Дәріс тұЛҒаның мотивациялық сферасы


Маслоудың қажеттілік теориясы (иерархиясы



бет4/7
Дата18.02.2024
өлшемі0.64 Mb.
#492342
1   2   3   4   5   6   7
2-лек психол

1. Маслоудың қажеттілік теориясы (иерархиясы) Американ психологы Абрахам Маслоу жасап шығарған кең танымал және көп қолданылатын қажеттіліктер теориясы мына негізгі идеялардан және алғышарттардан тұрады:
- Адамдар үнемі белгілі бір қажеттіліктерді сезінеді;
- Адамдар қатты сезілетін қажеттіліктердің жиынтығын байқайды; ол қажеттіліктер бөлек топтарға бірігуі мүмкін;
- Қажеттіліктер топтары бір – бірімен иерархиялық қатынаста орналасады;
- Қажеттіліктер қанағаттанбаған жағдайда олар адамдарды белгілі бір іс–әрекеттерге итермелейді;
- Егер де бір қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнына қанағаттандырылмаған басқа қажеттілік пайда болады;
- Жоғары деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер жалпы түрде қанағаттандырылған соң белсенді түрде адамға әсер ете бастайды;
- Жоғары деңгейдегі қажеттілік тертөменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда амалдардың көп мөлшерімен қанағаттандырылуы мүмкін;
Маслоудың теориясы бойынша қажеттіліктерді бес топқа бөлуге болады: Маслоу концепциясы бойынша, әрбiр адамда өмiрге келген сәттен бастап, белгiлi бiр қажеттiлiктер жүйесi бiрге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлiнiп орналасқан.
Қажеттiлiктердiң деңгейi неғұрлым төмендеген сайын оның адам өмiр сүруi үшiн маңызы күрделiленiп, адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi ретiндегi маңызы артады. Осы төменгi деңгейдегi қажеттiлiктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттiлiктерi бой көрсете бастайды.
Физиологиялық қажеттiлiктер; (тамақ, демалу, шөл, жыныстық қатынас)
 Қауiпсiздiк қажеттiлiктерi;(өзiн, сәтсiздiк, қорқыныш жағдайларынан қауiпсiз сезiну, өз-өзiн қорғау қажеттiлiгi),
 Сүйiспеншiлiк және өзiн қабылдау қажеттiлiгi; (өзiнiң белгiлi бiр ортада қабылдануы, танылуы, ұнатуы сезiмдерiне бөлену қажеттiлiгi),
 Өзiн құрмет тұтуға қажеттiлiк (өзiнiң қажеттiлiгiн сезiну, бiлiктiлiк, табысқа жету, құптау, жетiстiгiн мойындату).
 Өзiн жүзеге асыруға немесе жетiлдiруге қажеттiлiк; (өз мақсатын, қабiлеттерiн жүзеге асыру, жеке тұлғасын дамыту).
Бұл теория бойынша, ең маңыздысы- өз-өзiн актуализациялауға деген қажеттiлiк.
Қажеттiлiктердiң иерархиялық жүйесi бастапқы мотивацияның -өзiн-өзi актуализациялауды жүзеге асыруға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет