Дәрістемелер кешені дәріс Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы


Тұрмыстық қызмет мекемелерінің құрылымы



бет7/24
Дата20.02.2023
өлшемі160.97 Kb.
#469796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
ДӘРІСТЕМЕЛЕР КЕШЕНІ

3.3Тұрмыстық қызмет мекемелерінің құрылымы
Қызмет саласы немесе «сервис» әлемнің көптеген мемлекеттерінде қабылданған экономикалық қызметінің жіктелуіне сәйкес экономиканың үшінші секторына жатқызады. Өткен жүз жылдықтың 60-70-шы жылдарынан бастап әлемде осы сектордың қарқынды өсуі байқалады, және ол жоғары дамыған елдердің экономикасында үстемдік жағдайға ие болды. Экономикалық қызметінің жалпы жіктеушісіне сәйкес тұрмыстық қажетін өтеу бөлімінің құрамына келесі қызметтер кіреді:
- жеке қолданыстағы заттар мен тұрмыстық бұйымдар жөндеу;
- сағат және зергерлік бұйымдар жөндеу;
- киімді тігу және жөндеу;
- шаштараздың қызметі
- киімнің химиялық тазалау, жуыхананың қызметі;
- фото қызмет көрсету;
- ломбардтардың қызметі;
- жуынатын орындардың қызметі;
- жиһаздарды құрастыру және жөндеу;
- аяқ қиім жөндеу;
- салттық қызметі
Шаштараздардың қызметі
Бұл кәсіпорындар, жұмыскерлер санын және қызметтер айналымы үнемі өсетін тұрмыстық сервис саласы.Шаштараздардың қызметі осы кезеңде нарықтық жағдайда белсенді түрде дамуда. Даму ерекшеліктері:
- халыққа қызмет көрсету деңгейін жоғарлату керек, баға мен ұсынылып жатқан қызмет сапасының қатынасын қамтамасыз ету керек.
-шаштараздарды шагын аудандарда ашу керек.
-халықтың аз қамтылған тобына осы қызмет көрсету түрі бойынша жеңілдіктер жүйесін енгізу қажет.
Киімді химиялық тазалау орны мен жууханалардың қызметі
Кәсіпорындар текстильдік бұйымдарды, трикотажды, замш, тер мен жүн бүйымдарды химиялық тазалау, ойыншықтар, кір жуу бойынша толық қызметтерін көрсетеді. Қосымша қызметтер түрі көрсетіледі, мысалы жылдам тазалау, (48, 24 сағаттың ішінде), үйге дейін жеткізу, кілемдер мен еден үстіне төсегіштерді тазалау.
Осы қызмет түріне ерекше көкейкесті мәселе бағалық қол жеткізулігі. Киімді химиялық тазалау – бұл материал мен қуатты көптен, қымбат тұратын, техникалық жағынан күрделі жабдықтарды қажет ететін өндіріс. Көбінесе шет елдердің химиялық заттарды қолданылады, сондықтан да қызметтің өзінің бағасы жоғары болып қалыптасады. Оған қоса химиялық тазалау кәсіпорынның техникалық қайта жаңартуы едәуір қаржының салу керек етеді, ол үшін мүмкіншілікті несие қаражаттары қажет.
Химиялық тазалау және жуухана кәсіпорындарының техникалық қамтамасыз етілуінің жоғары деңгейі сәйкес келетін кадрларды даярлау және олардың біліктерін арттыру деңгейін қажет етеді.
-халық осы мерзімде жуухана мен химиялық тазалау қызметінде толығынан қамтамасыз етілген.
-химиялық тазалау орындары мен жууханаларға қолжеткізерлік несиелік ресурстар түрінде қолдауды қажет етеді.
- осы қызмет түрінің негізгі мәселелердің бірі бағаның жоғары деңгейі болып табылады. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру және бағаның төмендеу үшін кәсіпорындар желісін ары қарай дамыту қажет.
- халыққа қызмет көрсету деңгейін жоғарлату керек, баға мен ұсынылып жатқан қызмет сапасының қатынасын қамтамасыз ету керек.
- химиялық тазалау орындары және жууханалар үшін кадрларды даярлау сұрағын қарастыру кере
Фото қызмет.
Халық арасында құжаттарға арналған фотоларды даярлау, фотопленкаларды шығару және әуескер фотографияларды даярлау қызметі өте үлкен сұранысқа ие болады. Соңғы екі жыл ішінде нарықта фотоқызметтің бүгінгі заманға сай қызметті көрсете алатын мүмкіндікті беретін цифрлық технологияларға өту байқалады. Анықтағыш фактор және фотоқызметтердің сапасының кепілі мамандардың кәсіби жоғары деңгейі болып табылады.
- фотоқызметтер бүгінгі кезеңде белсенді түрде даму үстінде және одан да жоғары деңгейге шығуда.
- фотоқызмет көрсететін кәсіпорындарға арналған кадрларды даярлау сұрағын қарастыру қажет.
Тұрмыстық және сервистік қажетін өтеу қызметтерге бағаның динамикасы белгілі мәселелердің болуына көрсетеді. Кейбір қызмет түрлеріне баға 2 еседен жоғары өсті. Бұған қызметтің өзбағасының өсуі мен басқа да факторлардан басқа ортаның бәсекеге қабілетті толық дамымағаны себеп болып тұр. Бағаның жоғары болуы орта және ортадан төмен табысымен халықтың тұрмыстық және сервистік қызметтердің пайдалану мүмкіншілігін азайтады, ал халықтың материалдық аз қамтылған ортаға қол жеткізелмей алатындай жасайды.
Оған қоса, жоғарлатылған баға «көлеңкелі» секторда қызмет көрсетуіне әкеледі, әсіресе шаштараздардың, тұрмыстық машиналар мен құралдардың жөндеу және техникалық қажетін өтеу, тігін бүйымдардың тігу және жөндеу бойынша қызметтері.
«Көлеңкелі» сектордағы қызметтерді тұтыну тұтынушыларға ешқандай кепілдік бермейді және жиі азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтіру қауіпі пайда болады.
Осыменен жалпы саладағы оңды экономикалық көрсеткіштерге қарамастан, халықтың тұрмыстық және сервистік қажетін өтейтін кәсіпорындардың қызметтерін жетілдіру және ары қарай дамыту үшін мәселелер қатарын шешу қажет.


Бақылау сұрақтары:
1. Мекемелердің қызметтері. Кәсіпкерлік түрлері
2. Тұрмыстық қызмет көрсетудің топтастырылуы
3. Меншік үлгісі бойынша қызмет көрсету мекемелері
4. Қызмет көрсету түрлерін ұйымдастыру


Қолданылған әдебиеттер тізімі

        1. Булатова З.Г. Технико-экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий бытового обслуживания: Учебник для вузов М.: Легпромбытиздат,1991

        2. Торопов Д.И. Социальное развитие сельских территорий: проблемы и пути решения/ Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий.- М.:,2003



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет