Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет127/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Алкоголь(этил спирті) бауыр зақымдануының ең жиі себептерінің бірі болып табылады. Бұл келес і механизм бойынша жүзеге асады:
Гепатоциттер энергияны алкогольден ала бастайды май қышқылдарының қышқылдану процестері тоқтап (бұл қалыпты жағдайдағы энергия көзі болып табылады), май қышқылдары клеткаларда жинақтала бастайды, яғни майлы дистрофия дамиды токсин болып табылатын алкоголь клеткаларда жиналып, оны зақымдайды өлген жасуша маңында қабыну процесі дамиды алкоголь коллагеннің түзілуін белсендіреді қақпа жүйелері мен терминалды венулалардың фиброзы.

  • Майлы дистрофия, әсіресе орталық вена маңында;

  • Гепатоциттарда Мэллори гиалинінің жинақталуы.

Созылмалы токсикалық гепатит. Гепатотропты заттардың субтоксикалық дозаларының ұзақ уақыт әсері кезінде сүлелі токсикалық гепатит дамиды. Сүлелі токсикалық гепатитке аурудың баяу дамуы тән, ол холецистит белгілерінсіз диспепсиялық шағымдармен, бауыр көлемінің ұлғаюы, бауыр клеткаларының қызметтерінің бұзылуларымен
Бауырдың арнайы қызметтерінің біріне белокты синтездеу қабілеті, соның ішінде альбуминді синтездеуде жатады. Токсикалық гепатиттің бастапқы түрлерінде қан сары суындағы альбумин деңгейі төмендейді, ал айқын түрінде осы төмендеу айқынырақ болады.
Қарап тексерген кезде склераның әлсіз иктериялығы, сирек тері жабындыларының сарғаюлары байқалынады. Бауырдың көлемдерінің ұлғаюы, пальпация кездерінде жиектерінің ауырсынулары, өт қабының тітіркену симптомы оң болады(Ортнер, Мерфи, френикус симптомы). «Тамырлар жұлдызшалары» және «алақандағы эритема» көкбауырдың ұлғаюларындай сирек анықталынады.
Ауырсыну синдромы өт қабының және өт жолдарының дискинезиясымен байланысты, ол дуоденалды зондтау кезінде анықталынатын өт қабының жиырылу қызметтерінің бұзылуларымен байланысты, яғни рефлекс болмайды (В порциясы алынбайды) немесе баяулайды (В порциясы спазмолитиктерді қайта енгізгеннен кейін кешігіп шығады). Ұлтабарда қабыну элементтері анықталмайды.
Гепатомегалия (асқынуы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет