Дәріс тезистері №1 дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар оқу пәні ретінде



бет28/30
Дата08.04.2023
өлшемі142.98 Kb.
#471933
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Дәріс Инновация 2023

«Миға шабуыл». Шектеулі уақыт аралығында берілген тақырыпқа қатысты барлық балалардан ой-пікірлері жинақтау ұсынылады.
Мысалы, Балалар, қай ертегінің кейіпкері бізге қонаққа келді? Ол кім?
«Синквейн». Синквейн, француз тілінен аулдарғанда – 5 жол. Синквейн – ақпаратты синтездеуге көмектесетін рифмасыз өлең жолдары.
МДҰ тәрбиелеу-оқыту үдерісінде осы әдісті былай қолдануға болады:
1-жол: Зат немесе құбылысы;
2-жол: Бұл заттың сипаттамасы;
3-жол: Бұл заттың әрекеті;
4-жол: Бұл зат ұнады ма? Қалай?
5-жол: Бұл затты басқаша қалай атауға болады?
Мысалы: 1. КҮН; 2. Жарық; 3. Жылытады; 4. Иә. Далада жылы; 5. Жылулық.
«Кластерлер». Кластер ағылшын тілінен аударғанда түп, сабақ. Кластер – қандай-да бір тақырыпты ашық және еркін ойлауға ықпал етуге арналған әдіс.
МДҰ-да бұл әдісті келесідей қолдануға болады. Интерактивтік тақтада берілген сөз бейнеленген сурет көрсетіледі. Балалар осы сөзге қатысты басқа сөздерді атайды. Берілген бірнеше суреттердің арасындағы байланыстарды табу тапсырылады. Бұл әдісті жеке және топпен орындауға болады.
Мектепке дейінгі ұйым тәжірбиесіне жобалау әдісі белсенді енгізілуде. Жобалау әдісі балалар қызығушылығының қажеттілігінен, балалардың жас және жеке ерекшеліктерінің әдісі болып табылады. Бұл педагогикалық үдерістерді балабақша қабырғасынан қоршаған ортаға шығаратын бірнеше жобалардың бірі.
Жобалау әрекеттері «орындаушы» емес «қайраткер», тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі тәжірибеде жобалау әдістерін қолданудың ерекшеліктері: ересектер баланы бағыттауға, қиындықтарды табуға, қызығушылығын тудыруға және бірлескен жобаларға тартуы қажет, алайда ата-аналардың көмегіне жүгінудің қажеті шамалы.
Педагог балалардың өндірістік қызметін ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді, ол ақпарат көзі, кеңесші, сарапшы болып табылады. Ол − жобаның негізгі директоры және кейінгі ғылыми-зерттеу, ойындар, өнер, практикалық-бағытталған іс-шаралар, балалардың жеке және топтық проблемаларын шешуде үйлестірушісі. Сондай-ақ, ересектер баланы дамытуда серіктес және көмекшісі болып табылады. Балалармен жоба жұмысын пайдалану баланың өзін-өзі бағалауын жақсартуға көмектеседі. Жобаға қатыса отырып, бала өзін құрбыларының арасында маңызды сезінеді, өзінің ортақ іске үлесін қосып отырғанын, өзінің жетістіктерін көріп қуанады. Жобалау негізіндегі оқыту қөп балалы топтарға қолайлы тұлға аралық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал етеді.
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы компьютерлік технологияларды пайдалану мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу және оқыту үдерісін жаңартуға және оның тиімділігін арттыруға, сапасын байытуға мүмкіндік береді.
Білім беру қызметінде компьютерді қолдану шығармашылық қабілеттерін және қауіпсіз эмоциялық фон құруға, білім беруді дамытуға ықпал етуге және даралығын арттыруда тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Мектепке дейінгі педагогика саласында балалардың компьютерді 3 жастан ерте меңгеруге қабілетті екендігі ғылыми зерттелгендігін дәлелдейді. Бұл кезеңде баланың ойлауы қарқынды дамиды, көрнекі – бейнеліден дерексіз логикалық ойлауға көшуге дайындалады.
Компьютер ойын арқылы баланың өміріне енеді. Ойын тәжірбиелік ойлаудың бір формасы.
Мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту, тәрбиелеу және дамыту құралы ретінде интерактивтік диадктикалық ойындар қолданылады.
Интерактивтік дидактикалық ойындар – органикалық бірлікке әсер етіп оқытатын, дамытушы және тәрбиелейтін қызметтерге ие оқыту мен тәрбиелеудің заманауи және дәлелденген әдісі.
Оқыту, бақылау, жалпылау ойындарын атап айтуға болады:
- Егер мектеп жасына дейінгі балалар ойынға қатыса отырып жаңа білім, білік және дағдыларды меңгерсе немесе оларды ойынға даярлық үдерісінде ие болуға мәжбүр болатын Оқыту ойыны болады. Әрі десе білімді меңгеру нәтижесі, танымдық іс-әрекетке түрткі болатын ойында ғана емес, сонымен қатар материалдың мазмұнының өзінде жақсы болады.
- Қайталаудан, бекітуден, ертеректе алынған білімдерін тексеруден тұратын дидактикалық мақсат Бақылау ойыны болады. Оған әрбір бала қатысу үшін нақты бір дайындық қажет.
- Білімді кіріктіруді талап ететін Жалпылау ойыны. Олар түрлі жағдайларда әрекет ету білігін алуға бағытталған затаралық байланысты орнатуға ықпал етеді.
Қазіргі таңда МДҰ тәрбиелеу-оқыту үдерісінде компьютерлік дидактикалық ойындарға ерекше орын бөлінеді. Компьютерлік ойындарды қолдану ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балаларға өте қызықты. Компьютерлік бағдарламаның бейнелілігі мен серпінділігі, музыкалық безендірілуі, ойын түрі, жалпы тілектестік ахуалы баланың беріліп ойнауына, танымды қуана сезінуге, жаңалық ашуға мүмкіндік береді. Интерактивтік дидактикалық ойындар баланың жан-жақтылығының және шығармашылығының дамуына ықпал етеді. Баланың қабылдау, көру-қозғаушы үйлесімділігі, ойлау қабілеті, танымдық уәжі, ерікті есі мен зейіні; әрекет жоспарын құру, тапсырмаларды қабылдау мен орындау біліктілігі дамиды.
Қолданыстағы оқыту бағдарламаларын былайша жіктеуге болады:
- Ес, қиял, ойлау және т.б. дамытуға арналған ойындар;
- Жақсы анимациямен «Сөйлейтін» тілдер сөздігі;
- Ойын-саяхат;
- Сурет қоры бар қарапайым графикалық редактор;
- Оқу, математика және т.б. үйрету бойынша қарапайым бағдарламалар;
- Мультимедиалық тұсаукесерді қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет