Лабораторлызерттеулер:
міндетті:
• қанның жалпы анализі– ЭТЖ жоғарлауы, эозинофилия; жалпы ақуыз – қалыпты;
• ақуыз фракциялары –альфа-2, γ-глобулин деңгейі жоғарлаған ; қан сарысуындағы
биллирубин және оның фракцияларында жалпы билирубин жоғарлаған;
• АсАТ – белсенділігінің жоғарлауы;
• АсАТ – белсенділігінің жоғарлауы;
• ЩФ – жоғарлауы;
• протромбин индекс і– төмендеуі;
• вирусты гепатиттердің сарысулық маркерлері – жоқ.
Инструментальдызерттеуәдістері:
міндетті:
• құрсақ қуысын УДЗ- гепатомегалия, паренхиманың акустикалық тығыздығының
ұлғаюы, спленомегалия.
Көрсеткіштер болса:
• бауыр биопсиясы, гистологиялық зерттеу жүргізу– строманың қабынулық инфильтрациясы, гепатоциттердің некрозы, ацинустардың III немесе I зонасында.
Гепатиттің барлық түрлерінде жасалатын ем- негізгі ем:
1.Бауырға уытты әсер ететін дәрмектерді тоқтату
2.Улы заттармен (пестицидтермен,фосфор туындыларымен т.б) жанасуыды дер кезінде тоқтату.
3. Алкогольді ішімдікті доғару
4. Инсоляциядан ,вакцинациядан ,қыздырынудан сақтану ( саунада жуынудан бас тарту)
5.Ауыр дене қызметімен шұғылданбау
6.Дитотерапия
7. Ішектік детоксикация
Бауыр ауруларында диетотерапия тағайындалады:
№5 диета Витаминдер жеткілікті болу керек.Бұл кезде бауыр ауруларында майдың мөлшерін оншалықты шектемейді – тәулігіне берілетін майдың мөлшері 100г ( 50 г өсімдік, 50 г мал майы). Майды аса шектесе, бауырдың регенерациясы тежеледі және майға еритін витаминдердің тапшылығы пайда болады.Майдың мөлшері тек сарғайғанда шектеледі.
Белоктың мөлшері тәулігіне 120 г, көмірсулар 500 г болу керек. Тыйым салынатын тағамдар: шұжықтар, сосиски, капуста,ысытылған немесе консервант қосылаған тағамдар.
Алкогольдік гепатиттің емі:
1) Парентеральдік детоксикация :
Вена ішіне 200-300 мл глюкозаның 5-10% ерітіндісі +эссенциале 10-20 мл немесе 4 мл липой қышқылының 0,5% ерітіндісі +4 мл пиридоксиннің 5 % ерітіндісі + 4 мл тиаминнің 5 % ерітінідісі немесе – 100-150 мг кокарбоксилаза + 5 мл пирацетамның 20 % ерітіндісі.
Ем курсы- 5-7 күн;
Вена ішіне гемодезді 200-400 мл немесе неогемодезді немесе глюконеоднзді тамшылатады. Ем курсы -2-3 инфузия.
Достарыңызбен бөлісу: |