түсінуге ауыр соғатын материалдар болуы мүмкін;
• жалпы көпшіліктің немесе жеке тұлғаның пайдалануына қолжетімді болмауы мүмкін;
• бақылаушының қатысуы (мысалы, фотограф) жауап беруде кедергі келтіруі мүмкін.

Деректерді жазу үдерісі
Деректерді жазу сапалық зерттеудің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл үдеріс зерттеу хаттамаларының көмегімен зерттеушінің дерек жинауда ықтимал проблемаларды болжай алуына, сондай-ақ деректердің сапасына ықпал етуі мүмкін әдеп мәселелерін қарастыруда деректерді жинауды басқаруға мүмкіндік береді (Creswell, 2012).
Ақпаратты жазу үдерісі құжаттар мен визуалды материалдар үшін бейресми (есепке алу) немесе ресми (компьютерлік толық мәтіндік файлды жасау үшін материалды оптикалық сканерлеу) болуы мүмкін. Зерттеушілер бақылау жүргізіп, сұхбат алуда жиналған ақпаратты жазу үшін арнайы әзірленген хаттамаларды пайдаланады (Creswell, 2012).
Бақылау хаттамасы үшін ол сипаттау (қатысушылардың бейнесі, диалогты қайта құру, аймақты сипаттау, нақты оқиғалар немесе әрекеттер жөнінде есеп беру) және рефлексиялық жазбалары (зерттеушінің болжамы, сезімі, проблемалары, идеялары, әсері және теріс көзқарасы) бар 2 бағанға бөлінген бір бет қана болуы мүмкін. Хаттамада бақылаудың уақыты, орны, күні, сондай-ақ демографиялық ақпарат көрсетіледі (Creswell, 2009). Сұхбаттасу хаттамасы тақырып айдары, күні, орналасқан жері, сұхбат алушы, сұхбат беруші, жоба туралы қысқаша ақпарат және сұхбат сұрақтары сияқты бөліктерден тұрады (Creswell, 2013) (8.4-кестені қараңыз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет