Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары


мөлшерде кіретіндігіне тәуелді болуымен қатар молекуладағы атомдардың өзара



Pdf көрінісі
бет47/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71
лекции химия

мөлшерде кіретіндігіне тәуелді болуымен қатар молекуладағы атомдардың өзара 
байланысу ретіне де (яғни, химиялық құрылысына) тәуелді болады. 
Молекуладағы атомдардың байланысу реті көрсетілген химиялық формула 
құрылымдың формула немесе құрылыс формуласы деп аталады. Зат молекуласының 
құрылысын осы заттың өзіне ғана тән жалғыз құрылымдың формуласы арқылы 
өрнектеуге болады. 
3. Молекула құрамындағы атомдар мен атом топтары бір- бірінің химиялық 
қасиетіне әсер етеді. Бір-бірімен тікелей байланысқан атомдар мен атом топтарының 
өзара әсерлері күштірек болады. 
4. Заттың қасиеті арқылы оның молекуласының құрылысын анықтауға және 
керісінше оның молекуласының химиялық құрылысы бойынша заттың 
қасиетін болжауға болады. 
Молекуланың химиялық құрылысы 
Енді химиялық құрылыс теориясының кейбіржағдайларын талдап түсінейік. 
1. Органикалық қосылыстар молекуласындағы әр элемент атомы өзінің валенттігіне сәйкес 
(көміртек — төрт, оттек — екі, сутек — бір валентті) белгілі бір тәртіппен қосылады. 
Көміртек атомдары бірімен-бірі және басқа атомдармен ортақ электрон жұптарын түзеді. 
Сендер коваленттік байланыстың екі элемент атомы электрондарының жұптасуы (электрон 
орбитальдарының өзара қаптасуы) арқылы түзілетінін білесіңдер. Молекуладағы атомдардың 
байланысу ретін электрондық формуламен қатар құрылымдық формуласы да бейнелейді. 
Яғни, құрылымдың формула (кейде құрылыс формуласы деп те аталады) молекуладағы 
атомдардың өзара байланысу тәртібін көрсететін формула. 
2. Сандық және сапалық құрамдары бірдей, бірақ қасиеттері әр түрлі заттардың болуын 
химиялық құрылыс теориясы түсіндірді. Молекулалық формуласы бірдей С
2
Н
6
O-ға сай екі 
заттың құрылысы мен қасиеттерін салыстырайық. Диметил эфирінің құрамындағы оттек 
атомы екі жағынан көміртек атомдарымен байланысқан, сутек атомдарының бәрі 
көміртектермен байланысқан. 
Этил спиртіндегі оттек бір көміртек және бір сутек атомымен байланысқан, сутек 
атомдарының бесеуі көміртекпен, біреуі оттекпен жалғаскан. Бұл екі қосылыстың қасиеттері 
әр түрлі. Диметил эфирі бөлме температурасында газ тәрізді, ал этил спирті — сұйық зат. 
Химиялық касиеттері де өзгеше. 
3. Енді молекуладағы атомдар мен атом топтары бір-біріне өзара қалай әсер ететінін 
қарастырайық. Атомдардың (не атомдар тобының) реакцияласу қабілеті олардың қандай 
атомдармен байланысқанына тәуелді. Себебі атомдар мен атом топтары өзара әсерлеседі. 
Бір-бірімен өзара байланысқан атомдардың әсерлері көбірек болады. Жоғарыда 
қарастырылған диметил эфирі мен этил спиртінің құрамдарын салыстырсақ, спирт 
молекуласындағы оттек атомымен байланысқан сутектің қасиеті көміртекпен байланысқан 
сутектердің қасиеттерінен өзгеше. Электртерістігі үлкен оттек атомының әсерінен тек 
оттекпен байланысқан сутек қана белсенді металдармен орынбасу реакцияларына түсе 
алады: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет