Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет21/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Алдын алуы. Алдын алу мақсатпен іріңді процесске әкелетін факторларды шектеу. Осыған байланысты әр түрлі септикалық жағдайларды ерте тауып, уақытында қолайлы ем жүргізген жөн. Тыныс алу жолдарына бөгде зат түсірмеу керек. Әсіресе жас балаларға, жұту қабілеті бұзылған қарт адамдарға көп көңіл бөлу керек. Сана сезімі бұзылған, ес түссіз жатқан пациенттерді дұрыс қадағалап, құсықта дифференциалды көмек көрсеткен жөн.


БРОНХОЭКТАЗ АУРУЫ
Бұл өкпенің іріңді аурулар қатарына жататын сырқаттардың бірі болып табылады. Сырқаттың түпкілікті маңыздылық мағынасының негізі, бронх жапырақшаларының түбі кеңейіп, оларға қақырықтың жиналып, қоздырылып қабыну процесінің дамуымен түсіндіріледі. Осының салдарынан бронх қабырғасы мен бронх жанындағы жатқан тіндер де қабынады.
Этиологиясы. Созылмалы бронхит, өкпе қабынуы, көк жөтел, өкпе туберкулезі және тағы басқа да аурулардың әсерінен дамиды .
Патогенезі.  Бронхтың ішіне жиналып, кідіріліп қалған қақырық жөтелге әкеліп соқтыруы. Жөтелген сайын бронхылардың қабырғаларына күш түскендіктен олар патологиялық өзгерістерге ұшырап, серпімділік қасиетін жоғалтады. Бронх қабырғаларының ұсақ тармақтарында әртүрдегі ауытқулар пайда болады. Осы ұсақ тармақтардың әртүрлі өзгерістік ауытқуларға ұшырауы салдарынан, қақырықты шығынның шамадан тыс көп жиналуы іріңді сырқаттар түрлерін тудырады.
Жіктемесі. (А.Н.Кокосов, 1999 ж)
І. Бронхоэктаздардың жүре пайда болған және туа пайда болған түрлері болады.
ІІ. Бронх ауытқулардың пішініне байланысты: қап тәрізді, ұршық тәрізді, аралас түрде кездеседі.
ІІІ.Бронхоэктаздар бір жақты немесе екі жақты, жеке және көпше түрде байқалады.
ІҮ.Ауырлығына байланысты: жеңіл, орташа, ауыр түрлері бар.
Ү.Асқынулары: амилоидоз, қан кету, өкпе және өкпе-жүрек жетіспеушілігі.
Клиникалық белгілері. Аурудың өту ағымы 3 кезеңмен сипатталады. Аурудың 1 кезеңінде созылмалы бронхиттің клиникалық белгілері байқалады. Бұл кезеңде пациент жөтеліп, кеудесі ауырсынады. Қақырығы кілегейлі немесе іріңді болып келеді. Науқас әлсізденеді, ауру қайталанып келген кезеңде интоксикация белгілері айқындалынады: дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, тамаққа тәбеті тартпайды. Аурудың ерекше белгісінің бірі – науқас жыл бойына үздіксіз жөтеліп шығады. Әсіресе таңертеңгі уақытта ауызы толып, көп мөлшерде жағымсыз иісті қақырықтың бөлінуі. Қақырықтың мөлшері тәулігіне 0,5 литрға дейін болады. Көп тұрып қалған жағдайда қақырық шығыны үш қабатты бөлікті құрайды: алғашқы бөлігінің қабаты көпіршікті болып келеді, екінші орта бөлігі – сарғыш, бір түстік сипатта, ал астыңғы үшінші қабат бөлігі өкпе тінінің элементтер үгіндісінің қалдығынынан тұрады. Тыңдаған кезде, тықылдатқанда сырқаттың белгілерін анықтау қиынға түседі. Өкпенің төменгі бөліктерінде дымқыл сырылдар естіліп, жөтелгеннен кейін сырылдар азаяды. Аурудың 2 кезеңінде бронхоэктаз сырқатының белгілерінің көрінісі айқын білінеді. Пациент жөтелгендегі шығарған қақырығы іріңді болып келеді. Науқаста қозу кезеңінің қайталануынан дене қызуы көтеріледі, әсіресе қақырық сыртқа шықпай қалғанда улану белгілері өрши түседі. Ал қақырық бөлініп сыртқа шыққанда дене қызуы төмендеп, науқас жағдайы жеңілдей түседі. Сырқаттың жалпы клиникалық белгілеріне тез шаршағыштық, әлсіздік, басының ауырсынуы жатады. Науқас жағымсыз қақырықты иісті бөлгендігінен өз - өзін қоршаған ортада қолайсыз сезініп, психикалық күйі өзгереді.
Барабан таяқшалары тәрізді саусақтар
Науқастың бет әлпетінің келбетінде көгеру (цианоз) білінеді, беті домбыққан, саусақтары барабан таяқшасы тәрізді, тырнақтары дөмбекшіген тәрізді болып байқалады. Бұл белгілер ағзаға іріңнің жайылып, интоксикация процесі белгілерінің дамуына ықпал жасайтынын түсіндіреді. Перкуссия кезіңде анық белгілерді анықтау мүмкін емес. Кеуде қуысының қозғалыс қимылы төмендейді. Аускультацияда зақымдалынған жерлерде әр түрлі сырылдар естіледі, жөтелгеннен кейін сырылдар мөлшері азаяды. Бронхоэктаз ауруының 3 кезеңі ауыр өту ағым көрінісімен сипатталады.Науқаста созылмалы өкпе – жүрек шамасыздығы байқалып, ентігу, көгеру үдей түседі. Интоксикация белгілерінің көрінісі нақты түрде байқалады. Тәулігіне 0,5 – 1 литр жағымсыз иісті қақырық шығуы мүмкін. Кеуде қуысы бөшке тәрізді түрде сипатталынады. Жұмысқа деген қабілеті жойылады. Бронхоэктаз ауруы көктем – күз мерзімінде қайталанып қозып отырады.
Жалпы қананализінде : лейкоцитоз, ЭТЖ артады, қан аздық белгілері байқалады. Биохимиялық қан анализінде сиал қышқылдары көбейіп, диспротеинемия байқалады.
Жалпы қақырық анализінде: көп мөлшерде лейкоциттер және эритроциттер, әр түрлі жұқпалар айқындалынады.
Аспаптық тексерістерде: Бронхография және бронхоскопия тексеріс түрлерінің қорытынды нәтижесінде бронх жапырақшаларының кеңейгендігін, өзгергендігін көріп байқауға болады. Тиффно индексінің көрсеткіші төмендейді (ауа шығуы мен өкпе сиымдылығының қатынасы). Спирографияда өкпе сиымдылығының мөлшерлік көрсеткіші төмендегенін анықтауға болады. Рентген тексерісінде бронхтардың пішіні өзгеріп, кеңейгенің байқауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар эмфизема мен пневмосклероз белгілері де байқалады.
Асқынулары. Сырқаттың ауыр түрлерінде созылмалы демікпелік бронхит, бронх демікпесі, іріңді өкпе қаптың қабынуы, пневмоторакс дамуы мүмкін. Кейде өкпеден қан кетуі де байқалады. Созылмалы өкпе іріңді ауруларында өкпелік жүрек, қан аздық, амилоидоз дамиды
Емі. емі консервативті немесе хирургиялық түрде жүргізіледі. Емдәм терапиясы бойынша қолданылатын тағамдардың құрамы жоғары коллорияда, құнарлы болуы тиіс.Тағам құрамында ақуыз мөлшері тәулігіне 100-120гр дейін көбейеді, ал майлар 70-90 гр шектеледі. Қабынуға қарсы антибиотиктер мен сульфаниламид тобына жататын препараттарын қолданады. Бұл препараттарды кеңірдекке шприц арқылы жергілікті түрде қолдануға болады. Антибиотиктерді қолдану алдында қақырықты антибиотик сезімталдығына тексеріп алу қажет. Көбнесе цефалоспориндер (цефотаксим, цефпиром) және пенициллиндер (ампициллин 4-6 гр тәулігіне, амоксициллин 2-3 гр тәулігіне) тағайындалынады. Бронхоспазмның болу мүмкіндігіне байланысты бронхолитиктер тобының дәрілерін қолданады. Кеңейіп, өзгерген бронхэктаздарда тұрып қалған іріңді қақырықты сыртқа шығару мақсатымен постуралдық (позициялық) дренаж жүргізіледі: қақырықты ыңғайымен шығару жағдайын туғызу – науқасты намаз оқығандай етіп еңкейтеді немесе басын төсектен төмен түсіріп жатқызады, төсектегі науқастың қалыпын жиі – жиі ауыстырып отырады. Сонымен қатар қақырықты жібітіп сыртқа шығарып, түсіретін дәрі – дәрмектерді береді.Ағзаның иммундық жүйесін нығайтып, күшейту үшін анаболикалық гормондарын (неробол, ретаболил), В,С тобының дәрумендерін береді. Науқастарды бірте – бірте шынықтырып емдік жаттықтыру тағайындап, қолданған жөн. Физиотерапиялық емі (УВЧ, УФО) жүргізіледі. Егер консервативтік ем көмектеспесе хирургиялық емін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет