Асқазан ішек жолдарының зақымдалуының көріністері:
Зат алмасу бұзылысы. Ас қорыту процесі ауыздың және асқазанның шырышты қабатының дұрыс қызмет етуіне байланысты болады. Ол қабаттарда асқазан сөлін бөлетін бездер орналасады және тағам ыдырауына көмектеседі. Бұл сөл жеткіліксіздігінде тағам қажетті өңдеуден өтпейді және қоректік заттар, витамин, микроэлемент сіңірілуі бұзылады.
Нәжістің тұрақсыздығы. Ас қорытылу бұзылысының нәтижесінде тағам асқазанда немесе ішекте ұзағырақ сақталады, ол іштің кебуіне, іш қатуға және диареяға (кезектесіп) әкеледі.
Тәбеттің төмендеуі. Асқазанның атрофияланған шырышты қабатының асқазан сөлін аз бөлуіне байланысты, асқазан сөлі бөлінуі төмендеп, тәбет нашарлауы байқалады.
Дене салмағының төмендеуі. Ас қорытылу бұзылысы мен тәбеттің төмендеуіне байланысты болады.
Тіл түсі мен формасының өзгерісі. Тілдің беткейі емізікше деп аталатын көптеген ұсақ талшықтардан тұрады. В12 жеткіліксіздік кезінде тілдің шырышты қабатының атрофиясы байқалады, яғни барлық емізікшелердің азаюы мен жоғалуы байқалады. Нәтижесінде тіл тегіс, ашық – малина түстес болады.
Дәм сезу бұзылысы. Адам әртүрлі тағамдардың дәмін тілдің шырышты қабатында орналасқан түрлі дәм сезу рецепторлары арқылы сезеді. Оның зақымдалуы нәтижесінде жартылай немесе толықтай дәм сезу бұзылады. Одан басқа адамда дәм сезудің бұрмалы түрі пайда болады, ол әртүрлі тағам түрлерін мүлде басқа дәм арқылы сезуі мүмкін.
Ауыз қуысында жиі инфекция болуы. Ауыз қуысының шырышты қабаты ондағы патогенді микрофлораның өсуі мен дамуын тежейді. Оның атрофиясы кезінде ауыз қуысының инфекционды аурулары үдей түседі, глоссит (тілдің қабынуы), гингивит (қызыл иек қабынуы) пайда болады.
Ауыз қуысының ауырсыну мен ашуы. Ауыз қуысы шырышты қабатының атрофиясы және нерв талшықтарының зақымдалуы әсерінен болады.
Іштің тағамнан кейінгі ауырсынуы. Асқазанның қалыпты шырышты қабаты қорғаныш қызметін атқарады, әртүрлі тағамдардың әсерін тежейді. Жасушалық бөліну әрекеті бұзылысынан оның қабыну қаупі жоғарылайды ( гастрит) және жара түзілуі мүмкін, нәтижесінде асқазандағы ауырсыну әсіресе тағам қабылдаған соң үдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |