Дәріс Тақырыбы: азот тыңайтқыштары азот тыңайтқыштары



бет3/3
Дата24.06.2022
өлшемі398 Kb.
#459449
түріҚұрамы
1   2   3
ДӘРІС-7.ПР-10

Аммоний сульфат-нитраты (сульфонитрат) аммоний нитраты мен аммоний сульфаты тұздарынан тұратын қоспа. Құрамында 25,5-26,5% азот бар, суда жақсы еритін, құрғақ қоймада сақтағанда нығыздалмайтын тыңайтқыш. Физиологиялық қышқылдығы аммоний селитрасымен салыстырғанда едәуір жоғары. Бүл тыңайтқышты барлық топырақ түрлеріне және барлық ауыл шаруашылық дақылдарына қолдануға болады.

Практикалық сабақ


ТОПЫРАҚТЫ АГРОХИМИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ КАРТОГРАММА ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Агрохимиялық тексеру – топырақтың құнарлылығы мен оның агрохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау мақсатында жүргізіледі. Тексеру нәтижесінде алынған мәліметтерді топырақты мелиорациялау құжаттарын, егістікті кешенді түрде агрохимиялық жолмен құнарландыру және әрбір егілетін дақылдың ерекшелігіне сәйкес тыңайтқыштарды қолдану жоспарын дайындау кезінде пай- даланады.
Республикамызда топырақ-климат аймақтарының және шаруашылықта тыңайтқыш қолданудың деңгейінің әртүрлі болуына байланысты агрохимиялық тексеру жүргізу дәрежесі түрліше болып келеді.
Агрохимиялық тексеру тыңайтқыш қолдану деңгейі төмен шаруашылықтарда 5-7 жылда, ал тыңайтқыш қолдану деңгейі жоғары және суармалы жерлердегі шаруашылықтарда 3-4 жылда бір рет жүргізіледі. Осындай тексеру мерзімдері топырақ құнарлылығының өзгеру уақытын бақылауға және шаруашылықтың тыңайтқышты пайдалану жоспарына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Агрохимиялық тексерудің мәліметтері бойынша шаруашылық топырағының агрохимиялық картограммасы дайындалады.
Агрохимиялық картограммада топырақтың қоректік заттармен қамтамасыз етілу дәрежесі, оның реакци- ясы, тұздылығы және эрозиялығының дәрежесі көрсетіледі. Агрохимиялық тексеруді жүргізу – орманды далалы және далалы аймақтарда 1:25000, шөлейт аймақта 1:50000, суар- малы егістік пен таулы облыстарда 1:5000 масштабтарда жүзеге асырылуы тиіс.
Картограммаларды топырақ-климат жағдайы шама- лас келетін аймақтарға сәйкес келетіндей етіп жасайды. Мысалы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардағы суармалы егіншілік үшін топырақтағы қоректік элементтердің түрлері мен мөлшері, топырақтың қаншалықты сортаң екендігі, эрозияға қандай дәрежеде ұшырағандығы туралы мәлімет беретін картограммалар қажет. Топырақтағы агрохимиялық тексеру және картаға түсіру мынадай бөлімдерден тұрады: 1. Топырақты агрохимиялық тексеру жұмыстарын ұйымдастыру. 2. Далалық зерттеу жұмыстары. 3. Зертханалық агрохимиялық зерттеулер. 4. Агрохимиялық картограмманы дайындау. 5. Агрохимиялық үзінді дайындау
Топырақты агрохимиялық тексеру жұмыстарын ұйымдастыру Ең алдымен агрохимиялық тексеру жұмыстарының бағдарламасы жасалынады. Шаруашылық топырағының пайда болу жағдайын (климаты, өсімдігі, жер бедері, жы- ныстары), морфологиялық белгілерін және химиялық құрылымын сипаттайтын қолжазбаның және жарияланған материалдармен танысу керек. Сонан кейін топырақ картасының көшірмесін әзірлейді. Жұмыс жүргізілетін әрбір егіс танабының дақылдарының өнімі, тыңайтқыш қолдану деңгейі мен мелиорация жұмыстары жөніндегі соңғы 3-5 жылдардағы мәліметтерді жинайды. Егін жайды сипаттап қағазға түсіру шаруа қожалығының бастығы не- месе агрономның қатысуымен жүргізіледі. Егін жағдайын тексерудің ведомосі жасалып, оған мынадай мәліметтер енеді: шаруашылықтың аты, егін жайдың немесе учаскенің нөмірі және гектармен алынған көлемі, негізгі топырақ типінің (шартты белгісі), соңғы үш жылда өсірілген дақылдар, олардың агротехникасы (себу, өңдеу, тыңайту, суару) және әр гектардан алынған өнім (центнер есебімен), мұнан кейінгі жылдары егуге жоспарланған дақылдар мен олардың агро- техникасы. Сонан кейін жерді пайдалану жоспарының көшірмесін әзірлейді де далалық жұмыстарды орындаудың картографиялық негізін дайындайды. Топырақты агрохимиялық тексеру отрядының жетекшісі жұмыс жоспа- рын құрастырады, біріккен (аралас) топырақ үлгілерін алуға арналған дара учаскелердің көлемі мен санын анықтайды. Топырақтың аралас үлгісін алу үшін жұмысшылар звено- сы құрылып, олар қажетті құрал-жабдықтармен (бұрғы, қада, қапшық, күрек, пышақ, сантиметрлік бау, компас, қарындаш, этикетка, тексеру нәтижесін жазатын жорнал) қамтамасыз етіледі. Әр звено үш-төрт адамнан құрылғаны дұрыс әрі оларды арнаулы білімді маман-агрохимик басқарғаны жөн. Звено мүшелерінің міндеті шектелуі тиіс: біреулері – учаскенің ұзындығын өлшейді, екіншілері – топырақ үлгілерін алады, үшіншілері – үлгілерді қапшыққа салады, төртіншілері – қажетті жазбаларды түсіреді. Онда аралас үлгі алынған шаруашылық аты, егін жай мен аралас үлгі нөмірі жазылып, сондай-ақ үлгіні алған адамның аты- жөні мен алынған күні көрсетіліп, үлгі буылады.
Дала жұмыстары тексерелетін аймақтың егістіктерін дара учаскелерге бөлуден басталады. Бұл дара учаскелердің әрқайсысынан бір аралас топырақ үлгісі алынады. Олардың көлемі топырақ және егілетін дақылдардың түріне қарай әртүрлі болып келеді. Біздің республикамызда тәлімі жер- лерде дара учаскесінің көлемі 50 га, ал суармалы жерлерде 3-5 га аралығында болуы тиіс. Дара учаскелердің пішіні негізінен тік бұрышты және ені ұзындығынан екі еседей қысқа болғаны дұрыс. Тексерілетін танаптарды дара учаскелерге толық бөліп болғаннан кейін, оларды нөмірлейді де әрбір звено өз территориясына байқау жүргізеді. Сонан соң дара учаскелердің шекараларына белгілер қояды да аралас топырақ үлгілерін алуға кіріседі. Аралас топырақ үлгісін құрайтын дербес сынамаларды маршруттық сызықтар бойынша мынадай тәртіппен алады (44-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет