Сабақтың жоспары:
1.Созылмалы панкреатит, холецистит этиологиясын
жіктелуін, патогенезін, клиникасын түсіндіру
2. Диагностикасын, емін, ажырату диагностикасын үйрету.
3. Өт жолдарына тас байлануы мен өт жолдарының
дискенезиясы этиологиясын, жіктелуін, патогенезін,
клиникасын түсіндіру
4. Диагностикасын, емін, ажырату диагностикасын үйрету
5. Гепатиттер мен бауыр циррозының этиологиясын
жіктелуін, патогенезін, клиникасын түсіндіру
6. Диагностикасын, емін, ажырату диагностикасын үйрету.
Холецистит- бұл өтқабы қабырғасының зақымдануына,моторикасының бұзылысына әкелетін және өт тастарының түзілуіне септігін тигізетін өтқабының бейспецификалық қабыну ауруы.
Этиологиясы бактериялық инфекция, әсіресе ішек таяқшасы,лямблиялар
Бейімдеуші фактор семіздік, сирек тамақ қабылдау әсіресе ертеңгісін тамақ қабылдамау, жүктілік, гиподинамия. Аурудың қозуы көп мөлшерде майлы қуырған тағам, алкоголь қабылдағанда болады.
Клиникасы майлы қуырған тамақ ішкеннен кейін 1-3сағат өткеннен кейін оң жақ қабырға астында сыздағандай керіп түрғандай ауырсыну басталады. Біртіндеп күшейіп оң жақ иыққа, бұғанаға, жауырынға иррадияция береді. Ауызда ащы дәм пайда болады. Холециститтің 1000 адамға шаққандағы жиілігі 6-7 шамасында. Әйелдерде 3-4 есе жиі кездеседі. Диспепсиялық бұзылыстар болады: ауамен кекіру, ащы дәм сезіну, жүрек айну тәбеттің төмендеуі. Мұндай науқастарда эпигастрий аймағының үнемі ауруы –гастриттің, кіндік маңының немесе іштің төменгі аймағының түйіліп ауруы және іштің қатуы немесе өтуі – созылмалы колиттің, сол қабырғалықтың немесе іштің белді буындырғандай ауруы – панкреатиттің болуын көрсетеді.
Өтқабының және өт жолдарының ана безімен эмбриональдік жаратылыс тегі бір болуынан, кейбір әйелдерде минструациядан 2-10 күн бұрын холециститтің белгілері күшейеді, көңіл – күй нашарлайды, мінездің ұстамсыздығы пайда болады, бас ауырады. Мұның барлығы гормондар арақатынасының өзгерісінен болады. Аллергиясы бар адамдарда есекжем, квинке ісінуі, артралгия,бронхтық спазм, немесе тағамдық аллергия болып тұрады.
Холециститтің көрінісінде кейбір белгілердің басым болуы диагностикаға қиындық келтіреді.Холециститтің себебін табу үшін тамақтану ерекшеліктерін, ертеде гепатит, дизентерия, салмонеллезбен, т.б. аурулармен ауруын және туысқандарында өт жолдары патологиясы болуын мұқият сұрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |