Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Өкпе обырының (рагы) патогенезі



бет23/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Өкпе обырының (рагы) патогенезі
Өкпе обыры патогенезі басқа да эпителийлік қатерлі ісіктердікі тәрізді күрделі. Патогенезінде канцерогендер мен ісік промоторы қатысады. Ісік клеткалары әртүрлі пептидті гормон секреттейді, және рецепторларды осы гормонға экспрессирлейді, сонымен аутокринді жолмен өсуін стимуляциялайды.
Өкпе обырында негізгі рөлді никотин алады. Темекі түтінінде көптеген қатты концерогенді әсері бар никотин туындылары болады. Ісік клеткаларында никотинге рецепторы болады. Құрылымы N-холинорецепторларға ұқсас. Шылым шегу никотинге тәуелділікті шақырады, сондықтан да одан бас тарту қиынға соғады. Шылым шегумен күресу үшін никотинді пластырь, никотинді сағыз қолданады.


Өкпе обырының анатомиялық жіктелуі
Орталық обыр: 

  1. Бронхтың саңылауына қарай өсетін рак

  2. Бронхтың сыртын қаптай түйіншіктеліп өсетін рак (эндофитті)

  3. Бронхтың сыртын қаптай тарамданып өсетін рак

Шеткі аймақтық обыр:

  • Дөңгелек, немесе түйінді рак. (экзофитті)

  • Пневмония түстес рак

  • Өкпенің жоғарғы ұшындағы (Пенкост) рак

Атипиялық обыр:

  • Медиастинальді түрі.

  • Милиарлы түрі.

  • Сүйектегі түрі.

  • Асқазан жолдарындағы түрі.

  • Бауырдағы түрі.

Т - біріншілік ісік;
ТХ – біріншілік деп қойылмайды, атипиялық клеткалар тек қана қақырық пен бронх жуындысында анықталады, бронхоскопия кезінде көрінбейді.
Т0 - біріншілік ісік анықталмайды;
Тis – ісік 3 см ден үлкен емес, өкпе тінімен немесе висцеральдыплеврамен қоршалған, басты бронх зақымдалмаған.
Т2 – ісік 3 см ден үлкен, висцеральдыплевраға өткен, ателектазбен қатар келеді немесе обструктивті пневмониямен, өкпе түбіріне қамтиды, бірақ өкпе тінін толық қамтымайды.
Т3 – әртүрлі мөлшердегі ісік, кеуде клеткасына, диафрагмаға, медиастенальдыплевраға, перикардты қамтыған.
Т4 – әртүрлі мөлшердегі ісік, көкірекаралық, жүрек, ірі қантамырлар, трахея, өңеш, омыртқа денесіне өткен.
N - жергілікті лимфа түйіндері;
NХ - жергілікті лимфа түйіндерінде мәлімет жеткіліксіз;
N0 - жергілікті лимфа түйіндерінің метасатазды зақымдалу белгісі жоқ;
N1 - перибронхтық және өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінде метатаз;
N2 – көкірекаралық, бұғанасты лимфа түйіндерінде метастаз;
М – барлық ағзада метасаз;
М0 - басқа ағзаларда метастаз белгісі жоқ;
М1 – барлық ағдзадаметастаз.
Кейде өкпе рагы өкпенің әртүрлі созылмалы ауруларынан, жарақаттануынан кейін қалған тыртықтардан өседі, оны "тыртықтагы рак" деп атайды. Көбінесе ол шеттік рак түріне кіреді. Өкпе рагы 50-69 жас арасындағы еркектерде көбірек кездеседі. Жалпы еркектер әйелдерге қарағанда 4-5 есе жиі сырқаттанады.Рактың даму орнына қарап: 1) орталық; 2) шеттік; 3) аралас ауқымды. Өсу түріне қарап: 1) экзофитті; 2) эндофитті. Микроскопиялық көрінісіне қарап: 1) жалпақ жасушалы (эпидер-моидты); 2) майда жасушалы рак;
3) аденокарцинома; 4) ірі жасу­шалы; 5) безді-жалпақ жасушалы түрлерін ажыратады.
Орталық (түбірлік) рак өкпе рагының 2/3 бөлігін құрайды, ол ірі бронхтардың шырышты қабатынан кішкентай түйін түрінде бронхтың ішіне (полип түрінде) немесе оның қабырғасына қарай өседі. Кейде ісік бронхтың бойымен таралады. Рактың өсуіне бай-ланысты бронхтар ісікпен тығындалып немесе басыльш қалып өкпе ателектазы дамиды, осы аймақта пневмония, тіпті абсцестер панйда болып ісікті өз мерзімінде анықтауға кедергі жасайды. Рак үрдісі одан әрі дамып, аймақтық лимфа бездеріне метастаз береді, плевраға өтіп серозды-геморрагиялық (рактық) плевритке соқтырады. Экссудат құрамын цитологиялық әдістермен тексергенде кейде онда рак жасушалары табылады.
Шеттік (перифериялык) рак сегменттік бронхтардан және оның майда тармақтарынан, альвеола эпителиінен дамиды. Өкпе рагы-ның бүл түрі үзақ мерзімге дейін клиникалық белгілер берместен көлденеңі бірнеше сантиметрге жетеді. Рак плевраға немесе ірі брон-хтарға өткенде ғана науқаста плеврит, ателектаз белгілері пайда болады.
Ауқымды рак деп өкпенің бір бөлігін немесе бүтін бір өкпені алып жатқан, басталған жері белгісіз рак түрін айтады.
Рактың микроскопиялық түрлері оның қай эпителиден немесе қандай патологиялық өзгерістерден кейін (мысалы, метаплазия) дамығанының белгісі болып есептеледі.
Жалпақ жасушалы (эпидермоидты) рак көбінесе метаплазия процесінен кейін дамиды. Негізінен шылым шегуші еркектерде кездеседі. Бұл рактың жоғары жетілген түрлеріне кератиннің көп түзіліп рак інжулерінің пайда болуы төн. Рактың азырақ жетілген түрлерінде түлеу үрдісі көрінбей, кератин кейбір жасушаларда ғана табылады. Жасушалардың полиморфты ядроларының арасында митоздар көп болады. Рактың жетілмеген түрлерінде полиморфизм үрдісі күшті дамиды, жасушалар ұршық тәрізді пішінге ие болып, митоздар саны көбейеді. Кератин тек кейбір жеке жасушаларда ғана анықталады.
Майда жасушалы рак ісік жасушаларының қабатталған, жайылған немесе шоғырланған түрде орналасуымен ерекшеленеді. Олардың ядроларының бояуы қанық, ядрошықтары анық көрінбейтін май­да жасушалардан тұрады. Ядроларының түріне қарап олардың «лим­фоцит тәрізді рак және "арпа тәрізді рак" түрлерін ажыратады. Рактың осы түрінде әртүрлі гормондар ( антидиурездік гормон, АКТГ) мен биологиялық белсенді заттар (серотонин) пайда болады. Осы заттар өсерінде клиникада паранеоплазиялық синдром дамиды. Аденокарцинома бронх эпителиінен өсетін рак. Көбінесе әйелдерде және шылым шекпейтіндерде кездеседі. Оның жоғары жетілген, азырақ жетілген, жетілмеген түрлері бар. Өте сирек жағдайларда ол альвеола немесе бронхиола эпителиінен дамиды. Бұл ісіктер үшін митоздардың көп болуы, полиморфизммен қатар
шырьшты зат бөліп шығару тән. Өкпе рагының басқа түрлеріне қарағанда баяу өседі.
Ірі жасушалы рак ісік жасушаларының өте ірі болуымен және анаплазиялық өзгерістердің басым болуымен сипатталады. Ірі жасушалардың ішінде алып жасушалар да кездеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет