Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет142/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Жедел пиелонефрит.
Клиникалық көрінісі жалпы және жергілікті белгілерден құралады.
Жалпы белгілерге жатады: өте жоғары гектикалық түрдегі қалтырау, шылқылдап терлеу, бас ауру, бұлшық еттерінде және буындарында ауырсыну, жүрек айну, құсу.
Жергілікті белгілерге жатады: бел аймағының бұлшық еттері қатайып белінің ауырсынуы, оң (+) -Пастернацкий симптомы, дизуриялық бұзылыстар - жиі көп мөлшерде кіші дәретке отыру.
Пиелонефрит диагнозын қоюға несепте лейкоцитурияны және бактериурияны анықтау өте маңызды
Аспапты зерттеулерден - ультра дыбыспен зерттеу, рентгенографиялықәдіс кеңқолданылады, қажеттілік болса – экскреторлы урография.


Созылмалы пиелонефрит
Созылмалы пиелонефрит көбіне жедел пиелонефриттің салдарынан дамиды. Науқастың көбі дерттің белгілерін аңғармай жүре береді. Сурастыру кезінде белдің оқта-текте ауыруы, кейде қызудың субфебрильді деңгейге көтерілуі, дизуриялық бұзылыстар анықталады. Сонымен қатар астенияның белгілері – шаршағыштық, әлсіздік, жұмыс қабілетінің томендеуі. Кейде науқас дәрігердің алдына алғаш рет артериялық гипертензия, анемия, бүйрек шамасыздығы дамығанда келеді.
Процестіңөршу кезінде созылмалы пиелонефриттің белгілері жедел пиелонефриттің белгілеріне уқсайды, дененіңқызуы биіктемейді немесе субфебрильді деңгейге көтеріледі, бірақ көбіне артериальді қысымның көтерілуімен қатар болады. Ауру рецидив – ремиссия түрінде өтеді, бірде өршіп, бірде басылып. Науқастардың көбі бел аймағының мұздауына, белдіңүнемі сыздауына шағымданады, сондықтан олар белін қымтап орап жүруге тырысады.
Зерттеу. Объективті көрінісінде терініңқұрғақтығы, түлегіштігі байқалады. Ісіну синдромы тән емес, тек көздіңқабақтары сәл ісінуі мүмкін. Болар- болмас ісіну бүйрек шамасыздығы дамығанда, олигоурияға түскен кезде болуы ықтимал.
Қосымша зерттеулердің нәтижелері:
Қанның жалпы анализі. Өршу кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлайды.
Несептің анализіндегі өзгерістер: микропротеиноурия, гипостенурия, лейкоцитурия, микрогематурия, бактериурия.
Экскрециялық урография. Процесс жаңа басталған кезде зақымданған бүйректен контрасттық зат кешігіп бөлінеді, кейбір тостағаншалардың түйілуі байқалады.
Ультрадыбыстық зерттеуде: түбектің, тостағаншалардың деформациясы, бүйрек паренхимасының ошақты тығыздалуы, кейде тастар болуы айқын анықталады.
Емі. Жедел пиелонефриттің емі және өршу кезі ауруханада жүргізіледі, төсек тәртібі сақталады.
Диетотерапия. Белокқа бай тағамдар,өткір тағамдармен дәмдегіш заттардан бас тарту, артериялық гипертензия болмаса ас тұзын шектемейді, тәулігіне 12-15 г, сусынды тәулігіне 2-2,5 л ішкізеді, бірақ артерильді гипертензияда, несеп жолдарының обструкциясында сусынды көп ішкізу болмайды.
Пиелонефритті емдегенде біріншіден аурудың себебін жою керек, инфекция болса антибиотикотерапия , тас болса оны алып тастайды.
Созылмалы пиелонефритте емі екі сатыдан тұрады - өршуді басу және рецидивке қарсы ем.
Антибактериялық дәрмектерге микрофлораның тез бейімделуінен антибиотиктерді әр 7-10 күнде ауыстыру керек.
Пиелонефриттіңқоздырғышына әсер ететін а/б- уроантисептиктер:
Ішек таяқшасына: левомицетин, ампициллин, цефалосприндер, карбенициллин , тетрациклиндер, нитрофурандар.
Энтеробактерге: левомицетин,нитрофурандар, хинолондар, тетрациклиндер, цефалоспориндер.
Алтын сары стафилокока: оксациллин, метициллин, цефалоспориндер.
Физиотерапиялық шаралар:
Бел аймағын қыздыру ( балшық парафин, озокерит аппликациялары)
Электрофорез көмегімен бүйректің тұсынан уросептиктерді еңгізу.
Симптомдық ем:
Артериялық гипертензия болса, әдеттегі гипотензиялық емді қолдану.
Алдын алу. Біріншілік алдын алуда бала кезінен жеке басты гигиенаны сақтауды үйрету, салқын тидірмеу,әсіресе аяқтан, созылмалы инфекция ошақтарын дер кезінде емдеу, несеп тас ауруы болса онда тасты хирургиялық жолмен алып тастау.
Екіншілік алдын алуда рецидивке қарсы ем жүргізіп отырып, өршудің алдын алып отыру.
Созылмалы пиелонефритпен науқастар өмір бойы диспансерлік бақылауға алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет