Дәріс сабағының тақырыбы: Организмде заттар мен энергияның алмасуы



бет10/12
Дата07.12.2023
өлшемі2 Mb.
#485726
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ФЧЖ №10 Асқорыту физиологиясы (копия)

Өттің түсі құрамына кіретін пигменттерге байланысты. Шөп қоректі малдың өтінде биливердин пигменті көп, осыған орай өттің түсі де шөп тәрізді жасыл болады. Ал ет қоректі малдың (адамның) өтінде билирубин пигменті көп, сондықтан сарғылт-қызыл түсті болады. Өт құрамындағы пигменттерден нәжісті табиғи түске бояйтын пигмент пайда болады. Өт құрамында холестерин, лецитин, өт қышқылдары (таурохол, адамда- гликохол), тұздары және муцин, май қышқылдары, бейтарап майлар Na, K, Ca,Mg тұздары болады. Өттің меншікті салмағы 1,008-1,015, ортасы сілтілі рН-7,3-8,0. Өт құрамында қаннан өткен ферменттер де бар, бірақ олар өте аз, ас қорыту үрдісіне қатыспайды. Дегенмен ішекте ас қорытуда өттің зор маңызы бар. Тәулігіне 500-1500 мл өт бөлініп шығарылады.

Аш ішек

Ең ұзын ішек тірі адамда 5м, өлі адамда- 7м. Ол 3 бөлімнен: 12 елі ішектен, аш және мықын ішектерден тұрады. Адамда 12 елі ішектің ұзындығы 25см, ішектің жалпы ұзындығының 2/5-і аш ішке үлесіне тиеді, ал мықын ішектің ұзындығы аш ішектің 3/5-не тең. Ішек ұзындығына қарай ас ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Бұл бөлім ас қорытудың негізгі бөлімі.

Адам ағзасына пайдалы заттар ішек қабырғасы арқылы тікелей қанға түседі. Май, көмірсулардың, тұз бен судың сіңулері жүзеге асады.

Осы мезгілде: а) ішектің кілегейлі қабығындағы либеркюн бездерінің сөлі мен ішектегі химус араласқан ұйқы безі сөлі, өттің бірлескен әрекеті арқасында ішекте ас қорыту үрдісі аяқталады.

Осы мезгілде: а) ішектің кілегейлі қабығындағы либеркюн бездерінің сөлі мен ішектегі химус араласқан ұйқы безі сөлі, өттің бірлескен әрекеті арқасында ішекте ас қорыту үрдісі аяқталады.

ә) ішектің ортанғы қабаты- біріңғай салалы ет талшықтарының жиырылып созылуы нәтижесінде ішектегі химус төмен қарай біртіндеп жылжып тоқ ішекке жетеді.

б) ас қорыту барысында пайда болған өнімдер ішектен қанға, лимфаға сіңеді.

Ішек бездерінің сөл шығару қабілеті тамақ ішуге байланысты. Сөл шығару қоректік заттар ішек түтігіне келіп түсісімен үдей бастайды. Химус ішектің кілегейлі қабығына қысым жасап, тікелей және химиялық жолмен әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет