Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет230/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ДиагностикасыДиагностикасының негізгі шарттарына Рейно-Лериш синдромы, склеродермиялық тері бұзылысы, тырнақ фалангаларының остеолизі, остеопороз бен кальциноз (Тибьерж-Вейссенбах синдромы), буын-бұлшықет синдромы контрактурасы, базалдықпневмосклероз, үлкен ошақты кардиосклероз, асөорытуағзаларынаңсклеродермиялық бұзылыстары(өңеш), нағыз склеродермиялық бүйрек жатады.
Бұлшықетке, бүйрекке және теріге морфологиялық биоптатпен зерттеу қажет. Осы аурудың диагнозының ерекшелігіне қарамастан стадияларын көрсету керек олар:
I -бастапқы
II- ашық күйі
III –терминальды (мұнда көбінесе ағзалар мен тіндердефиброзды- склерозды өзгерістер көреміз)
Емі: 
Негізгі ем микроциркуляцияны жақсартатын дәрілерді қолданады:

  • Вазодилятаторлар (эуфеллин,папверин,компламин т.б.)

  • А,В,Е витаминдері

  • Гепарин жағым майы, димексид

  • Рейно синдромы байқалғанда антиагреганттар (курантил,аспирин т.б)

 Қабынуға қарсы және иммундық супрессивті әсерлерге:

  • Салицилаттар

  • Индометацин

  • Аминохинолин қатары
    ЖС-ның созылыңқы және жедел ағымы, айқын иммундық ығысуларымен білінген белсенді кезеңінде:
    Rp: tab.Prednisoloni 0.005

1-3 айға тәулігіне 0,5-105 мг/кг тағайындалады.Егер ауру бұл емнен басыла қоймаса, цитостатиктерді қосып береді (азатиоприн 1-3 мг/кг немесе лейкеран тәулігіне 0,1-0,2 м/кг есебінен 2-3 айға)
Склеродермияны емдеуде Д-пеницилламин (купренил) қолданылады. Унитол да коллаген алмасуын жақсартады. Ұзақ мерзім бойы, тәулігіне 10-15мг/кг-нан 50-150 мг/кг дейінгі мөлшерде берілген купренил еритін коллаген деңгейін жоғарлатып, осы арқылы терінің индуративті өзгерістерін және тамыр бұзылыстарын азайтады.
ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІ АУРУЫ


Жүйелі қызыл жегі (системная красная волчанка немесе СКВ)– иммундық реттелудің гендік кемістігінен дамитын, өз тіндеріне қарсы антиденелердің тоқтаусыз түзілуі арқылы аутоиммунды және иммунокомплексті қабынумен жүретін созылмалы полисиндромды ауру.
Этиологиясы
Ауру нақты себебі анық емес. Бірақ пайда болуында келесідей тұжырымдар бар:

  • Құрамында РНҚ бар қызылша, қызамық, парагрипп, ДНҚ бар жай герпес, Эпштейн-Баррвирустарына аурудың қанында қарсыденелер табылуы олардың этиологиялық әсеріне меңзейді.

  • Тікелей емес әсері болса да, бастаушы фактор ретінде ұзақ инсоляция, суыққа тоңу, радиация, психикалық немесе физикалық травмалар.

  • кейбір дәрілер – антибиотиктер, сульфаниламидтер, тырысу мен гипертензияға қарсы заттар, вакцина мен гамма-глобулиндер.

  • баланың жасөспірім кезіндегі гормоналдық және иммундық өзгерістер әлсіз әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет