Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


Эксперттік жүйелердің құрылымын түсіндіріңіз



бет51/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Эксперттік жүйелердің құрылымын түсіндіріңіз
Эксперттік жүйе дегеніміз - формализацияға жатпайтын есептерді шешу үшін мамандардың тәжірибелерін және білімдерін колданылатын ақпараттық технологиялар. Жалпы жағдайда эксперттік жүйелер статикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Ең алдымен, статикалық ЭЖ-ні қарастырайық. Статикалық ЭЖ - бұл бастапқы мәліметтер мен білімдердің уақыт бойынша өзгермеген жағдайында берілген тапсырмаларды шешетін ЭЖ. Стандартты статикалық ЭЖ құрылымы мынандай негізгі компоненттерден тұрады:
1) жұмыстық жад;
2) білім базасы;
3) интерпретатор;
4) білім алу компоненті;
5) түсіндіру компоненті;
6) диалогтық компонент.
Жұмыстық жад ағымдағы шешіліп жатқан тапсырманың бастапқы және аралық мәліметтерін сақтау мен алуға арналған.
Білім базасынақты пәндік аймақты сипаттайтын ұзақмерзімді мәліметтер мен осы аймақта шешіліліп жатқан тапсырма мәліметтерін рационалды түрлендіруді сипаттайтын ережелерді сақтауға арналған.
Интерпретатор (шешуші)былай жұмыс жасайды: жұмыстық жадтан бастапқы мәліметтер мен білім базасынан ұзақмерзімді мәліметтерді қолдана отырып, белгілі бір ережелерді қалыптастырады және бұл ережелер тапсырманың шешілуіне алып келеді.
Білім алу компоненті ЭЖ-нің эксперт білімдерімен толтырылу процессін автоматтандырады, яғни дәл осы компонент білім базасын нақты пәндік аймақтағы барлық ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Түсіндіру компоненті жүйенің берілген тапсырманы қалай шешкенін немесе неге шеше алмағандығын және бұның барысында қандай білімді қолданғандығын мәлімдейді. Басқаша айтқанда, түсіндіру компоненті жасалған жұмыс бойынша есеп жасайды. Бұл компонент ЭЖ-дегі ең маңызды компонент болып табылады, өйткені ол эксперттің жүйені тестілеуін жеңілдетеді, сонымен қатар, пайдаланушының алынған нәтижеге деген сенімділігін арттырады.
Диалогтық компонент тапсырманы шешу, білім алу және нәтижені көрсету барысында пайдаланушы интерфейсін қамтасыз ету үшін қамтамасыз етеді.
Енді статикалық ЭЖ-нің жалпы қандай компоненттерден тұратынын білгеннен кейін, осындай ЭЖ-нің құрылымын бейнелейтін диаграмманы құрайық. Ол мына түрде болады:

Динамикалық ЭЖ - бұл бастапқы мәліметтер мен білімдердің уақыт бойынша өзгеруі жағдайында берілген тапсырмаларды шешетін ЭЖ. Статикалық эксперттік жүйеге қарағағанда динамикалық ЭЖ қосымша мынандай компоненттерден тұрады:
1) сыртқы дүниені модельдеу жүйешесі;
2) қоршаған ортамен байланыс жүйешесі.
Қоршаған ортамен байланыс жүйешесі сыртқы дүниемен байланыс орнатады. Бұны ол арнайы датчиктер мен бақылаулерлер жүйесі арқылы жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет