Педагог өзі құрған балалар үшін ең қарапайым үйретуші компьютерлік ойындарды технология саласында жаңа білім беретін ойындарды даярлау үдерісінде алады, оларды бірден практикада қолданады, өз еңбегінің дайын жемісін көреді, және еңбастысы шығармашылық үдерістен рахаттанады. Ал баланы осы сабақта тәрбиешіге экрандағымен таң қалдырады.
Мысалы, қысқы серуенде баланы киіндіруде қарапайым ойын – экранда болып жатқан жағдайларды басқару үлгісі. Қажетті киімге кезекпен көрсете отырып мұны қолмен істеуге болады, немесе дәл осылай бұл заттарды қажетті реттілікпен (яғни, әрекет жоспарын немесе бағдарламасын құрып) орналастыра отырып бағдарламалап қоюға болады. Содан соң «мәре» батырмасын басуға және не болатынын қарауға, яғни үдерістің дұрыс жоспарланғанын тексеруге болады. Әрекеттер бұл жерде киімдер графикалық бейнелелермен (пиктограммалармен) жеңілдетіліп берілген. Әрекеттің реттілігі пиктограмманың кезектілігімен көрсетілген. Қарапайым тапсырмаларды өзіндік басқару - пиктограмманы кезекпен таңдаудан басталады. Ең күрделі тапсырмалар жоспарлауды талап етеді – белгіленген тәртіппен бастап киімдер орналастырылады.
Кіші жастағы балалардың алгоритмдік сауаттылығын дамыту үшін қолданатын компьютерлік ортада тапсырмаларды шындыққа жақындататын ерекшелігі бар, бұл - көрнекілік, барлық «экранда болып жатқан» нысанды және әрекеттерді көзбен шолады.
Инновациялық технологиялардың бір қатары үшін кез келген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері мен МДҰ тәрбиелеу-оқыту үдерісінде ең тиімді әдістеріне ActivInspire бағдарламалық жабдығымен интерактивтік тақтаның мүмкіндігін қолдану болып табылатын атап өтуге болады. Бұл бағдарламалық жабдық педагогтарға веб-сайттартарда болатын алуан түрлі құрал-жабдықтарға, бейнелерге, дыбыстарға, үлгілерге, қосымша қорлардың көп көлемі мен әрекетіне қолжетімді болады. Сондай-ақ, жаңа тартымды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін әзірлеуге және балалардың білімдерін жеке және топпен, аудитоиядағы барлығын бағалауға мүмкіндік береді.
Флипчарт – практикалық іс-әрекеттерде инновациялық технологияларды қолдану мен зерделеуге педагогтарды ынталандыратын сабақтың жаңа түрі.
Флипчарт-сабақ педагогтардың интерактивтік оқытудың барлық мүмкіндіктері мен қорларын қолдаған кезде ғана ерекше болып саналады.
Флипчарттар педагогтардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолданатын және оның толықтырулары мен түсіндірулерді талап ететін оқытудың қосымша құралдары болып табылады. Флипчарт деп бір тақырыппен және безендірудің жалпы қағидаттарын біріктіретін флипчарт беттерінің логикалық бірізділікпен байланысы деп түсінеміз.
Флипчарт ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері қысқа мәтін, негізгі мәселелер, формулалар, сызбалар, суреттер, схемалар, видеофрагменттер, анимациялардан тұратын мультимедиалық конспекттерді ұсынады.
Флипчартты әзірлеуде негізгі қағидаттарды атап өтуге болады:
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бастан аяқ флипчартқа «байлаулы» болмауы керек;
- флипчарт беттерін түсіндіру, бекіту кезінде немесе күрделі жағдайларды құру үшін қолдануға болады;
- флипчарт үшін материалдар таңдау ғылыми қағидаларға, қолжетімділікке, көрнекілікке сәйкес болу керек.
Дәстүрлі формамен салыстырғанда жаңа материалдарды түсіндіруге қолдануға, біліктілікті пысықтауға, балалардың білімдерін тексеруге, өткен материалдарды қайталауға болатын флипчартты қолдануда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін жүргізу уакытты көп үнемдейді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін флипчаттарды құру мен қолдану тәжірибелерін жинақтай отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде флипчартты құру мен қолдану – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолданудың перспективалық бағыттарының бірі боп белгіленеді.
Сонымен қатар, анимациялық эффекттерді қолдану зерделенген материалдарға балалардың қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Мультимедиалық тұсаукесер – интерактивтік дидактикалық ойындар көмегімен ақпарат ұсынудың ыңғайлы және тиімді тәсілі.
Ол динамиканы, дыбысты және бейнелерді, яғни баланың зейінін ұзақ уақыт ұстап тұратын факторлармен үйлеседі.
Сондықтан, интерактивтік құрал-жабдықтар негізінде инновациялық технологияларды қолдану оқыту үдерісін айтарлықтай қарқындатуға мүмкіндік береді. Технологиялық тәсіл мектеп жасына дейінгі балалардың жетістігін кепілдейді, олардың ары қарай мектепте жақсы оқуына кепіл береді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
Интерактивтік дегеніміз не?
2. Балаларға арналған интерактивтік жабдықтардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
3. Балаларға арналған интерактивтік жабдықтардың қызметтерін ашып көрсетіңіз.
4. Инновациялық технологияларды интерактивтік құралдар негізінде қолдану әдістерін сипатаңыз.
5. Флипчарт дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |