Дәріс тақырыбы: Зертханалық зерттеу әдістері: қан, нәжіс,қақырық, несеп,плевра сұйықтығы. Жоспар



бет3/23
Дата29.01.2022
өлшемі88.08 Kb.
#454937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Зертханалық зерттеу әдістері!

2. Биохимиялық зерттеу.

Ем қабылдайтын науқасқа диагноз қою үшін қанды биохимиялық жолмен зерттеу емханада, аурухананың емдеу бөлімінде биохимиялық зерттеу зертханасында жүргізіледі. Зерттеуге қан таңертеңгісін ашқарынға шынтақ тұсындағы көк тамырдан алынады.

Зерттеу мақсаты: организмдегі белок алмасуының, липидтер алмасуының, пигменттер алмасуының, азот алмасуының, көмірсутегілер алмасуының, электролиттер алмасуының бұзылу деңгейін және ферменттер белсенділігін анықтау.

Белоктар алмасуының бұзылу деңгейін анықтау.


Белоктар алмасуының бұзылуы жалпы белок, альбумин,глобулин және оның фракциялары арасындағы қатынастың өзгеруімен айқындалады. Гипопротеинемия (қанда белок мөлшерінің азаюы) созылмалы гепатитте, циррозда, қатерлі ісіктерде кездеседі. Гиперпротеинемия қанда белок мөлшерінің көбеюі - эксикозда (жас бала денесінің құрғауы), миеломды ауруда байқалады.

Азот алмасуын тексеру.



Азот алмасуының бұзылу деңгейін анықтау үшін қан құрамындағы қалдық азот, мочевина, аминоазот, несеп қьшіқылы, креатинин, индикан, ксантопротеин реакциясы тексеріледі .Қанда қалдық азот пен оның компоненттері мөлшерінің көбеюі өткір және созылмалы бүйрек ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, сұйықтық көп жоғалтқанда байқалады.

Май алмасу процесін тексеру.Май алмасу процесін тексеру атеросклероз ауруының диагностикасында маңызы үлкен. Бұл мақсатта қан құрамындағы холестерин, триглицеридтер мөлшері анықталады. Липидтер мөлшерінің көбеюі гиперлипидемия деп аталады , ол атеросклерозда байқалады.

Көмірсутегілер алмасуын тексеру.

Көмірсутегілер алмасуының бұзылу деңгейін анықтау үшін қанқұрамындағы глюкоза мөлшері тексеріледі және глюкозаға төзімділік сынағы жүргізіледі. Қалыпты жағдайда қан сарысуында глюкоза 3,03-5,55, плазмада - 4,22-6,1 ммоль/л. Қанда глюкозаның көбеюі-гипергликемия деп аталады, бұл қант диабетінде, тиреотоксикозда, Кушинг ауруында, панкреатитте, өткірмиокард инфарктынде байқалады. Қанда глюкозаның, кемеюі-гипогликемия деп аталады, ол панкреатитте, Аддисон ауруында, гипотиреозда, Золингера-Эллисон синдромында кездеседі.

Пигменттер алмасуын тексеру.

Пигменттер алмасуының негізгі көрсеткіші билирубин. Қанқұрамындағы билирубин мөлшерін анықтау сарғаюдың диф.диагностикасында қолданылады. Қалыпты жағдайда билирубинқанда 8,55-н 20,52 мкмоль/л дейін .

Ферменттер белсенділігін анықтау.

Зерттеу анализаторларда немесе калориметрлерде жүргізіледі. Қан құрамындағы ферменттер мөлшері анықталады; олар; АЛТ (аланинаминотрансфераза), ACT(аспартат-аминотрансфераза), ЛДГ (лактатдегидрогеназа), КФК (креатин-фосфокиназа). АЛТ мөлшері вирусты гепатитте жоғарылайды. ACT, ЛДГ-1, ЛДГ-2 мөлшері жүректің бұлшық еттері зақымданғанда жоғарылайды. Фосфатаза (щелочная фосфатаза) мөлшері паренхиатозды сарғаюда, циррозда, лимфогранулематозда, гипотиреозда, инфекциялық мононуклеозда, остеомаляцияда ( сүйектің жұмсаруы ) жоғарылайды. Альфа -амилаза ферментін ұйқы безі мен сілекей безі бөледі, оның мөлшерінің жоғарылауы панкреатитте, паротитте, өт қабы тас ауруында, өкпенің қатерлі ісігінде байқалады.



Электролиттер алмасуын тексеру.

Клиникалық тәжірибеде электролиттер алмасуын зерттеу қанның қышқыл сілтілі тепе - теңдігін анықтаумен бірге жүргізіледі.

Бұлардан басқа науқасқа тағайындалған ем нәтижесін бақылау үшін қан құрамындағы гормондар мөлшері тексеріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет