Ұсақ түйінді бауыр циррозы (портальды):
1 – этапта науқас шағымдары: компенсация сатысында анықталмайды, субкомпенсация сатысында басты симптомдар – диспепсиялық (тәбеттің төмендеуі, диарея, жүрек айну, құсу) және астеновегетативті синдром, оң қабырға астында ауырсыну, аурлық сезімі; декомпенсация сатысында іштің үлкеюі, аяқ ісінуі, АІЖ жоғарғы бөлімінен қан кету, “бауырлық” энцефалопатия көріністері – ұйқы бұзылысы, ашушандық.
2 – этапта “бауырлық” белгілер анықталады: тамырлық жұлдызшалар, пальмарлыэритема, гинекомастия, түктенудің бұзылысы. Алкогольдік цирроз болған жағдайда соматикалық және неврологиялық өзгерістерді анықтау: алкогольді панкреатит, бұлшықеттератрофиясы. Суб – және декомпенсация кезінде – тері жабындыларының сарғаюы, бауыр ұлғайған, жиегі үшкір, консистенциясы тығыз. Көкбауыры бауырдан үлкен, асцит.
3 – этапта ҚЖА – анемия, жиі гипохромды. Микроцитарлы анемия – қан кету салдарынан.
ҚБА – компенсация – гиперпротеинемия, билирубин аз мөлшерде жоғарлаған; декомпенсация – диспротеинемия, протромбин, холестерин мөлшері төмендеген , билирубин жоғарлаған , аминотрансфераза дағдылы белсеңді.
Иммунологиялық анализ
УДЗ
Рентгенологиялық зерттеулер - өңештің көк тамырларын варикозды кеңеюін анықтау; эзофагогастроскопия, ректоскопия.
Бауырды радионуклеидті сканерлеу – бауыр құрылымын анықтау.
Лапораскопия және бауырдан биоптат алу.
Ірі түйінді бауыр циррозы (постнекротикалық):
Этиологиясы жиі вирусты, айқын және тез дамитын клиникалық белгілер.
1 – этапта сарғаю мен оң қабырға астында ауырсыну, температураның жоғарлауы, диспепсиялық бұзылыстар. Ерекшелігі тез дамиды және портальдыгипертензиясыз бауыр жеткіліксіздігі болады.
2 – этапта сарғаю және “бауырлық” белгілер, асцит; бауыр мен көк бауыр ұлғайған, пальпациялағанда ауырсыну.
ЖҚА және БҚА – гепатоциттердің функциональды жеткіліксіздігінің белгілері: билирубин жоғарлау, холестерин және протромбин төмендеген, диспротеинемия, аминотрасфераза, ЛДГ 4 – 5 фракцияларының жоғарлауы. Бромсульфалеин сынамасы өзгерген, гиперспленизм белгілері: анемия, тромбоцитопения, лейкопения.
Рентгенологиялық, эзофагоскопия, ректоманоскопия.
Серологиялық – қаннан вирусты инфекция маркерларын анықтау.
Бауырды радионуклидтік сканерлеу.
УДЗ
Лапароскопия және биоптат алу. Биоптаттан жағынды алып, орсеинмен бояу.
Достарыңызбен бөлісу: |