Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: екінші
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым
2С
2
Н
5
ОН + 2Na → 2C
2
H
5
ONa+ Н
2
↑
Ал диметил эфиріндегі сутектер белсенді металмен орынбасу реакциясына түспейді.
4. Зат молекуласының құрылысы мен қасиеттерінің арасындағы өзара байланысқа қысқаша
тоқталайық. Жоғарыда қарастырылған мысалдан молекулалық құрамдары бірдей екі заттың
біреуі (диметил эфирі) белсенді металдармен әрекеттеспей, ал екіншісінің (этил спиртінің)
әрекеттесетініне көз жеткіздіңдер. Осыдан диметил эфирі құрамындағы сутектердің бәрі
көміртек атомдарымен байланысқанын, ал этил спиртіндегі белсенді металға орнын
алмастырған бір сутектің оттек атомымен жалғасып тұрғанын болжауға болады.
Диметил эфирі мен этил спиртінің мысалында келтірілген құрылымдық формулалары
арқылы жалғасып тұрған атомдар бір-біріне әсер ететіндіктен, заттардың қасиеттері
(физикалық та, химиялық та) өзгеше болатынын білдіңдер. Органикалық химиямен кеңірек
танысқаннан кейін өздерің де құрылымдық формулалары бойынша заттардың қасиеттерін
болжай аласыңдар.
Бутлеров Александр Михайлович (1828-1886) Орыс химигі. Органикалық қосылыстардың
химиялық құрылыс теориясының негізін қалады. Теорияға сүйене отырып бірқатар жаңа
қосылыстарды болжап, тұңғыш рет синтездеді. Көптеген органикалық, қосылыстардың
изомерленуін болжап түсіндірді (1864 жылы). Қанықпаған көмірсутектердің полимерлену
реакциясын ашып, жоғары молекулалық қосылыстарды синтездеу жолын тапты. Этиленді
гидраттау жөніндегі жұмыстары этил спиртін алудың қазіргі кезде қолданылып жүрген
негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Қантты заттарды синтездеуді алғаш жүзеге асырды.
"Органикалық химияны толык оқуға кіріспе" оқулығын жазды (1864 жылы).
Достарыңызбен бөлісу: |