Қан түзу ағзалары бұзылысы мен шеткі қан өзгерістері жиі болады. Лейкопения, эритроцитопения, аутоиммундық гемолитикалық анемия, тромбоцитопения дамуы ықтимал.
Асқазан – ішек жолдарындаабдоминальды синдроммен жүреді. Іш қуысында гемморагиялар, кейде инфаркт, некроз дамиды. Кейде прегеппатит, периспленит,панкреатит белгісінен іш ауруы болуы мүмкін.
ЖҚЖ патологиялық процесс белсенділігінің клиникалық және лабораторлық
сипаттамасы
Жүйелі қызыл жегінің диагностикасы және диагноз қою
Диагноз қоюға дерматиттің болуы, дистрофия дамуы, дене қызуының себепсіз жоғарлауы, артропатия, лейкопения, анемия, ЭТЖ жоғарылауы, айқын гипергаммаглобулинемиямен көрінеді. Қосымша лимфоденопатия, серозиттер, нефрит, эндокардит, пневмонит даму тән. Сонымен қатар ең негізгі диагнозға көмектесетін ол өзіне тән критерийлер болып табылады.
ЖҚЖ-ні дәрілік ЖҚЖ-ден ажырата білу керек. Ол үшін ең алдымен дұрыс анамнез жинау маңызды рөл атқарады.
Жүйелі қызыл жегінің диагностикалық критерийлері:
Беттегі “көбелек” тәріздес эритема. Бекіген эритема (жалпақ, көтерілген), мұрын-ерін үшбұрышына тарауы мүмкін
Терідегі әр-түрлі өзгерістер (Эритематозды-кератозды дақтар)
Фотосенсибилизация – күн сәулесінен болған терінің патологиялық қызарулары.
Ауыздағы, мұрын ішіндегі ойық жаралар. Ауырсынусыз жаралар, кейде мұрын-жұтқыншақта болуы (дәрігер тіркеуі қажет)
Артрит эрозиясыз – шеткі 1-2 буынның қабынуы (буын ішіндегі шеміршек зақымданбайды). Эрозиялық емес 2 не одан көп перифериялық буындар, ауырсынумен, ісінумен көрінеді
Серозит – плеврит немесе кардит. Плеврит: плевралдік ауырсынулар, плевра үйкеліс шуы не плеврада сұйық жиналуы; перикардит ЭХО КГ-да табылған
Бүйректегі өзгерістер – протеинурия, цилиндрурия т.б. Тұрақты протеинурия 0,5г/т не циллиндрлер (эритроцитарлық, каналдық, гранулярлық, аралас), гематурия
ОЖЖ – дегі өзгерістер. Тырысулы ес жоғалтулар не психоздар. Тырысулар – ешқандай дәрі қабылдамағанда не метаболизмдік өзгерістер болмағанда (уремия, кетоацидоз, электролитті дисбаланс); психоз
Қан өзгерістері – гемолитикалық анемия, лейкопения, тромбоцитопения. Лейкопения, лимфопения 2 рет тіркелген; тромбоцитопения, дәріге қатыссыз
Иммунологиялық өзгерістер – Вассерман реакциясы оң, анти-ДНК тесті оң. Анти-ДНК: нативті ДНК антиденелер титрі жоғарлауы; анти-Sm: антиядролық Sm-Ar; антифосфолипидті АД, сарысулықIgG не IgМ артуы, кардиолипинге АД артуы; жегілік коагулянт; 6 ай бойы мерезді толық теріс шығарған кездемес жалған оң Вассерман реакциясы
Антинуклеарлықантиденелер - иммунофлюорнсценция тестінде антиядролық антиденелер титрінің жоғарылауы.
4 критерийдің болуы ЖҚЖ диагнозын нақтылайды.
4-ден аз болса ЖҚЖ жоққа шығарылмайды
Тізбектегі критерийлерден басқа жас, әйел жынысы, шаш түсуі де маңызға ие
Достарыңызбен бөлісу: |