Асқынулары:
Емі:
Этиологиялық ем. Емнің бұл саласы циррозға алып келген себептің түріне тәуелді.
Вирустық бауыр циррозында интерферон қолданылады.
Алкогольдік гепатитте ішімдіктің барлық түріне тиым салынады.
Біріншілік биллиарлы циррозда (бауыр трансплантациясын күтудегі науқастарға) урсодезоксихол қышқылын қолданылады.
Гемохроматозға байланысты цирроз бауырдағы гистологиялық өзгерістерді қан ағызумен біршама қайтарады, бірақ қалыптасқан циррозға бұл ем әсер етпейді.
Вильсон –Коновалов ауруында купренил цирроздың барысына біршама оң әсер етеді.
Екіншілік биллиарлы циррозда бауырдан тыс өт жолдарының обструкциясы неғұрлым ерте емделуі керек.
Аутоиммунды цирроздың активті фазасында және айқын гиперспленизм болғанда глюкокортикоидты емді қолданады.
Портальды гипертензияда жүргізілетін симптомдық ем:
Қақпа венасында қан қысымын төмендету мақсатымен вазодилятаторлардың біреуін таңдап, үзбестен ұзақ қолданады, мәселен анаприлинді, капотенді, әсері ұзатылған нитраты, кальций антогонисін. Портальдыгипертензияның эндоскопиялық көрінісі Iрi дәрежеден асқанда өңеш венеларыныңсклероздау емін қарастырады.
Ай сайын 200-400 мл плазма немесе 40 г альбуминді құяды. Асцит немесе ісіну пайда болғанда олардың дозасын екі есе көбейтеді.
Верошприон, асцит болмаған жағдайда 3 таблеткадан, асцит болағанда 6 таблеткадан.
Асцит болғанда верошпиронға қоса лазикс 40 мг аптасына 2 рет немесе одан артық
Үлкен дәрет күн сайын жүрмесе, дәрет күн сайын болмағанға дейін күніне 1-3 қасықтан лактулозаны ішеді.
Ферменттік дәрілер: креон, мезим-форте, панкреатин т.б.
3 айда бір мына дәрмектердің біреуімен 7-10 күндік ішектің деконтаминация емі жүргізіледі: канамицин 0,25г 4 рет, стрептомицин 0,25 г 4 рет, фталазол 0,5 г 4рет
Парентеральдывитаминотерапия
Достарыңызбен бөлісу: |