3.2 Тұрмыстық қызмет мекемелерінің функционалдық бағытталуының топтары
Қазіргі кездегі әлеуметтік-мәдени жағдайы жағымсыз процестерімен, мәдениетпен, өмірден балалар мен жастардың, ересектердің алыстауымен, мәдени мекемелерінің қаржылық көмек көрсетілмеуімен, соның ішінде мәдени көңіл көтеру орталықтарының аздығымен олардың дұрыс жұмыс жүргізбеуімен сипатталады. Көңіл көтеру мәдениеті – бұл ең алдымен тұлғаға бос уақытын өткізуге мүмкіндік беретін жеке қасиеттермен сипатталатын ішкі мәдени қасиет. Тұлғаның бос уақытындағы іс-әрекеті оны қоршаған ортамен, мәдени көңіл көтеру орталықтарымен сипатталады.
Мәдени көңіл көрсету орталықтарының іс-әрекеті болса, тек қана көңіл көтеру жүйесінің ұйымдарымен ғана емес, психологиялық,педогогикалық факторлармен сипатталады. Ал жастардың көңіл көтеру саласындағы іс-әрекеттері қарым-қатынасқа және шығ\қа қызығушылығына байланысты. Сондықтан тұлғаның топтардың ұжымның психиологиясын толық зерттегенде ғана мәдени шараларының бірі болады.
Көңіл көтеру шынайы жоғары мағынасы көрікті әрі қымбат сүікті істерді өзіне жақындатып, қажет емес пайдасызына алыстау. Осы арқылы көңіл көтеру жас тұлға үшін өмір сүру тәсілімен бос уақытын қызықты, пайдалы іс-әрекеттермен толтыруға мүмкіндік береді. Мекемелердің мәдени дамуы,қалыптасуы байланысты: клубтар, мәдени сарайы, мәдени көңіл көтеру орталықтары, ұлттық шығ\қ орталықтар кинотеатрлар, кітапханалар. Сондай-ақ осы мекемелердің қызметкерлерінің іс-әрекеттері де маңызды болып табылады. Осы уақытты тиімді ұйымдастыру тұлғаның жаңа әсер алуының білімін,шығармашылығын, қабілетін жетілдіргенінің нәтижесі болып табылады. Көңіл көтеру құрлымы бір-бірімен психологиялық және маңыздылығына, эмоциялық көлемі мен рухани белсенділік деңгейімен ерекшеленетін бірнеше деңгейден тұрады. Ол жұмыс барысындағы күш-жігердің орның толтыруға бағытталатын және активті және пассивті түрлерге бөлінеді. Пассивті демалыс шаршауды шығаратын және күшті қалыпқа келтіретін жағдаймен сипатталады. Оған газет, үстелді ойындар жатады. Активті демалыс белгілі бір деңгейде адамның күш жұмсауын талап етеді. Ол жұмыс істеу кезінде қозғалмаған бұлшықеттер мен психиологиялық функцияларды қызметке келтіреді. Активті демалысты пассивті демалыстан салыстырғанда активті демалыс – қосымша күш, дайындықты талап етеді. Дене шынықтыру, физикалық-психиологиялық жаттығулар, туризм, ойындар, музей, театр.
Зерттеушілерактивті дайындайтын 3 негізгі қызметін қарастырады:
1.Қалыптастыру;
2.Дамыту;
3.Үндестіру.
1.Адамды психологиялық мағынасымен және жоғары жұмыс қабілеттілігімен қамтамасыз ету;
2.Дамыту бойынша - рухани, физикалық күштерін дамытумен қамтамасыз ету;
3.Тән және жанның үндестігін қамтамасыз ету.
Туристік кәсіпорын бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өдіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес ШЖС. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталатын шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.
Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытта, демалыста ұйымдарға және халықты емдеуге,таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген (лицензия) және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталатын қызмет түрін жүзеге асырады.
Тур.операторлық қызмет қызметтің осы түріне лицензиясы бар, заңды тұлғалардың өзінің туристік өнімін қалыптастыру, ұсыну және туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызмет. Ал туристік агент қызметі – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну, өткізу жөніндегі қызметі.
Тур – белгілі мерзім шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын қызмет көрсету кешені.
Туристік жолдама – туристік қызмет көрсету кешенің алуға құқықты растайтын құжат.
Туристік өнім – саяхат барысында туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті туристік қызмет көрсету жиынтығы.
Туристік қызмет көрсету туристік саяхат кезінде және осы саяхатқа байланысты туристің қаж\н қанағаттандыру үшін маңызды зор қызметтер. Туризмнің тиімділігі келесі функциялардың жиынтығынан тұрады: 1.Туризм – валюталық түсім көзі және ел ішіндегі халықты жұмыспен қамту.
2.Туризм – елдің төлем балансына төлемдерді кеңейтеді. 3.Туризм – осы салаға қызмет көрсететін салаларды дамыта отырып, экономиканың диверсификациялануына ықпал етеді.
Туристік индустрия туристерді орналастыру құралдарын, көліктің, қоғамдық тамақтану объектілерінің ойын-сауық объектілері мен құралдарының танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық, өзге де мақсаттағы объектілердің туристік қызметті жүзеге асыру ұйымдарының, сондай-ақ экскурсиялық қызмет, гидтер қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы. Туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлері:
1.Тауарлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
2.Тұтынатын орындар жөніндегі қызмет көрсету;
3.Тамақтардың қызмет көрсету;
4.Ақпараттық жарнамалық;
5.Ойын-сауық; 6.Көліктік; жалпы туризм;халықтық; ұлттық.
Сауда орындары бойыншы
Бөлшек сауда – тауар немесе қызметтерді тікелей соңғы тұтынушының жеке коммерциялық түрде емес пайдалануына әрбір сату әрекеттері . Бөлшек сауданың тарихы 20 жыл бұрын өндіріс шығарған барлық заттарды табуға болатын дүкендерден басталатын. Кейінірек арнайы дүкендер мен супермаркеттер, күделікті сұраныс дүкендері пайда болады. Соңғы жылдары б.с\ның жаңа түрлері өнімді даналап сататын автоматтар,теледидарлар арқылы,телефон арқылы сата бастады. Бөлшек сауда түрлері: қоймаландыру, тауарларды сақтау қажеттілігі, өндіріс пен тұтыну цикілініңсәйкес келмеуінен туындайды. Фирма қоймаларының саны, түрі, тұратын орны және қойма ішінде сақталуы туралы шешім қабылдауы қажет. Қоймалар мынадай бір-біріне ұқсас қызметті ұсынады:
1) материалдық қорды уақытша орналастыру және сақтау;
2) материалдық ағымды өзгерту;
3) қызмет көрсету жүйесін логистикалық сервистегі қамтамасыз ету.
Фирманың өзіндік және жалға алған қоймалары болады. Қор шығынын анықтағанда шығындар ескеріледі, қор көлемі, өсім саны, қойманы пайдалануға кеткен шығын.
Қойма жүйесі лонгистика жүйесінің бір элементі болып табылады. Оған тауар өндірушінің қоймалары, тарату орталары, контейнерлер, терминалдар, тағы басқа қойма объектілері кіреді.
Тарату орталықтарға әр-түрлі кәсіп-орындардан тауар қабылданып оны тапсырушыға жеткізіп ірі автоматтардын қоймалары жатады. Тасымалдау көлік құралдарын таңдағанда шығыны мен жыл ағымын және көлік түрінің, өнімдерінің ерекшкліктеріне сәйкес келуін қарастырады. Тасымалдау мақсаттары:
1) көлік түрлерін таңдау;
2) тасымалдау барысын қоймалық және өндірістік процесін біріктіріп және жоспарлау;
3) әр-түрлі көліктер түрлерімен тасымалдау процесін бірлесе жоспарлауы;
4) қоймалау және тасымалдау процесін техникалық қамтамасыз ету;
5) тиімді жеткізу маршрутын анықтау.
Көлік түрін таңдауға әрекет ететін себептер: -жылдамдығы; -өнімділігі
-өткізу қабілеті; -қолайлылығы; -бағасы.
Көтерме сауда – тауарды немесе қызметті сатып алып оны қайтара сатушыға немесе кәсіпшілікке немесе пайдаланушыға сату әрекеті (оптом).
Көтерме саудашыға бөлшек саудадан айырмашылығы: 1) Көтермеші ынталандыруға, өз кәсіп орындарының атмосферасына, орналасуына аз көңіл бөледі, өйткені ел соңғы тұтынушылар мен емес, кәсіпкер клиент иесі жұмыс атқарады.
2)Көлемі көп болады;
3) Үкімет , заң жинақтары, салықтан көтерушілермен, болып салыстыруға әр-түрлі көзқараспен қарайды;
Көтерме саудалардың қызметі:
1)Өткізу және ынталандыру;
2) Қызметтік тауар ассортиментін сатып алу және құрастыру; Көтерменің бұйымдарды таңдап алып, қажетті тауар ассортиментін құрастыруға мүмкіндік бар;
3) Тауардың ірі партияларын майда партияларға бөлу. Көтермешілер клиент қаражаттарын үнемдеуге таурларды вагондап, сатып алып, майда партияларға бөліп, клиенттер қаражаттарын үнемдеуге көмектеседі.
4) Жинақтау және сақтау. Көтермешілер тауарды сақтау арқылы тұтынушылардың шығындарын азайтады.
5) Тасымалдау. Көтермешілер өндірушілерден гөрі клиенттерге жақын болған тауарды оперативті түрде жеткізуді қамтамасыз етеді. 6) Қаржылау. Көтермешілер несие беру арқылы өз клиенттерін қаржыландырады, тапсырыстарды алдын-ала беру, көтеру қауіптілігін өз мойынша нарықтық алады.
7) Нарық туралы ақпарат беру.
Меншік үлгісі бойынша қызмет көрсету кәсіпорындары жеке меншік сектор және мемлекеттік сектор болып бөлінеді.Жеке меншікке банк, дистрибьютер және консалттік компьютерлік қоймалар т.б. жатады. Мемлекеттік секторға полиция, мемлекеттік аурухана, фирмалар жұмыс жасайтын нарық бойынша тұтынуға: үй шаруашылығы, сақтандыру, бөлшек сауда және т.б. жатады. Кәсіпорын шаруашылығына: кеңес беру, коммерциялық жұмыстар.
Адамдармен байланыстының дәрежесі бойынша: жоғары байланыстық қызметтер (шаштараз,дәрігерлік); төмен байланыстық қызметтер (химиялық тазарту, автомобиль жуу, жөндеу орталықтары).
Қызметті көрсете алуы бойынша: адамдар және автоматтандырылған қорлар.
1. Адвокат, білім беру, делдалдық;
2. Сауда автомобильдері, ойын автоматтары.
Әлеуметтік- тұрмыстық қызметтердің салалық құрылымын бір- бірінен ерекшелендіретін белгілері өндірістік процестердегі материалдар мен шикізаттар, материалды- техникалық базалары, технологиялық процестер мен кадрлардың мамандану деңгейі және т.б. болып табылады.
Ірі мамандандырылған кәсіпорындарда әлеуметтік- тұрмыстық қызметтердің нақты іс- әрекеттері арнайы салалық топтарға жинақтау болады. Мыс тұрмыстық номиналар мен құралдарды жөндеу, теледидар аппараттарын жөндеу және т.с.с.
Әлеуметтік- тұрмыстық қызметтердің салалық топтарының мамандану негізіне келесідей сипаттамалар көрсетілді: қызметтік бағат; тұрмыстық қызметпен айналысатын қызметкерлердің жұмыстарының сипаттамасы мен соңғы нәтижесі; қолданылатын материалдардың бір тектілігі; кадрлардың мамандану деңгейі; ұйымдастыру құрылымы, қызмет көрсетудің сапасы, қызметке деген сұраныс.
Тәжірибеде тұрмыстық қызмет көрсететін қызметкерлердің сипаттамасы мен соңғы нәтижесі бойынша топтастыру пайдаланылады, ол екі топқа бөлінеді; өндірістік (материалды) және өндірістік емес (материалды емес).
Өндірістік екі топқа бөлінеді:
Халықтың тапсырысы бойынша заттармен құралдарды дайындау (киім тігу, аяқ-киім және т.б).
Бұйымдарды жөндеу және қалпына келтіру.
Өндірістік емес әлеуметтік- тұрмыстық қызметтерге келесілер жатады:
Монша, шаштараз, жіне т.с.с. Сонымен қатар салалық сипаттамалар бойынша да бөлінеді: мысалы, тігін киімдерін тоқу, аяқ- киім, бас киім дайындау, жиһаздар дайындау және т.с.с.
Өндірістік қызметтің әлеуметтік- экономикалық тиімділігін толық талдау үшін қызмет көрсетудің ұйымдастыру, өндірістің есептеу түрлері мен тәсілдерін қолдану қажет.
Қызмет көрсету түрлері деп тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру қарастырылады, ол келесі түрде жүзеге асырылады:
Қызмет көрсету орны бойынша;
Мекен – жай орны бойынша;
Қызмет көрсету мерзімі бойынша;
Ұйымдастыру тәсілдері бойынша.
Әлеуметтік- тұрмыстық қызметтің есептеу түрі бойынша келесідей топтарға бөлінеді:
Тұтыну құралдарын зауыт- дайындаушының есебі бойынша жөндеу жұмыстарына кепілдік беру қызметі:
Тапсырыс берушінің толық есептеуі бойынша ақылы жөндеу қызметі.
Қызметке деген сұраныс сипаттамасы бойынша келесідей топтарға бөлінеді:
Тұрақты сұраныс қызметі (аяқ- киім жөндеу, монша қызметі және т.с.)
Кезекті сұраныс қызметі (аяқ- киімді жеке дайындау және т.с.с.)
Эпизодты сұраныс қызметі (ұзақ мерзімді қолданылатын құралдарды жөндеу)
Қызмет көрсету процессі өндірістік сипаттағы және өндірістік емес сипаттағы процестерге бөлінеді.
Өндірістік қызмет көрсету процессі келесідей қызметтерден тұрады: қызметке тапсырыс қабылдау, қызметтік өндіріс және тапсырыс берушіге тапсырысты ұсыну. Қызметке тапсырыс қабылдау процессі қызмет көрсету түрлеріне байланысты болады. Мысалы, тұрмыстық техниканы жөндеу ақауды анықтау, қызметке тапсырысты рәсімдеу, жөндеу құнын есептеу, төлем қағазын беру және т.с.с. Бұлардың барлығына қойылатын талап біреу ғана, тапсырыс қабылданып және ол минималды мерзімде орындалу.
Әлеуметтік- тұрмыстық қызметтің өндірістік процесі көптеген ұсақ процестерден тұрады және олар әртүрлі сипатта, түрде болады. Барлық бөлшектік процестерді негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Қызмет көрсетудің минималды мерзімін қамтамасыз ету кеңістікте де, уақыттағы рационалды процестерге байланысты болады. Мұнда халыққа қызмет көрсету процессін өндірістік қызмет көрсету процесін айыра білу керек.
Маманданған кәсіпорында өндірістік қызмет көрсету келесідей ұйымдастыру принципін сипаттайды: паралельдік, арнаушылық, үздіксіздік, пропорционалдық, түзу нүктелілік.
Достарыңызбен бөлісу: |