Дәріс 3. Тұрмыстық қызмет мекемелері
3.1 Тұрмыстық қызмет мекемелері. Оларға сай ерекшеліктері
3.2 Тұрмыстық қызмет мекемелерінің функционалдық бағытталуының топтары
3.3Тұрмыстық қызмет мекемелерінің құрылымы
3.1 Тұрмыстық қызмет мекемелері. Оларға сай ерекшеліктері
Нарықтық экокномика жағдайында басты орында кәсіпкер болып табылады. Кәсіпкерлік статусы кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін беріледі. Бұл жерде кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып жеке тұлға, сондай-ақ бірнеше тұлғалардың бірігуі де табылады. Сонымен, кәсіпорын – кәсіпкермен немесе оладың бірігіп өнім өндіру, жұмысты орындау және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында, пайда табу үшін біріккен жеке шаруашылық субъект.
Кәсіпорынның мақсаты – қоғамдық талаптарды қанағаттандыру және таза табыс (пайда) табу болып табылады.
Шындығында, кәсіпкерліктің негізгі мақсаты – пайда табу, бірақ кез келген жолмен емес. Дамыған нарықтық қатынастар екі жағдайда да өзара үйлестіре алуды талап етеді. Кез келген кәсіпорынды ашу кезінде оның нақты және айқын мақсаты болу керек. Кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару жағдайында жұмыс атқарады. Барлық кәсіпорындарға тән жалпы ережелері:
Өндірістік- техникалық бірлестік – кәсіпорын мамандану деңгейіне байланысты тұрмыстық қызмет көрсетуді номенклатураға байланысты атқарады. Олар өздерінің қызметтеріне сәйкес материалды жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
Ұйымдастырушылық бірлестік – кез-келген кәсіпорынның еңбек ұжымының мүшелері белгілі бірдей нұсқау бойынша қызмет атқарады.
Әлеуметті-экономикалық бірлестік – кәсіпорында бірдей жоспар мен есеп жүйесі бойынша анықталады. Жалпы материалды- техникалық және қаржы ресурстарын иелене отырып, оларды тиімді қолдануды ұйымдастырады.
Нарықтық экокномика жағдайында басты орында кәсіпкер болып табылады. Кәсіпкерлік статусы кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін беріледі. Бұл жерде кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып жеке тұлға, сондай-ақ бірнеше тұлғалардың бірігуі де табылады. Сонымен, кәсіпорын – кәсіпкермен немесе оладың бірігіп өнім өндіру, жұмысты орындау және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында, пайда табу үшін біріккен жеке шаруашылық субъект.
Кәсіпорынның мақсаты – қоғамдық талаптарды қанағаттандыру және таза табыс (пайда) табу болып табылады.
Шындығында, кәсіпкерліктің негізгі мақсаты – пайда табу, бірақ кез келген жолмен емес. Дамыған нарықтық қатынастар екі жағдайда да өзара үйлестіре алуды талап етеді. Кез келген кәсіпорынды ашу кезінде оның нақты және айқын мақсаты болу керек. Кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару жағдайында жұмыс атқарады. Барлық кәсіпорындарға тән жалпы ережелері:
Өндірістік- техникалық бірлестік – кәсіпорын мамандану деңгейіне байланысты тұрмыстық қызмет көрсетуді номенклатураға байланысты атқарады. Олар өздерінің қызметтеріне сәйкес материалды жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
Ұйымдастырушылық бірлестік- кез-келген кәсіпорынның еңбек ұжымының мүшелері белгілі бірдей нұсқау бойынша қызмет атқарады.
Әлеуметті-экономикалық бірлестік- кәсіпорында бірдей жоспар мен есеп жүйесі бойынша анықталады. Жалпы материалды- техникалық және қаржы ресурстарын иелене отырып, оларды тиімді қолдануды ұйымдастырады.
Отандық мамандану мен ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, ұйымдастыру- құқықтық түрлеріне байланысты кәсіпкерлік келесі түрде бөлінеді:
Акционерлік қоғам;
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
Толық серіктестік;
Коммандитті серіктестік;
Өндірістік кооператив;
Заңды тұлғалардың ассоциация (бірлестік) түрде бірігуі;
Коммерциялық емес ұйымдар.
ҚР шаруашылық субъектілерінің негізгі жағдайларына қысқаша тоқталайық:
1) Акционерлік қоғамдық жарғылық капиталы бірнеше акцияларға бөлінген; оның мұшелері өздерінің міндеттерімен жауап береді және қызметке байланысты шығындардың тәуекелдігіне тікелей байланысты.
Акция- акционерлік қоғамға салған капиталын растайтын және дивиденд түрінде белгілі бір пайда алуды көздейтін бағалы қағаз. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам акцияларға ашық түрде иеленуге құқық береді. Ал жабық акционерлік қоғам – оның акциялары тек белгілі бір тұлғалар арасында ғана бөлінеді.
АҚ жалпы акционерлер жиналысында жарғылық капиталды акцияның номиналды құнын көбейту және қосымша акция шығару арқылы ұлғайтады. Оның шешімін АҚ директорлар Кеңесі дайындайды.
Акция қарапайым және артықшылығы бар, атаулы болып бөлінеді. АҚ жоғарғы басқару орны жалпы акционерлер жиналысы, ал жиналыстар арасында басқару қызметімен таңдап алынған директорлар Кеңесі болады.
2) Шаруашылық серіктестер. Шаруашылық серіктестік деп құрылтайшылардың үлесіне жарғылық капиталды бөлетін коммерциялық ұйымдар есептеледі. Шаруашылық серіктестіктің негізгі құжаты құрылтайшылар келісімі мен жарғы, олар нотариалды түрде рәсімделеді. Серіктестік бір немесе бірнеше физикалық тұлғалармен құрылуы мүмкін. Шаруашылық серіктестің жоғарғы органы болып оның мүшелерінің жиналысы табылады. Серіктестіктің ұжымдық органы ретінде келесілер құрылады: басқару (дирекция), бақылаушы кеңес, басқада органдар. Шаруашылық серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), қосымша жауапкершілігі бар серіктестік (ҚШС), коммандитті серіктестік (КС), толық серіктестік (ТС).
ҚР азаматы тек бір ғана ТС-ке мүше бола алады. Толық серіктестіктің жарғылық капиталының көлемі оның құрылтайшылармен белгіленеді.
Коммуандитті серіктестік (сенім бойынша серіктестік) серіктестің міндеттері бойынша қосымша жауапкершіліктерге жауапты және кәсіпкерлік қызметке қатысты болмайды.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік жарғылық капиталға қосқан үлестерімен, қажет болған жағдайда уақытша салымдарымен жауап береді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) өздерінің міндеттемелері мен шағын келтіруі мүмкін тәуекелділікпен жауап бермейді. Оның негізгі құжаты құрылтайшылар келісімі және жарғы. ЖШС жоғарғы басқаруы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.
3) Өндірістік кооператив деп өз еріктерімен бірлескен өндірістік бірлестік табылады. Кооперативтің табысы оның мүшелері арасында бөлінбейді және ол белгілі мақсаттарға жұмсалады. Кооператив тарағанда немесе одан кетуде оның мүшелері тиесілі бөлшегін алуға құқығы бар.
Қазақстан әлеуметтік – бағытталған нарық жолын таңдады. Республиканың экономикасында қазіргі таңда нарықтық кәсіпорынның жұмыс атқаруына бар негіздемелер жасалған. Көптеген объективті және субъективті себептерге байланысты олар толығымен жұмыс атқармайды.
Сонымен қатар экономиканың дамуына келесідей болжаулар мен мақсаттар белгіленген:
ҚР экономикалық еркіндікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қазақстанның экономикасы елдің ішіне бағыттау;
Республика мен оның аймақтарында әлеуметтік- экономикалық деңгейді жоғарылату;
Шикізаттық экономиканы реттеу, бәсекеге қабілетті өнімді өндіру;
Экономикалық базаны құру және оның алдағы уақытта әлемдік экономикаға интеграциясы.
Қазақстан экономикасы макроэкономикалық тұрақтылық пен инфляция деңгейін инвестициялауға көшіру ретінде жаңа даму кезеңінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |