Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет130/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Негізгі синдромдар:

  • Диспепсиялық синдром

  • Цитолитикалық синдром

  • Мезенхимальды – қабыну синдром

  • Холестатикалық синдром

  • Геморрагиялық синдром

  • Гиперспленизм синдром

Клиникалық көрінісі:
Алғашқы белгілері: тәбеттің төмендеуі; астениялық синдром; оң жақ қабырға астының ауырсынуы немесе ауырлықты сезіну; асқазандық, ішектік диспепсияның белгілері (жүрек айнуы, кекіру, қыжылдау, іштің кебуі, ішектің шұрқырауы)
Гепатомегалия – ең жиі (80-90 %) жиі кездесетін белгі. Пальпацияда бауыр тығыз, шеті үшкір, беті бұдыр немесе тегіс.
Спленомегалия – портальды гипертензия дамуының куәгері. Көкбауыр консистенциясы тығыз, шеті жұмыр келеді.
Дене қызуының шамалы көтерілуі. Бұл белгі некроз бен қабыну процесінің күшеюін көрсетеді.
Сарғаю. Цирроздың алғашқы кезеңдерінде сарғаю өтпелі болса, оның кеш сатыларында тұрақтығы айналып, терінің түсі жасыл реңді болады.
Холестаз белгілері: сарғаюмен бірге терінің қышынуы, ксантомалар, тері пигментациясы, остеопороз, қанағыштық.
Тері мен шырышты қабаттары, тері өсіндері өзгерістері: терінің қуқыл, кір басқандай реңі; пальмарлықэритема; тырнақтардың ағаруы немесе ақ дақтардың болуы; саусақ ұштарының дабыл таяқшалары тәрізденуі; бет, жауырын, иық белдеуі терісіндегі және ауыз, мұрын шырышты қабаттарындағы тамыр жұлдызшалары; геморрагиялық диатездің белгілері (петехиялар, қанталау дақтары); “лактанған” жылтыр қызыл тіл, еріннің қызаруы.
Бұлшықеттіңатрофиясы. Бауыр циррозында иық белдемесенің, қабырғааралықтарының, қол- аяқтардың бұлшықеттері басым атрофияланады.
Жүрек-қантамыр жүйесінің өзгерістері: гиперкинетикалық синдром (тері жамылғыларының құрғақтығы мен жылылығы, толық жиі пульс, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, жүрек ұшында систолалық шу, пульстық қысымның биіктеуі, жүректің минутты көлемінің ұлғаюы, шеттік тамырлар тонусының төмендеуі);
өкпенің артерия-веналық анастомоздарынан қанның солдан оңға түсуінен оң қарынша шамасыздығы дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет