Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Тәуліктік диурездің өзгерістері



бет140/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Тәуліктік диурездің өзгерістері:

  • Полиурия – несеп шығарылуының тәулігіне 2-15 литрден астам көбеюі.

  • Олигурия – зәр шығарылуының тәулігіне 500-600 мл-ге дейін азаюы.

  • Анурия – несеп шығарылуының болмауы.

  • Поллакиурия – несептің жиі шығарылуы.

  • Олакизурия – несептің сирек шығарылуы.

  • Никтурия – несептің түнде көп шығарылуы.

Экскреторлы урографиядағы бүйрек тастарының көрінісі
Жасқа сай ерекшеліктері:
Нәрестелерде нефрон туғанға дейін қалыптасқан болып келеді. Жаңа туған балада бүйректік плазма ағысы және гломерулярлы фильтрациясы төмен. Бір жастан кейін қалыптаса бастайды. Нәрестелердың бүйрегінде зәрдің осмостық концентрациясы жеткіліксіз, АДГ әлсіз әсер етеді, ол дегеніміз көптеген бүйрек элементтерінің құрылымының жетілмеуімен байланысты. Балалардың өмірінің бірінші айында зәрде және қанда мочевина концентрациясы, сонымен қатар бүйректің милы затында төмен.
Емі.
Несеп тас ауруының емдеудегі дәрігер мақсаты:
а) ауырсынуды, шаншуды басу:
б) тасты несеп жүйесінен шығару:
в) инфекциялық қабынуды басу:
г) тас пайда болуының себептерін жою:
д) несеп тас ауруының пайда болуының алдын алу:
Бүйрек тас-ауруының емі бүйрек коликаларына және тастарды алуға бағытталған. Бұл аурудың шешімін табу үшін уролог маманынан кеңес алу керек. Өздігінен ұсақ, майда диаметрі 10 мм тастар ғана кетеді.
Тас несеп ағардың төменгі бөлігінде орналасса-Лорин-Эпштейн блокадасымен коликаны басуға болады: 40-60 мл 0,5% новокаин ерітіндісі еркектердің шәует бауы немесе әйелдердің жұмыр жатыр байламына енгізеді.
Консервативтік терапия
Дәрі-дәрмекпен, диета сақтау, санаторлы-курортты емдеуден тұрады. Ұсақ тастарды шығару үшін – олиметин, энатин, пинабин, цистенал, уролесан, роватин, роватинекс, артемизол және т.б дәрілер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет