Рентген суретінде сырқаттың ағымына, түріне, даму кезеңіне байланысты өзгерістерді байқауға болады. Туберкулезбен сырқаттанатын науқастар аурудың ағымына, түріне, асқынуларына байланысты 4 дәрежеге бөлінеді. Неғұрлым дәреже сатысы жоғары болса, соғұрлым науқастардың жағдайы ауырлай түседі.
Қакырық алу тәсілі
Қақырықты алатын арнайы бөлме болу керек. Бөлме линса заттармен жабдықталады:
1. Холодильник, шкаф, стул, кварц, бикс, контейнерлер (35-50) ширмасы қақпағы бұралып жабылатын, стол.
Қақырық тапсыратын бөлмеде арнаулы оқытылған медбикеден (лаборант) басқа ешкім болмауы керек. Медбике науқасқа бұл анализдің мақсатын түсіндіреді және өзі арнаулы киім киіп, науқастың сырт (арт) жағында тұрады.
Арнаулы киімдерге мыналар жатады Хирургиялық халат, колпак, перчатка, клетчатый фартук, маска ( 8 қаб) (мелкодисперсная, полипропиленовый) соспи форма ТБС жолдама қағазын толтыру науқастың аты-жөні, адресс, телефондары, жұмыс телефоны. Жұмыс орындары толығымен жазылады. ТБС 03 журналға тіркеледі. Содан кейін науқас аузын, тамағын сумен шайып 3 рет терең демалып қатты жөтеледі. Сол кезде қолқадағы қақырық шығады. Арнайы қақпағы бар контейнерлерге (мөлшері 5-7 мл) түкіріп медбикеге береді. Медбике түкіргіштің қақпағын жауып 1 тәулікке дейін боп лабораторияға жеткізуі керек. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда қақырығын суық жерде 2 тәулікке холодилникте 7 тәулікке дейін сақтайды. Медбике анализді (бикске салы, орнайы контейнермен бак лабораторияға жеткізеді. Медбике өз қауіпсіздігін, өзі қатаң сақтауы керек. Қақырық жинайтын бөлмеде есте сақта! тамақтануға, темекі шегуге болмайды.
Тексерілетін қақырықтың анализі 3-рет алынады
1 порция медбикенің қатысуымен ауру қабындауда болған күні алынады
2 порция ауру өзі үйден жинап алып келеді
3 порция тағыда медбикенің қатысуымен емханада тапсырылады
Процедура аяқталған соң, медбике арнаулы киімдерін шешіп, дезинфекциялық ерітінділермен зарарсыздандырады.
Асқынулары. Сырқаттың ағымында жиі кездесетін асқынуларға өкпеден қан кету, пневмоторакс, өкпе – жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, көкірек және бронх жыланкөздері, амилаидоз жатады.
Балалар мен жасөспірімдерді туберкулезге тексергенде өткізілетін Манту сынамасының мәні өте зор. Теріні спиртпен сүрткен соң, тері ішіне 0,1 мл туберкулин ертіндісін жібереді. (1 : 1000). Дәрі еккен жер 72 сағаттан кейін 5мм ден артып қызарып іссе (үлкен адамдарда 21 мм) ағзада туберкулез таяқшасы бар дегенді білдіреді. Сырқаттың белсеңді түрінде қақырықты бактериологиялық тексеру маңызды болып табылады. Қақырықты үш күн бойы қайталап тексерген жөн. Құрал - жабдық аппарат арқылы тексерістердің ішінде жиі қолданатын әдістерге рентген сәулесімен тексеру, томография, бронхоскопия, бронхтардан жууынды суын зерттеу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |