Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Өкпе абсцессі - Бұл өкпеде іріңге толған қуыстың пайда болуымен сипатталатын сырқат. Бұл сырқаттың дамуына әкеліп соққан себебіне байланысты өкпе абсцессінің келесі түрлері ажыратылады



бет20/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Өкпе абсцессі - Бұл өкпеде іріңге толған қуыстың пайда болуымен сипатталатын сырқат. Бұл сырқаттың дамуына әкеліп соққан себебіне байланысты өкпе абсцессінің келесі түрлері ажыратылады:

  1. Пневмониядан кейінгі дамыған түрі - өкпе қабынуынан кейінгі пайда болған түрі.


2. Гематогендік түрі - ағзаның белгілі бір жерінен ірің қан арқылы өкпеге келіп түсуі
3. Аспирациялық түрі - құсықтың өкпеге түсіп, іріңдікті туғызуы
4. Жарақаттан кейін пайда болған түрі - кеуде қуысының жарақаттанғаны өкпенің
зақымдалуын әкеліп соқтыруы мүмкін.
Клиникалық белгілері: Аурудың өту ағымы 3 кезеңмен сипатталып өтеді:
1 кезең - өкпеде абсцесстің пайда болуы. Науқастың дене қызуы 40С дейін көтеріліп, науқас қалшылдап, өзін -өзі ұстай алмайды, ал дене қызуы төмендегенде, терлеп қиналады. Бұл кезеңде интоксикация белгілері айқын түрде білінеді: әлсіздік, тамаққа тәбетінің төмендеуі, қимыл-қозғалысының қиындауы, мазасыздануы. Қарап тексергенде: өкпенің сау жағын алып қарағанда, ауырған жағы тыныс алудан қалып отырады. Перкуссияда өкпе абсцессі орналасқан жерінің дыбыс беру ырғақтылығы жәй шығады, аускультацияда бронхиалды тыныс, ылғалды сырылдар, крепитация естіледі. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды. Рентгенологиялық зерттеуде- инфильтрация ошағы байқалады.
2 кезең - өкпедегі іріңдік жарылып, іріңнің сыртқа ағып шығуы. Ауыру ағымының 5-10 күнінен кейін науқастың ауызы бір мезетте көп мөлшерде іріңмен толып, жағымсыз иістегі іріңдікті сыртқа бөліп шығарады, яғни ауызды толтырып қақырық түкіреді.Осыдан кейін науқастың жағдайы жеңілдеп, интоксикация белгілері азайып, дем алуы жақсарады, дене қызуы төмендейді,тамаққа деген тәбеті пайда болады. Жиналып бөлінген іріңді қақырық 3 қабаттан тұрады: 1-ші қабаты көпіршікті, ортасы сарғыш түсті, ал үшінші қабаты өкпе тінінің элементтерінің қалдығынан тұрады. Өкпеден ірің шыққаннан кейін перкуссияда өкпе дыбысы анық шығады.Аускультацияда амфорикалық дыбыс естіледі.Рентгенологиялық зерттеуде - тегіс деңгейлі сұйықтығы бар қуыс анықталады.
3-кезең - жазылу кезеңі. Ауру ағымының 15-20 күнінен кейін науқастың жөтелі басылып, қақырық тастау мөлшері азайып, интоксикация белгілері жойылады. Егер уақытылы ем көрсетілмеген жағдайда, ауру ағымы созылмалы түрге өтеді. Өкпе абсцессінің бірінші кезеңіндегі өткізілген рентген тексерісінде өкпе қуысына жиналған ірің көрінісі байқалады. Абсцесстің созылмалы түрінде сырқаттың саусақтары барабан таяқшалары тәріздес болады. Науқас тынысынан жағымсыз иіс шығады.
Асқынулары: Ең негізгі асқыну , ол өкпеден қан кету. Бронхоэктаз дамуы мүмкін, бұл жағдайда құрсақ қуысы ағзалары зақымданады.
Емі: Науқас міндетті түрде ауруханада емделеді. Төсек тәртібін сақтауы тиіс. Науқасқа берілетін тағамдар құнарлы болу керек. Қабынуға қарсы антибактериалды ем жүргізіледі: антибиотиктер, сульфаниламидтер тобына жататын дәрілер.Бұл препараттарды ауыз арқылы, тамыр арқылы немесе бронхоскоп аппаратын қолдана отырып, бронх тарамдарының ішіне тікелей жіберуге болады. Жиі қолданылатын антибиотиктер: цефалоспориндер(цефотаксим - тәулігіне 12 гр дейін). Интоксикацияға қарсы ем жүргізіледі. Яғни көп мөлшерде дәрілік сұйыұтыұтарын жібереді: гемодез, полиглюкин, глюкоза ерітінділерін. міндетті түрде бронхтардың ішін іріңнен тазалау үшін позициялық дренаж жасау керек. Науқастың төсектегі қалпын 40-60 минутқаөзгертіп отыру қажет.Оны әр пациентке әртүрлі арнайы әдістермен төсектегі қалып жағдайын өзгертіп жүргізуге болады. Сонда қақырық бронхқа дәне кеңірдекке келіп, сыртқа шығып отырады. Сонымен қатар қақырық шығаратын препараттар да беріледі: термопсис түнбасы, бромгексин, амброксал, лазолван. Кеуде клеткасын дірілдету уқалауын (вибромассаж) жүргізуге болады, ол қақырықтың сыртқа шығуына көмектеседі. Ағзаның иммунитет жүйесін жақсартады. Шұғыл жағдайларда( өкпеден қан кету, қан аралас қақырық тастау) гемостатикалық ем қолданылады: 10%-10мл кальций хлор ерітіндісін көк тамырға, 5%-100мл аминокапрон қышқылын көк тамырға енгізеді. Консервативті ем нәтижесіз болған жағдайда операциялық ем жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет