Клиникалық белгілері: Өкпе туберкулезінің клиникалық көрінісі аурудың түріне байланысты. Бұл аурудың негізгі белгілерінің бірі - дене қызуының көтерілуі. Көбіне дене қызуы көтерілгенде науқас өз жағдайында болып жатқан патологиялық өзгерістерге мән бермей тұмау, жедел респираторлы ауру деп ойлайды. Дене қызуы өте жоғары көрсеткішке дейін жетіп, 2-3 аптаға созылады да содан соң 37,2-37,4 болып төмендейді. Кейде дене қызуы бір көтеріліп, бір түсуі мүмкін. Дене қызуы жоғары болғандықтан, науқас қатты шаршағыш болады, тәбеті төмендейді. тершең болады,арықтайды. Осындай патологиялық өзгерістер бола тұра, сырқаттанушылар өздерін әлсіреп, шаршаған деп ойлап, дәрігерге тексерілмейді. Кейінірек жауырын түсы ауырады және жөтел пайда бола бастайды. Аурудың ерекшелігінің бірі - жөтелдің сипаты. Басқа өкпе қабыну ауруларынан айырмашылығы - ол аурудың бастапқы кезеңінде жөтелдің баяу білінуі, науқасты тым мазаламайтындығы, уақыт өте келе жөтел үсті-үстіне үдей түседі. Бастапқыда науқастың жөтелі құрғақ болады, бара-бара қақырық сілекей-серозды, іріңді болып келеді, соңында қан аралас болады. Туберкулездің алғашқы кезеңінде объективті тексергенде ешқандай өзгеріс байқалмауы мүмкін, ал егер өзгеріс біліне қалған жағдайда ол өзгерістер аурудың ауырлығына сәйкес келмейді. Тек қана аурудың созылмалы түрінде науқастың терісі, шырышты қабықтары көкшіл болады, интоксикация белгілері айқын білініп, науқас арықтайды. Белсенді туберкулездің негізгі белгісі кеуде клеткаларының ауырсынуы болып табылады.Перкуссия жасағанда өкпе дыбысы зақымданған ошақтың үстінде тұйықталады, ал аурудың кавернозды түрінде қатаң дыбыс шығады. Аускультацияны жүргізгенде бұғана үсті, бұғана астынан, жауырын
үсті және арасынан тыңдайды. Себебі көбінесе өзгерістер өкпенің осы жерлерінде көп кездеседі.
Жалпы қан анализінде белсенді туберкулезде лейкоцитоз болуы мүмкін. Туберкулездің фиброзды – кавернозды түрінде қанда лейкоцитоз, эозинофилия білінеді. Сонымен қатар сырқаттың белсеңді түрінде қақырығын тексергенде ВК (+) анықталады. Спирография, пневмотахометрия әдістерін қолдана отырып, өкпе сиымдылық көрсеткіштерінің төмендегенін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |