Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Еңбекке қабілетсіздік экспертизасы



бет203/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Еңбекке қабілетсіздік экспертизасы. Созылмалы лимфолейкозбен ауыратындар қызметке орналастыруды қажет қылады. Бұл адамдарға химиялық заттармен жұмыс жасауға, ылғалды, шаңды, салқын жерлерде және өте ыссы цехтарда жұмыс жасауға болмайды. Бұл адамдарды жазғұтырым және күзде, грипп індеті кезінде жұмыстан 10-14 күн босату керек. Ауру өршіген кезде науқас адамдар қызметке қабілетсіз болып табылады. 
Санаторийлық-курорттық ем. Аурудың қатерсіз дамуында, өршуден тыс кезде және қосалқы ауру болмаса, науқас адамдарды ыстық емес мезгілде жергілікті курорттарға жіберуге болады. Электр тогімен, балшықпен емдеуге болмайды, витаминдерді, биостимуляторларды, бальнеологиялық емді қолдануға болмайды. 
МӘСК-на жолдама беру көрсетпелері. Аурудың 2-ші және 3-ші сатысындағыларға, тұрақты түрде цитостатиктер мен глюкокортикоидтар алатындарға, арнайы емнің фонында лейкоцит саны 100х109жоғары науқастарға, үдемелі лимфаденопатиясы және спленомегалиясы барларға, аурудың асқынуы барларға МӘСК-на жолдама беріледі. Оларға 2-ші, сирек жағдайда 3-ші топ мүгедектігі белгіленеді. 
БолжамыАуру адамның өмір сүру мерзімі аурудың даму ерекшелігіне байланысты. Ауру адамдар орташа есеппен 5-6 жыл, кей жағдайларда 10-20 жыл өмір сүреді. 

СОЗЫЛМАЛЫ МИЕЛОЛЕЙКОЗ


Созылмалы миелолейкоз (СМЛ) – миелопоэздың алғашқы ізашар клеткасынан басталып, пісіп-жетілген түрге дейін өсетін ісік. Созылмалы миелолейкоздың субстратын пісіп-жетілген және жетіліп келе жатқан гранулоциттер, негізінен нейтрофильдер құрайды. Гемобластоздардың ішінде жиілігі жағынан созылмалы миелолейкоз бесінші орын алады (8, 9%). Әйелдер мен еркектерде бірдей жиілікте кездеседі, онымен 30-70 жастағылар ауырады. 
Этиологиясы мен патогенезі. Басқа лейкоздардың дамуында себеп болатын факторлар созылмалы миелолейкоздың да себебі болады. Ол факторлардың ішінде созылмалы миелолейкоздың дамуында басымдау роль атқаратындары: радиация, химиялық қоспалар, хромосомалардың іштен туа болатын кемістіктері. Созылмалы миелолейкоз патогенезінің негізін ісік клеткасының барлық сипаты бар гранулоциттердің патологиялық клонының пайда болуы атқарады. Патологиялық клонның дәлелі ретінде кемістігі бар филадельфиялық хромосоманың табылатынын келтіруге болады. Ph – филадельфиялық хромосоманы 1960 ж. Nowell мен Hungerford тапқан, ол 22-ші хромосоманың белгілі бір бөлігінің 9-шы хромосомаға көшуіне (транслокация) байланысты пайда болады. Ph – хромосома созылмалы миелолейкозда миелопоэздың бөлінетін барлық клеткаларынан (90-97%) табылады. Ph – хромосомасы бар клеткалардың пайда болуы гранулоциттер пролиферациясын күшейтеді, реттеуші факторға сезімталдығын жоғалтқан гранулоциттер ізашарларының үлесін көбейтеді. Бұл қалыпты қан түзуді тежеп, СМЛ-да гранулоциттердің жарты өмірін ұзартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет