ӨТ ЖОЛЫНЫҢ ТАС БАЙЛАНУЫ
Өт тас аурулары-өт қабында кейде өзектерінде тастардың байлануы. Ауру көбнесе орта жасты және жасы ұлғайған әйелдерде кездеседі.
Бейімдеуші фактор семіздік, гиподинамия, сирек тамақ қабылдау, жиі жүктілік, созылмалы холецистит
Клиникасы-шағымдары холецистит ауруына ұқсайды бірақ шаншу ұстамаларын береді. Оны бауыр шаншуы немесе өт шаншуы. Майлы қуырылған тамақтан кейін басталады.Ауырсыну біртіндеп басталып, біртіндеп күшейе береді, сонымен қатар жүрек айну, лоқсу, құсу қосылады. Ауырсыну оң жақ иыққа, жауырынға бұғанаға беріледі. Тас жылжып немесе ұлтабарға өтіп кетпесе ауырсыну қатты күшті болмайды.Ұстама кезінде ЭТЖ жоғарлайды лейкоцитоз. Ұстаманың уақыты ұзарып кетсе адам сарғая бастайды, үлкен дәреті ағарып зәрі қарая бастайды.Іштің пальпациясында өтқабының тітіркену белгілері анықталады. Көріністің өзге белгілері дискинезияның гипер- немесе гпокинетикалық туріне тәуелді.Өт жолдары дискинезиясының гиперкинетикалық түрі. Көрінісіне оң қабырғалықтың кенет өткір шаншып, түйреп ұстамалы ауруы тән. Ұстамалар қысқа, бірнеше минуттан бір сағатқа дейін.Аурудың өткірлігі кейде өт шаншуына ұқсайды.Шаншудың себебі- Одди Люткенс сфинктерлерінің және өтқабының бір- бірімен келісімсіз, яғни бір уақытта түйілуі,осыдан өтқабыішілік қысымның кенет биіктеуінен өтқабы қабырғасының керілуі.Шаншу қалай кенет басталса, солай басылады,кейде күніне бірнеше рет қайталанады. Ұстаманың кезінде қызу көтерілмейді, лейкоцитоз болмайды Кейде жүрек айну , лоқсу, құсу ішектің дискинезиясы және вазомоторлық, нейровегетативтік синдромдар (терлеу, тахикардия, гипотония, әлсіздік, бастың ауруы) байқалады. Көбінде түнгі ұйқы бұзылады, жүректің тұсы шаншиды. Ұстамадан тыс кезде оң қабырғалықта салмақ сезінуі мүмкін.
Емі. Күшті ауырсынуды наркотикалық аналгетиктермен басады, және кетанал . Қабыну процесі қосылса антибиотиктер тағайындайды.Тас өзекті бітеп қалып ұстама 24 сағат ішінде тарамаса онда хирургиялық ем. Тас өту үшін спазмалитиктер қолданады.
№5 емдәм беріледі, өтқабының түйілуін қоздыратын өсімдік майы, майлы қамырдан, еттен жасалған тағамдар, газды сусындар шектеледі; науқасты аз- аздан күніне рет тамақтандырады. Тағам құрамында жеміс- жидек, көкөніс өнімдерін, өсімдік, жануарлар майын(тоң майдан басқасын) көбейтеді, яғни тағамның өт айдау қасиетін күшейтеді.
Өтқабының тонусы мен жиырылуын арттыратын дәрмектер: церукал 10-20 мг 3рет, тамақтан 15 минут бұрын немесе 2 мг 2рет бұлшықетке; Домперидон 10-20 мг күніне 3 рет, тамақтан 25 минут бұрын; Эглонил 0,05г ½- 2 таблетка күніне 2-3 рет, тамақтан 30 минут бұрын.
Достарыңызбен бөлісу: |