Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет38/44
Дата04.03.2023
өлшемі163.97 Kb.
#470371
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Лекция топтамасы- гыл-2023 (4)

Цитата - (лат.-келтіремін, шақырамын) баяндалып отырған пікірдің дәлелді болуы үшін бір автордың шығармасының алынған үзінді. Цитата ықшамды күйде алынады.Сөйлем ұзақ болған жағдайда керек жері алынып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Цитата әдетте тырнақшаға алынып жазылады. Ғылыми анықтама еңбектерде цитатаның алынған әдебиеті сілтемеде көрсетілуі тиіс. Цитатаның бір түріне эпиграф та жатады.Сонымен, цитата дегеніміз - кез-келген қандай да бір мәтіннен, мақала ішінен, кітап бөлімінен, ағартушы ойшылардың нақыл сөздерін сөзбе-сөз, дәл алынған үзіндісі. Цитата берген кезде бір мәтінің ішінде бірнеше пікірлердің өзара логикалық байланыста болса да, оларға цитата келтіруде бөлек-бөлек береді. Цитата келтірген кезде белгілі бір ойдың басталып кеткеннен кейінгі пікірі алынса, онда цитатаның алдына көп нүкте қойылады, ал егер сол мәтіндегі абзац аяқталмай қалып немесе ой толық аяқталмаса көп нүкте соңынан қойылады.
Цитатаның тікелей емес цитата келтіру сияқты түрі де бар. Онда цитата келтіруші автордың сөзін сол күйінде алмай, тек ойын алып, оны өз сөзімен баяндап берсе, онда оған сілтеме жасалынады.
Сілтеме - сілтелінетін, (біреудің еңбегінде айтылған ескертушілік), ссылочное примечание- сілтеме ескертпе деген мағынаны білдіреді. Сілтеме- бұл белгілі бір автордың ой- пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілдтеме келтіріледі, яғни әбдебиеттің тізімін құрудағы альфавиттік реті және сол пайдаланылған бет саны жақша арқылы көрсетіледі.Мысалы, Төлеген Тәжібаев адам ойының қандай категориясының, қандай операциясы болмасын. Ол түбінде объективтік дүниемен байланысып отыратындығын айтып көрсетті.
Конспектілеу дегеніміз - бұл белгілі бір кітпатағы, мақалаларды, маңызды ой- пікірлірді, керекті даталарды, фактілерді, атаулы күндерді, нақыл сөздерді цитата келтіру, сілтеме жасау арқылы қысқаша мазмұнын баяндап жазып алу.
Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындауда олардың дағдыларын қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру – білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы – алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейкесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми – зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлері





Рефераттық жұмыстар жазу

Ғылыми мақала, эссе жазу

Дипломдық жұмыс орындау





Курстық жұмыс жазу

Ғылыми жоба дайындау



Ғылыми баяндама, пікір жазу

Эксперимент жүргізу

Рефераттық жұмыс – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми – ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.


1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.
2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.
Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті – барлық студенттерді таңдаған мамандығы аясында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен және практикалық дағдыларымен таныстыру. Бұл функциялардың орындалуына оқу үдерісіне енгізілген, сондай – ақ оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлі формаларының үйлесімі арқылы қол жеткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет