Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет139/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

БҮЙРЕК ТАС АУРУЫ
Бүйрек – несеп шығару жүйесінің орталық ағзасы- адам өміріне деген ең маңызды ағзаның бірі. Бұл біздің ағзамыздағы нағыз фильтр, зат алмасу өнімін шығарып отырады. Бүйрек ішінде ерекше құрылыс – оның тостағаншалары, олар түбегіне ашылады. Бұл жерде бізідің ағзамыз артық ие сияқты, кей-кезде лақтыратын затты алып қалады, яғни зиянды тастарды. Фосфорлы және зәр тұздарының зәрде жиналуынан тастар пайда болады. Қалыпты жағдайда әр түрлі қорғаныс заттардың секрециясынан және зәрдің қалыпты РН-тың нағыз механизмінен бүл тұздар еріп және ағзадан шығады. Бірақ олар белгілі бір шарттардың әсерінен кристалданады, топтасып және баяу қатайып, тастардың қалыптасуы болады.Бүйректегі тастардың пайда болуы толық зеттелмеген. Зат алмасу бұзылысы белгілі бір рөл атқарада: фосфорлы-кальцилы, қымыздық қышқылдың, зәр қышқылының бұзылысы. Зәрде тастың түзілуінде маңызды факторлардың бірі болып, бүйректе және зәр жолдарында зәрдің екінші рет түзілу функциясынан пайда болады.
Фосфорлы-кальцийдың алмасудағы бұзылысын шақыратын қалқанша бездің гиперфункциясы, ішкі секреция бездерінің бұзылысы – бүйрек тас-ауруының жоғарғы қаупі.
Бүйрек тас ауруынуролитиаз деп аталады. Бүйрек тастары көптеген жағдайда операция жасауды талап ететін сырқат. Тастар бүректің ішінде, оның табақшаларында, түбекшесінде немесе несеп ағарда табылады.

Бүйректегі тастардың химиялық құрамы, көлемі әртүрлі болып келеді. 
Химиялық құрамы бойынша:

  • бейорганикалық: кальций оксалаттары, кальций фосфаттары, ураттар, магний фосфаты.

  • органикалық: цистинді, ксантинді. 

Клиникалық көрінісі:
Бұл ауру көбінесе жас адамдарда көп кездеседі. Тастардың болуы урадинамиканың бұзылысын шақырмаса, клиникалық көрінісі көрінбейді. Бел аймағында сыздап, катты ауырсыну болады.

Зәр инфекциясының қосылуынан бірінші жоспарға созылмалы пиелонефрит симптомы шығады. Обструкция кезінде клиникалық көрініс жеткілікті. Бүйректік колика аяқ-астынан және физикалық жүктемеден кейін жиі кездеседі немесе сұйық көп қабылдағанда. Ол кезде: құсу, жүрек айну, жиі, аз мөлшерде зәрдің бөлінуі. Бүйрек коликасында зәрдің түсі – қызыл (қанмен боялған).
Коралл тектес тастың бүйректе болуындағы жалпы симптомы: әлсіздік, тежелу, бас ауру. Іштің төменгі бөлігінің ауруы – тастың қуықта болуы. Зәр анализінде жиі гематурия болады.
Несептің сыртқа шығарылуы диурез деп аталады. Тәулігіне ересек адамдарда 1,5 л-дей зәр шығарылады. Оны тәуліктік диурез деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет