Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет233/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Жүйелі қызыл жегі емі
1.Жалпы ұсыныстар: психоэмоционалдықстрестерді, инсоляция, қосымша инфекцияларды белсенді емдеу, қажет болса вакцинация, тамақта май және полиқанықпаған май қышқылдарын, кальций мен Д витаминін көп қолдану
2. Дәрілік терапия:

  • Қабынуға қарсы стеридты емес препараттар (ҚҚСЕП)

  • Аминохинолинді препараттар

  • Глюкокортикоидтар

  • Цитостатикалық препараттар

3. Экстракорпоралды әдістер:плазмаферез, лимфаферез, иммуносорбция
Аминохинолинді препараттар. Тері, буын, конституционалдық бұзылыстар кезінде өте әсерлі және өршулердің алдын алуға мүмкіндік береді, сонымен антигиперлипидемиялық әсер етіп тромбоздық асқынуларды жоққа шығарады

  • Хлорохин: 0,25-0,5 г/тәул 10-14 күн, ары қарай 0,25 г/тәул бірнеше ай бойы жалғастыру

  • Гидроксихлорохин: 3-4 ай 400 мг/тәул, ары қарай 200 мг/тәул. Ең ауыр жанама әсері – ретинопатия

  • Плаквинил: 0,2 г х 4-5 раз/күніне ұзақ уақыт бойы несеп синдромын бақылап отыру қажет

Цитостатикалық препараттар:

  1. Азатиоприн және циклофосфамид ішке орташа доза 2-2,5 мг/кг/тәулпреднизолонның аздаған не орташа дозасымен бірге қабылдау;

  2. Азатиоприн ішке және көктамырға циклофосфан

  3. Циклофосфан көктамырға (1000 мг/айына алғашқы ½ жылда, ары қарай 1000 мг әрбір 3 айда 1,5 жыл бойы) преднизолонның аз дозасының фонында люпус-нефритте және ОНЖ зақымдануында қолданылады

  4. Метотрексат 10 мг және 20 мгдексаметазонды жұлын каналына 2-7 апта бойы ОНЖ ауыр зақымданулары бар науқастарда қолданылады.

Плазмаферез, гемодиализ:

  • Қаннан қабыну медиаторларын, ЦИК, криопреципитиндерді, әртүрлі антиденелерден тазартуға, мононуклеар жүйесін тазартуға, эндогенді фагоцитозды стимуляциялау;

  • Кортикостероидтар мен цитостатиктердің емімен бірге жүргізіледі;

  • Плазмаферезцитопенияда, криоглобулинемияда, васкулитте және ОНЖ зақымдалуында, тромболиздіктромбоцитопениялықпурпурада әсері мол;

  • ГемодиализдіСозылмалы бүйерк жетіспеушілігі (СБЖ) қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет