Құрғақ плеврит – ол өкпенің плевралық қабаттарының қабынуы, екі қабаттың арасына фибриннің жинақталуы немесе плевралық қуыста әр түрлі текті экссудаттың жинақталуы. Себептері әр түрлі болып табылады – инфекциялар, кеуде клеткасының травмалары, ісіктер т.б. Плеврит өз бетімен дамитын ауру , бірақ көп жағдайда өкпедегі жедел және созылмалы процесстердің қорытындысы болуы мүмкін.
Барлық плевриттерді этиологиясына байланысты екі топқа бөледі:
Инфекциялық – плеврадағы бұзылыс процесстері инфекциялық қоздырғыштармен шақырылады.
Инфекциялық емес немесе асептикалық -плеврадағы қабыну процесстері патогенді микроорганизмдердің тікелей қатысуынсыз жүреді.
Инфекциялық топтың этиологиялық факторына жататын қоздырғыштар ішінде алдыңғы орында тұратындар жедел пневмония және өкпедегі жедел іріңдеу процесін туғызатын қоздырғыштар болып табылады (пневмококк, стафилококк, грамтеріс таяқшалар т.б.). Қазіргі кезде плевриттердің туындауында, сонымен қатар туберкулез микобактериялары ерекше орын алуда. Соңғы онжылдықта бұл көрсеткіш 20 пайыз науқастардың ішінде анықталып отыр. Сонымен қатар саңырауқұлақтан туындайтын плевриттер де бар (кокцидоидоз, бластомикоз т.б.).
Асептикалық плевриттердің туындауының себептері өте көп болуы мүмкін. Бұл түрі көбіне плевра қуысына травмалық немесе оперативтік араласулардың қан құйылулар нәтижесінде, немесе жедел панкреатит кезінде плевра қуысына ұйқыбезінің көптеген ферменттерінің еніп кетуі нәтижесінен болады. Сонымен қатар біріншілік немесе екіншілік ісіктердің плеврағадиссиминациялануы қазіргі таңда жиі кездеседі, яғни рактың немесе плеврамезателиомасыныңплеврағаметастаз беруі – карциноматозды плеврит. Асептикалық плеврит өкпе инфарктының нәтижесінде де болуы мүмкін.
Құрғақ плеврит патогенезі: Микроорганизмдердің плевра қуысына ену жолдары алуан түрлі болуы мүмкін. Ең алдыңғы орында тұратын ол субплевральды орналасқан көрші өкпе тіндеріненплевра қуысына инфекцияның тасымалдануы. Мысалы, туберкулезді плевриттерге тән ол лимфа түйіндерінен плевра қуысына инфекцияның берілуі. Ал микроорганизмдердің гематогенді жолмен таралуы сирек жүреді, тек қана гематогенді инфекцияның өкпенің субплевральды қабатына өткенде ғана болуы мүмкін. Ал ең жиі инфицирленетін жол хирургиялық практикадағы араласулар болып табылады. Бұл кезде микроорганизмдердің тікелей таралуы , яғни плевра қуысына операциялар тікелей өтуі байқалады, әсіресе өкпеішілік іріңдік ошақтардын операциямен ашқан жағдайларда.
Құрғақ плеврит кезінде экссудат аз мөлшерде бөлінеді, бірақ жақсы сіңіріледі. Нәтижесінде экссудат қою, одан сүзілген фибрин плевра беткейіне шөгіп жабысады. Құрғақ плевритпен ауыратын науқас адамдардың шағымдары: кеуде қуысының шаншып ауырсынуы, жөтел, демалу кезінде ауырсыну деңгейінің жоғарлауы, егер ауру адам құрғақ плевриті бар жағына жататын болса, ауырсыну төмендейді. Плевраның зақымданған аймағына байланысты ауырсынудың орналасуы және таралуы әртүрлі. Мысалы: диафрагмалық құрғақ плевритте ауырсыну іштің алдыңғы аймағына таралады. Нәтижесінде іштің ауырсынуын туғызады, бұл жедел холецистит, панкреатит, аппендициттің клиникасына ұқсас болуы мүмкін (Торако-диафрагмальдық синдром).
Жалпы қарау кезінде тыныс алу актісіне кеуденің зақымданған аймағы қалып отырады, беткейлік тыныс.
Перкуссия арқылы зақымданған аймақтағы өкпенің шетінің қозғалысының шектелуі анықталады.
Қанда лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға қарай жылжуы, ЭТЖ жоғарылауы
Құрғақ плевриттің ағымының ұзақтығы 8-10 апта, ауру сауығу мен аяқталады.
Аускультацияда плевраның үйкеліс шуы естіледі. Шу крепитацияға тән нәзік немесе аязда болатын қардың сықырына ұқсас қатты болады. Плевраның үйкеліс шуы демалудың екі фазасында да естіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |