Темір сіңірілуінің бұзылысына әкелетін жағдайлар:
асқорыту жолының аурулары (жіңішке ішектің резекциясысозылмалы энтерит, Крон ауруы, ішек амилоидозы, өзге себептерден болатын мальабсорбция);
қою шайға әуесқойлық (шәйдің құрамындағы танин темірдің
сіңірілуін бөгейді);
гипотиреоз.
Темірдің көп мөлшерде жұмсалуына әкелетін жағдайлар:
улануға әкелетін аурулар (бүйректің, бауырдың шамасыздығы);
Қатерлі ісіктің барлық түрлері;
жүктілік және лактация;
организмнің тез өсуі.
Темірдің туа біткен тапшылығы:
көп балалы, темір тапшылығы бар анадан туылу.
Темірдің тамақпен аз түсуі:
ет тағамдарын тұтынбау (вегетариаңдықтар, дұрыс тамақтануға материалдық жағдайы келмейтіндер, тісі жоқ қариялар).
Темір тапшылық анемияның клиникалық көрінісі
Әлсіздік, бас айналуы, көз алдында щыбын-шіркейлерді көрі. Талмалар болуы мүмкін, ентікпе, шаштары сынғыш, түседі және тырнақтын сынғыштығы (кейді қасық тәрізді ішке ойылуы). Тәбеттің бұрмалануы, кейде науқастар жерді, шикі ет, қамыр, мұзды жейді. Иіс сезу бұрмалануы: керасин, зәр, ацетон. Түңгі диурез болуы мүмкін. Обьективті : тері сары – бозғылт. Температура субфебрильді, жүрек шекарасы сол жаққа ығысуы. Кейде тілдің шырышты қабатының атрофиясы байқалады және кариес дамуы ықтимал. Сидеропениялық синдром: шаш түсуі, тырнақ сынғыштығы, тері құрғақтығы
Зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері.
Теміртапшылықты анемияның дамуында, шарты түрде, екі сатыны айырады. Біріншісінде, темір қорының азая бастауынан жасырын және айқын сидеропенияның белгілері пайда болады; екінші сатыда, ауырлай түскен сидеропенияның көрінісіне теміртапшылықты анемияның көріністері қосылады.
Қанның сарысуындағы темірдің мөлшері. Қалыпты көрсеткіші 12,5-30,4 мкмоль; темірдің тапшылығында 1,8-5,4 мкмоль/л дейін төмендеуі мүмкін.
Плазманың темірді жалпы байланыстыру қасиеті (немесе сарысудың жалпы трансферрині). Қалыпты көрсеткіші 30,6-84,6 мкмоль/л; теміртапшылықты анемияда бұл көрсеткіш жоғарылайды;
Ферритиннің мөлшері. Қан сарысуындағы ферритиннің мөлшерінен организмдегі темірдің қорын бағалайды. Оның қалыпты көрсеткіші еркектерде 106 ± 21,5 мкг/л, әйелдерде 65 ± 18,6 мкг/л. Теміртапшылықты анемияда ферритиннің мөлшері 10 мкг/л төмен болуы мүмкін.
Десферал сынамасымен темір қорының мөлшерін бағалау. Десферал — темірмен байланысып, зәрмен бөлінетін зат. Сау адамдарда 500мг десфералды енгізгеннен кейін, тәулігіне 0,8-1,3мг темір бөлінеді, ал теміртапшылықты анемияда бөлінетінтемірдің мөлшері 0,4 мг кем.
Достарыңызбен бөлісу: |