Қақырықты зерттеу.
Қақырық бұл тыныс жүйесі ауруларында науқас жөтелгенде бөлінетін патологиялық өнім. Қақырықты зерттеу жолдары;
1. жалпы клиникалық зерттеу.
2.микроскопиялық зерттеу.
3.бактериологиялық зерттеу.
Жалпы клиникалық зерттеу.
Зерттеуге қақырық таңертеңгісін ашқарынға алынады. Зерттеуден алдын науқастың ауыз қуысында тағам қалдықтары болмауы керек жэне науқас ауыз қуысын ас содасымен немесе фурацилин немесе калий перманганат ерітіндісімен шаюы керек, кейін қақырық таза, құрғақ ыдысқа алынады, жиналған қақырық 2 сағат ішінде зертханаға жіберіледі.
Микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін зертханаға түкіргіш немесе арнайы қақпағы бар ыдысқа бір тәулік ішінде жиналған қақырық жіберіледі. Қақырық құрамындағы микрофлораның антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін, қақырық арнайы зарарсыздандырылған ыдысқа - Петри табақшасына алынады.
Қақырық құрамындағы туберкулез микобактериясын анықтау үшін қақырықты бір тәуліктен үш тәулікке дейін жинауға болады. Қақырық құрамындағы ісік жасушаларын анықтау үшін, науқас қақырығы жаңа қалпында арнаулы ыдысқа салынып зертханаға тез жөнелтіледі.
Жалпы клиникалық макроскопиялық зерттеу барысындақақырықтың мөлшері, иісі, түсі, сипаты, консистенциясы, формасы тексеріледі.Абсцесс, гангрена, бронхоэктазиялық ауруда қақырық мөлшері бір тәулікте 500 мл және одан да көп мөлшерде бөлінеді. Өткір бронхитте бір тәулікте 2-5 мл қақырық бөлінеді.
Шіріген сасық иісті қақырық өкпе абсцесінде, өкпе гангренасында, және өкпе обырының ыдырау кезеңінде кездеседі.Басқа патологияларда қақырықтың иісі болмайды.Қақырық сипаты оның құрамына байланысты. Қақырық құрамында шырыш, ірің, сұйықтақ, фибрии болуы мүмкін. Қақырық сипатына қарай шырышты, шырышты - іріңді, іріңді, қанды жэне серозды болады. Іріңді қақырық созылмалы кілегейлі, ірінді бронхитте, бронхоэктазия ауруында, өкпе абсцесінде, ал шырышты немесе шырышты - іріңді қақырық бронхиттерде, пневмонияда кездеседі.
Қақырықтың түсі оның сипатына байланысты. Қақырыққа қанның араласуы өкпе обырында, бронхоэктазия ауруында жэне жүрек демікпесі ұстамасында кездеседі. Крупозды пневмонияда қақырық тот түсті болады. Бронх демікпесінде қақырық шырышты, жабысқақ қою болады.
Ақ сұрнемесе сұр түсті қақырық - шырышты қақырыққа тән,
сарғыштау сүр түсті қақырық - іріңді шырышты қақырыққа тән.
Қақырық түсі өкпе зақымдануының сатысына, формасына,дәрежесіне байланысты.
Қақырықтың консистенциясы; созылмалы шұбалаңқы, жабысқақ қою, сұйық болуы мүмкін.
Қақырық формасы түйір, кейде түйіршікті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |