Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет179/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Анемиялық синдром:
Анемия тереңдігіне және даму жылдамдығына байланысты пайда болады:

  • Әлсіздік, шаршағыштық;

  • Тәбет бұрмалануы, төмендеуі;

  • Ентігу, жүрек қағуы;

  • Бас айналу;

  • Құлақтағы шуыл;

  • Естен тану;

  • Стенокардия ұстамасы ауырлануы;

Сидеропения синдромы и темірдің латентті жетіспеушілігі жағдайы

  • Тері және оның қосымшаларының дистрофиясы;

  • Иіс және дәм сезудің бұрмалануы;

  • Бұлшықеттік гипотония (зәрді ұстай алмау);

  • Бұлшықеттік ауырсынулар;

  • Назар аудару төмендеуі;

  • Ес бұзылысы.

Сидеропениялық синдром: 

  1. Бұлшықет аппараты өзгерісі.Бұлшықеттемиоглобин және фермент жетіспеушілігі бұлшықеттік әлсіздікті жоғарлатады, тез шаршағыштық пайда болады. Балалар мен жасөспірімдерде ТЖА өсудің және физикалық дамудың артта қалуымен сипатталады. Нәтижесінде бұлшықет аппаратының сфинктері әлсіреп императивті зәр шығарулар, күлгенде, жөтелгенде зәрді ұстай алмаушылық, қыз балаларда түнгі зәр ұстай алмаушылық (энурез) байқалады.

  1. Тері өзгерісі. Темір жетіспеушілігінде тері құрғап, тулейді. Тері пергементке ұқсас болады. Аналь тесігінде, ауыз бұрышында, табанда,алақанда жаралар пайда болады. Шаш сынғыш және түсуге бейім боп келеді. 20-25% жағдайда терінің жұқаруы, сынғыштғы, көлденең сызаттануы түрінде өзгеруі болады.

Сидеропениялық синдром

  • 3. 10-15% жағдайда асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының өзгерісі, ауыз бұрышының жарылуы, эрозиялануы. Пародонтозға, тіс жегіге бейімділік.

  • 4. Иіс сезу өзгерісі, әр түрлі иіске құмарлық: бензинге, газға, мазутке, газет қағазына , ацетонға, лакка, гуталинге, нафталинге, жаңбырдан кейінгі топырақ иісіне.

  • 5. Балалар мен жасөспірімдерде топырақ (геофагия), бор, тіс ұнтағы, көмір, саз,құм,мұз, шикі қамыр, фарш жегіштік түріндегі дәм сезу бұзылыстары пайда болады.

Сидеропениякезіндегітерібұзылыстары



  • 6. Атрофиялықринит және фарингит түріндегі тыныс жолдарының шырышты қабаттарының өзгерісі.

  • 7. 87% жағдайда көгілдір склера симптомы түріндегі көру ағзасының шырышты қабатының өзгерісі.

  • 8. Асқорыту жолының өзгерісі кезіндегі симптом:

  • б) атрофиялық гастрит, ахилия.

  • 9. Субфебрилитет түріндегі термореттелудің өзгеруі.

  • 10. Ішкі ағзалардың дистрофиялық өзгерісі. Мысалы, екіншілік анемиялықсидеропениялықмиокардиодистрофия.

  • 11. Нейтрофилдердіңфагоцитарлы белсенділігінің бұзылысы және Т-жәнеВ-лимфоциттердің мөлшерінің төмендеуі.


Сидеропениякезіндегітырнақөзгерісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет